«Стилистика және тіл мәдениеті»



бет33/45
Дата07.02.2022
өлшемі162,08 Kb.
#95448
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45
Байланысты:
8dcc0c3a-6cfc-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Тіл мәдениеті мәтін

Телехабардың сөз тілі
Теледидардың негізгі тілі – сөз деуге келіспеске болмайды, - дейді теоретик-режиссер М.Е.Голдовская өзінің «Көрініс пен сөздің арамөлшері» деген мақаласында. Осы сияқты А.Я.Юровский, Р.А.Борецкий, С.А.Муратов жазған «Телевизионная мозайка» кітабындағы еңбектерден экранда сөйлеу мен кейіпкерлерді сөйлету турасында құнды пікірлер бар.
Кадрде сөйлеу. Мұнда диктордың, шолушының, коментатордың, хабар жүргізушісінін сөйлеу шеберліктері талданады, сарапталады. Бұл орайда телефильм тусіруші кинорежиссер Д.Луньковтың «Наедине с современником» деген еңбегі, профессор М.К.Барманқұловтың «ақпарат және тіл», «Фильм –диолог» еңбектеріндегі синхронды түсірілімдер мен кадрде сөйлеудің әдіс-тәсілдері тілге тиек етіледі.
Телехабарды жасауда сөйлеу тілі мен экран тілін монтаждау турасында біршама тәжірибеден түйінделген тәсілдер бар. Кадрде сөйлеу мен кадрден тыс сөйлеуді қабыстырудың да өз заңдылықтары бар. Сөйлеу тілі мен музыка және дыбысты үйлестіру тәсілдері турасында айтылады.
Мысалы, телехабарда сөйлеудің өзін өысөа бірақ мән мағынасын бай етуге болады. Ол үшін, образды сөз, мақал-мәтел, өлеңдер, классик жазушыларымыздың ел арасына түгел тараған ойлы да ұтымды тіркестерін телесөзге енгізу керек.
Образды сөз, мақал-мәтелдерді орынды қолдану шарт. Бұл көбіне сөз ұйқастыру, үнді дыбыстарды үйлестіру үшін шұбата сөйлеудің нәтижесінде орын алады. Сондықтан сирек қолданылатын мәні бай, айтылуы әдемі сөздерді жинап, олардың мәнін үйрену қажет.
Теле-мәтінге қойылатын үш талап турасында айтылып, тәжірибеде пысықталады. Олар: ұғымды сөйлеу; ақпаратты сөйлеу; көркем де ұтымды сөйлеу.
Қазақ тілі мен әдебиетіне жүгінеміз. Оның ішінде тіл байлығын жетілдірудің жолдарын қарастырған ғалымдарымыздың тұжырымдарын басшылықка аламыз. Осы айтылғандарға қол жеткізу үшін мақал-мәтел, қанатты сөз, сәтті тіркестер талданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет