Стилистика бойынша лабораториялы3 ж7мыстар



бет22/30
Дата21.09.2023
өлшемі0,6 Mb.
#181854
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
annotation210703

Эллипсис (грек. ellipsis – түсіп қалу, түсірілу) – тілдік единицаның түсіп қалуы, синтаксистік конструкцияның құрылымдылық жағынан толымсыздығы.
Эпентезе (грек. epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комбинаторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес, қосымша бір дыбыстың пайда болуы. Э. Кірме сөздерді қабылдағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болады. Э. Көбінесе нормаға түспеген ауызекі тілде жиі айтылады.
Құрылымдық стилистика - контекстен тыс түрде тілдің стилистикалық қорын зерттейтін сала.
Функционалды немесе қолданымдық стилистика – тілдің әртүрлі қарым-қатынас саласында қолдану заңдылықтары туралы ілім.
Практикалық стилистика – стилистикалық тілдік мәдениетті қалыптастырады.
Көркем әдебиет стилистикасы – көркем шығармада өнер тудырушы, өнер құбылысы ретіндегі қолданысын, яғни көркем шығармадағы өмірін зерттейді.
Стиль - стилистика ғылымының ең басты категориясы. Сөйлеудің сапалылығы, экспрессивтілігі, белгілі бір сөйлеу жағдайы мен түріне, қатынас жасау мақсатына сай келетін бейнелеу құралдарын пайдалануы дегенді білдіреді.
Стилистикалық мағына – тілдік тұлға-бірліктің мағыналық құрылымындағы лексикалық, заттық, грамматикалық мағыналарынан тысқары қосымша белгісі.
Стиль тезі – көркем шығарманың тілдік материалдарын белгілі бір ортаға немесе тарихи кезеңге, әдебиеттің белгілі бір бағытына, жанрына т.б. қарай үйлестіріп, таңдап қолдану.
Ғылыми стиль – стилистикалық бояуы бірыңғай сипатқа ие. Олар негізінен жазба тілге тән сөздер, морфологиялық тұлғалар, синтаксистік құрылымдар болып келеді.
Ресми іс қағаздар стилі – стильдік бояуы жағынан ғылыми стильге жақын, алайда оған қарағанда біртектес және синтаксисі бірқалыпты болып келеді.
Ауызекі-тұрмыстық сөйлеу стилі – қарапайым сөздер, эмоциялық бояуға ие сөздер. Толымсыз сөйлемдер, аяқталмаған сөйлемдер көп қолданылады.
Көркем сөз стилі – функционалды стильдердің ішінде ерекше орын алады. Тілдік құралдардың стилистикалық бояуы өте кең, бай және әр түрлі болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет