«Стилистика және тіл мәдениеті»


Теледидардың музыка және дыбыстық тілі



бет35/45
Дата07.02.2022
өлшемі162,08 Kb.
#95448
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін

Теледидардың музыка және дыбыстық тілі
Әуен-саздарды ақпарат беретін тіл етіп пайдалану тәсілдері бар.
Бұл жерде музыканы тақырыптық мағынасы бойынша да, мағынасынан басқада мәлімет беретіндей етіп қолдану әдістері талданады. Осы мақсатқа жету үшін, ең алдымен музыкалық шығарманың тақырыбына орай сазы, ырғағы, екпіні болатыны ұғындырылады. Көпшілікке белгілі күй әуендерін талдай отырып, музыка тілін нобайлап болса да түсінуге тырысамыз. Мысалы, Құрманғазының «Кішкентай», Динаның «Он алтыншы жыл», Тәттімбеттің "Саржайлау" күйлері сияқты, Т.Момбековтің «Ерке сылқымы», С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» сияқты сыршыл да сазды музыкалық туындыларды тыңдай отырып, студенттердің оны танып, талдауына мүмкіндік жасалады.
Кейінгі кездегі ұлттық аспаптық ансамбльдердің ұлттық аспап пен оркестордың жаңаша үндестігі, домбыра мен скрипканың, қобыз бен камералық не симфониялық оркестрлердің астасуынан туындаған әсем де, сырлы саздарды радиотілге қолданудың тиімділігі айтылады.
Кейбір хабарлар тақырыбы мен дыбыстар мақсатына карай, музыканың өзі және табиғи дыбыстардың белгілі бір драматургиялық фраза ретінде қызмет атқаратыны өз алдына бір сабаққа арқау болады. Мұнда телесюжеттер немесе телефильм үзінділері көрсетіледі және талданады.
Бұл сабақта теледидар кухнясында осы музыкамен жұмыс істеу қалай жүзеге асырылатыны айтылады. Дыбыс режиссері, дыбыспен безендірушінің (звукоформитель) жұмыстарымен таныстыра отырып, осы шығармашы тұлғалардың шеберлік сырлары ашылады.
Бұл кезде студенттерге белгілі бір тақырып беріледі де соны кім қалай телехабар етіп жасайтыны талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет