Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет13/30
Дата21.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#181854
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30
Байланысты:
annotation210703

Негізгі әдебиеттер:
1.Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас негіздері. Алматы: Print-S, 2005.
2 Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Астана: Елорда, 2001.
Қосымша әдебиеттер:
1.Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілі стилистикасы. – Алматы: Ғылым, 1966.
2. Сыздық Р. Абай және қазақ ұлттық әдеби тілі. –Алматы: Арыс,2004.


8-семинар жұмысы
Тақырып. Шешендік сұрақтарға, риторикалық сұрақтарға көркем әдебиеттерден мәтіндер жазып келу.

1-тапсырма


Төмендегі сұрақтарға жазба түрде жауап беріңіз.
1. Шешендік сөздер дегеніміз не?
2. Шешендік сөздер мен шешендік сұрақтардың өзгешелігі мен ұқсастығы қандай?
3. Риторикалық сұрақтар дегеніміз не?
4. Шешендік сөздердің түрлері қандай?
5. Шешендік арнау мен шешендік толғаудың өзгешелігін мысалдармен көрсетіп беріңіз?

2-тапсырма


Шешендік сөздерден Төле би, Әйтеке, Досбол, Саққулақ, Бегеш, Бөлтірік, Қаз дауысты Қазыбек би т.б. сөздерін жинап, мәтіндерін сөйлеп беру.

Үлгі: Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқан сөзі:


Сен бір өскен шынарсың,
Шағың жетсе сынарсың
Мен қалың ну тоғаймын
Табылуға оңаймын.
Бұл дегені: «Сен қанша мәртебелі қол жетпес болғаныңмен жалғызсың, мен көппін, көптің ортасындамын», - дегені.
Төле би
Шешендіктен не пайда,
Артында сөзі қалмаса?
Батырлықтан не пайда,
Халқына қайран қылмаса?
Хандықтан не пайда,
Қарашасын жалмаса?
Қазыбек би
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Туып-өскен елің қымбат.
Әйтеке би
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін,
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін!

3-тапсырма


Риторикалық сұрақтарға өлеңдерден мысалдар жинап, жатқа айту.

Не жаман
Ойлансаңыз жігіттер


Әуел бұрын не жаман?
Қайғысы қатты жау жаман
Ұят күшті өлімнен
Ерге намыс – ар жаман.
Екіншіден не жаман
Қайғылы көңіл шер жаман
Арам бейнет ер жаман.
Жыртылған жаға, жең жаман.
Үшіншіден не жаман.
Үлгісіз пішкен тон жаман.
Кесе болып көлденең,
Аяққа түскен тор жаман.
Төртіншіден не жаман.
Керекті нәрсе жоқ жаман.
Бесіншіден не жаман.
Белбеусіз болса бел жаман.
Кері кеткен іс жаман.
Алтыншыдан не жаман
Денің аман-сау болмай,
Үзілмеген кесел-дәрт
Дүниедегі ең жаман
Жетіншіден не жаман
Жүрейін десе жүре алмай
Тұрайын десе тұра алмай
Бұл өліммен тең жаман
Сегізіншіден не жаман
Серке санды ат мініп
Сергелдең болған ер жаман.
Тоғызыншыдан не жаман
Тоқсанға келген қарт бабаң
Еңкейіп орақ ора алмай
Тоңқайып масақ тере алмай
Істен қалса дүниеде
Бұдан жаман болмаған.
Оныншыдан не жаман
Әуелеп ұшқан құр жаман
Жылқы ішінде сұр жаман …
Біраз – ғана сөйледік,
Насихат тыңдар ер болса,
Ғибрат ұғып алғандай.
4-тапсырма
Абай жолынан Абайдың шешендік сөздерін жинаңыздар.

Үлгі: 1. Жазықсыз жүйрік қарттың сөзін тыңдап отырғанда, қатар жарысқан бір жол өлең оралады. Ырғақты бір сөйлемді осы жерде тауып, ішінен көп қайталайды. Ар ұялар іс қылмас ақыл зерек (I кітап, 375 б).


2. Әділет соны тілесе, атаңның да болса айыбын айт. Ең әуелі айыпкер деп мен ең алдымен кешегі өткен өз әкем Құнанбайды айтамын (II кітап, 273 б).
3. Биік мансап – биік жартас оның басына, екпіндеп ұшып қыран да шығады, ерінбей еңбектеп жылан да шығады. Міне осының қайсысы болдың, осы отырғандар? (I кітап, 384 б).
4. Қолында құралы бар жалғыз-жарымға ғана пайдасы тиетін шыңыраудағы су болғанша, құралды, құралсыз кәрі жасқа түгел пайдасы тиетін жайдақ су болғанды артық санаймын (I кітап, 406 б).

5-тапсырма


Қалаған шешендік сөзі мен риторикалық өлең жаттап тапсырманы орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет