БАС ҚАҢҚАСЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ Іштен туған деформациялар:
I. Тератогенді факторлар әсерінен болған, жырық, әр түрлі дискраниялар, краниостеноздар, 1—2 желбезек доғасы синдромдары, жақ дисплазиясы, іштей туған жарақаттар. 2. Дәлелденген хромосомды аурулар.
II. Жүре пайда болған деформациялар.
1. Эндокринді және зат алмасу; 2. Қызмет атқару бұзылуы әсерінен; 3. Жарақаттан кейінгі; 4. Қабыну және инфекциялық агенттердің әсерінен; 5. Сәулелендіру салдарынан.
Орналасуына қарай:
1. Тіс альвеолдық; 2. Гнатикалық; 3. Жалпы бас қаңқалық.
Қалыптан ауытқуы үлкендігіне, пішініне және жақтың жағдайына, олардың бір-біріне қарым-қатынасына байланысты болуы мүмкін. Осыған орай бет қаңқасының деформациясын 5 түрге бөледі:
1. Макрогнатия немесе гиперплазия (ВОЗ/ДДҰ) жіктемесі бойынша (IX қайта қаралуы 1975) —жоғарғы, төменгі жақтың (барлық немесе кейбір бөлшектерінің) мөлшерінің ұлғаюы.
2. Микрогнатия немесе гипоплазия — жоғарғы, төменгі жақ мөлшерінің (барлық немесе кейбір бөлшектерінің) кішіреюі.
3. Жоғарғы (төменгі) жақтың немесе кейбір бөлігінің пішінінің өзгеруі.
4. Бас қаңқасының негізіне қарағанда жақ сүйектерінің дұрыс орналаспауы — сагиттальды, вертикальды немесе трансверсальды бағытта ауытқуы.
5. Жақ деформацияларының бірігуі (сочетание).
Жақ деформациясы бар науқастарды тексерудің негізгі әдістері. 1. Субьективті әдістер — шағымы, ауру анамнезі, өмір анамнезі.
2. Объективті — науқасты жалпы қараудан басталады. Науқастың физикалық дамуы, жасына сәйкестігі, дене бітімі, толықтығы, аяқ-қолдың ерекшелігі, көкірек клеткасы, мойын, бас, сымбаты (осанка) омыртқа қисыты (бар-жоғы) т. б. назар аударылады. Кей жағдайда көрсеткіштеріне қарай дене салмағын, бойын, көкірек колемін тексереді. Кейін пациенттің басы мен бетін қарайды. Ми мен бет қаңқасы молшерінің арақатынасын, симметриялығы, бет әлпеті конфигурация ерекшелігі, беттің жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерінің пропорционалдығы тексеріледі. Бет қаңқасы сәйкессіздігін анықтау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізіледі:
1) Бет доғасының диаметрі — бет доғасының шмғыңқы нүктесінің аралығы.
2) Орбиталды аралық — коз қарашыты аралығы
3) Төменгі жақ диаметрі — төменгі жақ бұрышының аралығы.
4) Мүрын биіктігі мен ені — мұрын қанатшаларының аралығы, тері нүктелері nasion және gnation қиығының ұзындық аралығы.
5) Беттің nasion және gnation морфологиялық биіктігі.
6) Төменгі жақтың денесі мен бүтағының мөлшері, бұрышы. 3. Арнайы тәсілдерге: жақтың диагностикалық моделдерін оқу, және графикалық, рентгенологиялық, краниометриялық және функционалдық әдістер жатады. Жақтың гипс мүсінінде тіс қатарының пішінін, оң және сол жағының симметриялығын, тіс қатарының ені мен ұзындығын, оның жекелеген бөліктерінің қатынасын, жеке тістер мен топтардың медиальды және дистальды жылжуын, таңдай тереңдігін оқып үйренуге болады.
Деформациясы бар науқастарды тексергенде графикалық әдістер кең қолданылады: бет суреті, жақтың гнатостатикалық мүсіні, булар трансверсальды, вертикальды деформацияларын анықтауға көмектеседі.
Емдегенге дейін және емделген соң суреттерін салыстырады.
Рентген әдісімен зерттеу деформациясының табиғатын дәл анықтап, хирургиялық және ортодонтиялық ем әдістерінің нәтижесін көрсетеді.
Жоғарыда аталған науқастарды тексеру әдістерін басқа ортопедиялық стоматологияда қосымша функционалдық сынама қолданылады (Ильина — Моркосьян 1984), шайнау сынамасы (С. Е. Гельман, М. С. Рубинов 1951 ж.).
Төменгі жақ деформациясының клиникасы. Макрогения — иектің және төменгі тістердің қалыгпы дамыған жоғарғы жаққа қарағанда едәуір шығып туруы. 1,5%—4,28% дейін кездеседі. Біздің клиника В. А. Богацкийдің жіктеуін қолданады. Оның 3, дәрежесін ажыратады.
I. Кері фронтальды тістеу, тістер арасындағы жанасу көп немесе сагитальды саңылау 2 мм дейін. Бұрыш 135°-қа дейін кеңейген, алтыншы тістер қатынасы бұзылған, жоғарғы және төменгі жақтар сагитальды бағытта 5 мм-ге дейін, жекелеген тістердің аномалиялық орналасуымен сипатталады.
II. Сагитальды саңылау 10 мм-ге дейін және тістер және / тістер
арасындағы сагитальды арақатынас бұзылған. Төменгі жақ бұрышы 138°-қа дейін кеңейген, жоғарғы жақ тарылған.
III. Сагитальды саңылау 10 мм | арасы, 1,1 —1,8 см төменгі жақ бұрышы 145°.
Нағыз прогенияның негізгі белгілері: 1. Төменгі жақ денесінің барлық бағытта мөлшерінің үлкеюі. 2. Иектің шығып тұруы. 3. Төменгі жақ бұрышының үлкеюі. 4. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы. 5. Беттің тарылуы. 6. Беттің ортаңғы бөлігінің ойысуы және жоғарғы еріннің қысқаруы. 7. Төменгі еріннің шығып түруы. 8. Мұрын-ерін қатпарының тереңдеуі немесе тегістеліп жазылуы. 9. Фронтальды тістердің сагитальды сәйкессіздігі. 10. Алтыншы тістің алдыңғы урт будыры мен төменгі алтыншы тістің көлденең
сайының сагитальды сәйкессіздігі. 11. Алдыңғы тістердің вертикальды қатынасьшың бұзылуы, аздаған тістесу, терең тістесу, тік және артық тістесу. 12. Трансверсальды бағытта тіс доғасы мөлшерінің сәйкессіздігі. 13. Жекелеген тістердің аномалиялық және тістердің тығыз орналасуы, диастема, трема, дистопия. 14. Тіс доғасының қальшты тарылуы және кеңеюі.
Ашық тістесудің клиникасы. Ашық тістесу — жақ бұзылысы, тістер тістескен кезде окклюзиялық контакт тек бірінші молярларға дейін ғана болады. Клиникалық көрінісі вертикальды, горизонтальды бағытта анықталады.
Вертикальды мөлшерге байланысты 3 дәрежесі болады: I. 2 мм-ге дейін; II. 3-тен 5 мм; III. 5 мм-ден артық.
Ағымына қарай 3 түрі бар:
1) Барлық алдыңғы тістер мен бөлімдері артикуляцияға түспейді.
2) Алдыңғы тістер мен премолярлар артикуляцияға түспейді.
3) Тек екінші молярлар артикуляцияға түседі.
Ашық тістесудің анық турінде: ауыз ашылып, тістер аралығынан тіл көрінеді, беттің төменгі бөлігі едәуір үлкендеу. Шайнау қызметінің бұзылғанын (тістеп алу), сыртқы бет әлпеті эстетикасының бұзылғанын айтады. Сирек ауыз қүрғап, мұрынмен, ауызбен дем алады.