ОҚО
Шардара ауданы
Сүткент ауылы
Т.Тәжібаев атындағы жалпы орта мектебі
Сыныбы: 7 «А»
Пән мұғалімі: Кәрібаева Света Нұршатайқызы
Тақырыбы: Етістіктің шақтары туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістіктің түрленуі туралы мәлімет беру, етістіктің шақ категориясын ажырата білуге үйрету, шақ түрлерінің бір – бірінен айырмашылығын таныту. Берілген сұрақтарға толық, анық, нақты жауап беру. Оқушыларға білімді жетік меңгеру үшін әр түрлі тапсырмалар беру.
Тәрбиелік: Ұлттық салт – дәстүрді қадірлей білуге, жан – жақты дамуға адамгершілікке, ізгілікке, ақындар салған жолмен түруге үйрету, табиғатты сүюге баулу, патриоттық тәрбие беру, бірлікке баулу.
Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау, машықтарын қалыптастыру. Сөздік қорын ьіл байлығын дамыту. Талдау және салыстыра білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топ аралық, ойын түрлері.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ
Сабақтың көрнекілігі:Талдау үлгілері, слайд
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, қағаз қаламдарын түгендеу, оқушыларды дайындау.
СЛАЙД №1
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз «керуен» түрінде жүргізіледі. «Керуен» сөзін естігендерің бар ма?
1 оқушы: Керуен – алыс жерге жүк тасу немесе сауда жасап қайтуға арналған көлік тізбегі.
Мұғалім: Қандай керуен жолын білесіңдер?
2 оқушы: «Ұлы Жібек жолы».
Мұғалім: «Ұлы Жібек жолы» дегеніміз қандай жол?
3 оқушы: Орта ғасырларда Шығыс пен Батысты байланыстырған, Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияның қақ жарып өткен керуен жолының жүйесі. Ол Орта Ази мен Қазақстан териториялары арқылы өтті.
Мұғалім: Керуен сөзі қазір қолданыла ма?
-Иә қолданылады, дүкендер және газет аты
ІІ. Үй жұмысын тексеру. «Өз елім»
1 тур. «Өз елім» біздің керуеніміз өз елінен шығып бара жатыр. Ол үшін «Кім көп біледі» ойыны ойналады.
СЛАЙД №2 Сұрақтар
3 топ оқушыларына 3 карточка тасталады.(тақтада сұрақтар шығады)
1. Есімдіктер дегеніміз не?
2. Есімдіктердің түрлері?
3. Жіктеу есімдіктерінің түрленуі.
4.Жіктеу есімдігін септе.
5. Жіктеу есімдігінің жіктелу үлгісі.
6.Сілтей есімдігінің түрленуі.
7. Сілтей есімдігінің тәуелдену үлгісі
8. Сілтей есімдігінің септелу үлгісі
9. Сұрай есімдігінің септелуі
10. Сұрай есімдігінің тәуелденуі
11. Сұрау есімдігінің септелуі.
12. Сұрай есімдігінің жіктелуі.
13.Өздік есімдігі дегеніміз не?
14. Белгісіздік есімдік дегеніміз не?
15. Есімдіктердің сөйлемдегі қызметі.
І топ
ІІ топ ІІІ топ
Слайд №3
ІІІ.Өткен сабақты қорыту және пысықтау мақсатында үй жұмысына мәтін құрастыру, есімдігі бар сөздер.
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
«Менің туым»
|
«Менің әнұраным»
|
«Менің Елтаңбам»
|
Топ балаларынан сұралынады (есімдіктр табылады)
Балалр, біз үй жұмысында өткен сабақ есімдіктер туралы білімдерімізді жинақтап, толықтырдық. Ендеше әрі қарай сабағымызды жалғастырамыз. Бүгін біз сабағымызда жаңа тақырып Етістіктің шақтары туралы өтеміз. Ендеше дәптермізіді ашайық, бүгінгі күнді, тақырыпты жазамыз.
Бүгінгі жаңа тақырыбымыздың тақырыбы: «Етістік»
Ендеше есімізге түсіре қойайық «Етістік» дегеніміз не ?
ІІІ Жаңа сабақ. Слайдта етістік схемасы көрсетіледі.
Мұғалімнің көмегімен балалар етістіктен өткендерін қайталайды.
Етістік дегеніміз не? Сабақты етістік
Дара етістік- Болымды –
Күрделі етістік - Болымсыз-
Негізгі етістік - Есімше –
Туынды етістік - Көсемше –
Салт етістік - Тұйық етістік –
Балалр мысал келтіреді, естеріндегін айтады.
Ал, ендеше бүгін біз сабағымызда «Етістіктің шақтарын» өтеміз. Етістіктің шақтарын өтпес бұрын балалар , «шақ» деген сөздің мағынасы қандай? Мысал келтірейік, сөз тіркесін жасайық
Балалық шақ, жастық шақ, кәрілік шақ.
«Шақ» дегеніміз – мезгіл, кезең,
Бақытты балалық шақ
Шақ – іс – әрекетті, қимылды білдіреді.
Өріктің сүйегін шақ.
СЛАЙД №4
Қазақ тілінде етістік сөз табының шақтары бар екен. Енді тақтаға назар аударайық, суреттерде не бейнеленген?
Слайдта суреттер көрсетіледі:
1 – іс әрекет сөйлеп тұрған кезде болып жатыр
2- іс әрекет сөйлеп тұрған сәттен бұрын болып кеткен.
3- іс әрекет болған жоқ кейін болады.
Мән, сөйлеп тұрған сәттегі қимыл іс әрекет бір мезгілде өтпейді екен. Сондықтан сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру қалай аталады екен?
Балалрдың жауабы:
Етістіктің шағы
Дұрыс ендеше бәріміз дәптерге жазайық:
Етістіктің шағы және ережесі шығады
Сөйлеп тұрған сәтіке байланысты қимылдың өту кезеңін білдіру етістіктің шағы деп аталады.
Мысалы: Сондай кезде Көксерекке ылғ жау иттер кездеседі.
Етістіктің шақтары есімше, көсемше тұлғалы етістік түбіріне –ды,-ді,-ты, - ті және –мақ, - мек, - бақ, -бек, - пақ, - пек жұрнақтардың жалғануы арқылы жасалады.
Етістіктің неше шағы бар екен:
Етістіктің шақтары /схема/
3 шағы
Осы шақ – сол сәтте болып жатқан қимыл
Келер шақ – әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимыл
Өткен шақ – сөйлеп тұрған сәттен бқрын болып өткен қимыл
Балалр бүгін біз жаңа сабағымызда етістіктің шағы дегеніміз не және оның түрлерін өттік. Біздің өміріміз күнделікті қимылдан тұрады, сол қимылдың барлығы етістіктің шағына жатады екен.
СЛАЙД №5 «Тапқырлар қалашығы»
2 тур жаттығу жұмыстарын орындау
Біздің керуеніміз, балар әрі қарай жылжуда. Біз сонымен «Тапқырлар қалашығындам
Оқулықтан 122- жаттығу орындалады. Берілгені оқылады.
3 топтың оқушылары 2 шумақтан мәнерлеп оқиды.
Ақын табиғаттың қандай әсемдігін суреттейді? Өлеңде қандай құстар суреттеледі
Балалрдың жауабы: қызғыш, шағала, қаз, сұқсыр, қасқалдақ, кегер, үйрек, баспалдақ, аққу
Өлеңнің авторы кім?
Сәкен Сейфуллин .
Сәкен Сейфуллин кім? Қане әдебиет папкаларыңды ашыңдар, туған жылы, қай жерде дүниеге келді. Қандай өлеңдері бар.
Жақсы балалар енді жаттығу жұмысын орындайық. Дәптерімізді ашамыз, жаттығу жұмысын орындаймыз.
1 топ 2 шумағы
|
2 топ 2 шумағы
|
3 топ 2 шумағы
|
Көріп
Билеп
Ойнайды
Теріп
Сүңгіп
Бойлайды
Қорып
Жағалап
Сызғыш
Төңкеріліп
Сабалап
|
Қалықтайды
Қақсап
Жырлап
Зарлайды
Жалықпайды
Барлайды
Төңкеріліп
Шаңқылдайды
Жылап, күліп
Жарқылдайды
Жағалап
|
Күйелейді
Салып, билейді
Іздеді
|
Қай топ бірінші болады солар оқиды етістіктің шағының түрін ажыратады. /топ балаларды тез оқып шығады/
СЛАЙД №6 «Дарындылар шахары»
4 тур Енді балалар біздің керуеніміз «Дарындылар шахарына» келді. Әр топқа мақал – мәтелдерді жалғастырып, сол бойынша етістіктің шақтарын ажырат.
СЛАЙД №7
1 топ
|
2 топ
|
3 топ
|
1. Не ексең, соны орасың
2. Еңбек етсең ернбей
Тояды қарның тіленбей
3. Іздеген мұратына жетер
Жалқаудың өмірі босқа өтер
|
1. Ақыл көпке жеткізер
Өнер көкке жеткізер
2. Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар
3. Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады
|
1.Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
2. Ұрыс ырысты қашырар
Ынтымақ халықты асырар
3. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
|
Мақалдардың мәні ашылады, әр топтан кезекпен кезек сұралынады.
Қортынды: Әр топ тексеріліп бағаланды (смайликпен бағаланды)
Кері байланыс: Рефлексия
-не ұнады?
-не білдім?
-не білгім келеді?
Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |