Стоматология


XVII тарау ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЬІ АҚАУЛАР МЕН ДЕФОРМАЦИЯЛАР



бет23/25
Дата19.04.2018
өлшемі7,78 Mb.
#40219
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

XVII тарау

ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНДАҒЬІ АҚАУЛАР МЕН ДЕФОРМАЦИЯЛАР
Бет сүйегі жарақаттары мен ауруларының ішінде ең көп кездесетіні төменгі жақ сүйегінің жарақаты мен аурулары және оның көбісі сүйек тінінің ақауымен қатар жүреді.

Ең алғаш бет-жақ аймағы хирургиясында төменгі жақтың алдыңғы бөлігіндегі атпен Zarry жазған. 1893 жылы clod Martin каучук протезін ұсынды. 1954 жылы Л. М. Обухова, сонан кейін Н. М. Михельсон 1956 жылы амелобластоманың салдарынан төменгі жақты резекциялаудан кейін пластмасс имплантантпен ақауға пластикалық операция жасады.

Бет-жақ аймағындағы қалпына келтіру хирургиясының қазіргі жетістіктері көп жағдайда консервіленген (консервированные) тіндерді пайдалануға байланысты.

Бет қаңқасының деформациясы дегеніміз — оның морфофункционалдық элементтер қатынасының және эстетикалық пропорциялардың бұзылуы, осының салдарынан бет пішінінің өзгеруі, көлемі мен бас сүйегі бөліктерінің орналасуының бузылуы (X. А. Каламкаров, А. А. Робухина, В. М. Безруков, 1981).

Жақ сүйектері дамуының бұзылуына әсер ететін факторлар туралы қазіргі түсініктер. Бас сүйектің пропорциональды қалыптасуы үшін: остеогенез процесінің барлық кезеңінің қалыпты жүруі, сүйек қатаю нүктесінен өз уақытында мезенхимальды және шеміршек тіндердің дамуын қамтамасыз ететін суйектің сыртқы қабығы, эндогенді Және механикалық әсерлердің тепе-тендігі, организмдегі зат алмасу процесі қалыпты жағдайда болуы керек. Шайнау және тіл бұлшықеттерінің қызметі, ЛОР — ағзалар, тістердің уақытында шығуы да үлкен рөл атқарады. Осы факторлардың бәрі бірігіп бас сүйегінің гармониялық дамуына әсер етеді, бүл өз кезегінде адамдардың нәсілі, ұлты, семьялық және өз басының ерекшеліктерінің белгілі бір қалыптан өте ауытқымай қалыптасуына әсер етеді.

Деформацияға әсер ететіндер:

1. Остеогенез бен дифференцияланудың, соның ішінде генетикалық түрінің де, туғаннан бұзылуы;

2. Эндогенді және зат алмасуының бұзылуы;

3. Тұқым қуалаған және жүре пайда болған факторлар;

4. Өсу аймағының арулары мен жарақаттары;

5. Қаңқаның жекелеген бөлшектерінің өсу не өспей қалуына себепші жағдайлар.

6. Бет қаңқасының жарақаты.

Бет қаңқасының деформациялануына туғаннан кейінгі жалпы және жергілікті факторлар әсері, жасанды тамақтандыру, балалардың ерте жастағы аурулары, эндокринді аурулар, мүрнымен дем алуының бузылуы, жағымсыз әдеттер, баланың уйықтағанда ыңғайсыз жатуы, тіс жегісі, сүт тістері мен түрақты тістерінің болмауы, тіс сауытының біркелкі қажалмауы және сүт тістерінің ауысуы мерзімінің кешігуі, периодонтит, остеомиелит, жарақат, бет пен ауыз айналасы аймағының күюі, ауыз қуысы мен жақтағы жаңа түзілімдер үлкен әсер етеді.
БАС ҚАҢҚАСЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Іштен туған деформациялар:

I. Тератогенді факторлар әсерінен болған, жырық, әр түрлі дискраниялар, краниостеноздар, 1—2 желбезек доғасы синдромдары, жақ дисплазиясы, іштей туған жарақаттар. 2. Дәлелденген хромосомды аурулар.

II. Жүре пайда болған деформациялар.

1. Эндокринді және зат алмасу; 2. Қызмет атқару бұзылуы әсерінен; 3. Жарақаттан кейінгі; 4. Қабыну және инфекциялық агенттердің әсерінен; 5. Сәулелендіру салдарынан.

Орналасуына қарай:

1. Тіс альвеолдық; 2. Гнатикалық; 3. Жалпы бас қаңқалық.

Қалыптан ауытқуы үлкендігіне, пішініне және жақтың жағдайына, олардың бір-біріне қарым-қатынасына байланысты болуы мүмкін. Осыған орай бет қаңқасының деформациясын 5 түрге бөледі:

1. Макрогнатия немесе гиперплазия (ВОЗ/ДДҰ) жіктемесі бойынша (IX қайта қаралуы 1975) —жоғарғы, төменгі жақтың (барлық немесе кейбір бөлшектерінің) мөлшерінің ұлғаюы.

2. Микрогнатия немесе гипоплазия — жоғарғы, төменгі жақ мөлшерінің (барлық немесе кейбір бөлшектерінің) кішіреюі.

3. Жоғарғы (төменгі) жақтың немесе кейбір бөлігінің пішінінің өзгеруі.

4. Бас қаңқасының негізіне қарағанда жақ сүйектерінің дұрыс орналаспауы — сагиттальды, вертикальды немесе трансверсальды бағытта ауытқуы.

5. Жақ деформацияларының бірігуі (сочетание).

Жақ деформациясы бар науқастарды тексерудің негізгі әдістері. 1. Субьективті әдістер — шағымы, ауру анамнезі, өмір анамнезі.

2. Объективті — науқасты жалпы қараудан басталады. Науқастың физикалық дамуы, жасына сәйкестігі, дене бітімі, толықтығы, аяқ-қолдың ерекшелігі, көкірек клеткасы, мойын, бас, сымбаты (осанка) омыртқа қисыты (бар-жоғы) т. б. назар аударылады. Кей жағдайда көрсеткіштеріне қарай дене салмағын, бойын, көкірек колемін тексереді. Кейін пациенттің басы мен бетін қарайды. Ми мен бет қаңқасы молшерінің арақатынасын, симметриялығы, бет әлпеті конфигурация ерекшелігі, беттің жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерінің пропорционалдығы тексеріледі. Бет қаңқасы сәйкессіздігін анықтау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізіледі:

1) Бет доғасының диаметрі — бет доғасының шмғыңқы нүктесінің аралығы.

2) Орбиталды аралық — коз қарашыты аралығы

3) Төменгі жақ диаметрі — төменгі жақ бұрышының аралығы.

4) Мүрын биіктігі мен ені — мұрын қанатшаларының аралығы, тері нүктелері nasion және gnation қиығының ұзындық аралығы.

5) Беттің nasion және gnation морфологиялық биіктігі.

6) Төменгі жақтың денесі мен бүтағының мөлшері, бұрышы. 3. Арнайы тәсілдерге: жақтың диагностикалық моделдерін оқу, және графикалық, рентгенологиялық, краниометриялық және функционалдық әдістер жатады. Жақтың гипс мүсінінде тіс қатарының пішінін, оң және сол жағының симметриялығын, тіс қатарының ені мен ұзындығын, оның жекелеген бөліктерінің қатынасын, жеке тістер мен топтардың медиальды және дистальды жылжуын, таңдай тереңдігін оқып үйренуге болады.

Деформациясы бар науқастарды тексергенде графикалық әдістер кең қолданылады: бет суреті, жақтың гнатостатикалық мүсіні, булар трансверсальды, вертикальды деформацияларын анықтауға көмектеседі.

Емдегенге дейін және емделген соң суреттерін салыстырады.

Рентген әдісімен зерттеу деформациясының табиғатын дәл анықтап, хирургиялық және ортодонтиялық ем әдістерінің нәтижесін көрсетеді.

Жоғарыда аталған науқастарды тексеру әдістерін басқа ортопедиялық стоматологияда қосымша функционалдық сынама қолданылады (Ильина — Моркосьян 1984), шайнау сынамасы (С. Е. Гельман, М. С. Рубинов 1951 ж.).

Төменгі жақ деформациясының клиникасы. Макрогения — иектің және төменгі тістердің қалыгпы дамыған жоғарғы жаққа қарағанда едәуір шығып туруы. 1,5%—4,28% дейін кездеседі. Біздің клиника В. А. Богацкийдің жіктеуін қолданады. Оның 3, дәрежесін ажыратады.

I. Кері фронтальды тістеу, тістер арасындағы жанасу көп немесе сагитальды саңылау 2 мм дейін. Бұрыш 135°-қа дейін кеңейген, алтыншы тістер қатынасы бұзылған, жоғарғы және төменгі жақтар сагитальды бағытта 5 мм-ге дейін, жекелеген тістердің аномалиялық орналасуымен сипатталады.

II. Сагитальды саңылау 10 мм-ге дейін және тістер және / тістер

арасындағы сагитальды арақатынас бұзылған. Төменгі жақ бұрышы 138°-қа дейін кеңейген, жоғарғы жақ тарылған.

III. Сагитальды саңылау 10 мм | арасы, 1,1 —1,8 см төменгі жақ бұрышы 145°.

Нағыз прогенияның негізгі белгілері: 1. Төменгі жақ денесінің барлық бағытта мөлшерінің үлкеюі. 2. Иектің шығып тұруы. 3. Төменгі жақ бұрышының үлкеюі. 4. Беттің төменгі бөлігінің ұзаруы. 5. Беттің тарылуы. 6. Беттің ортаңғы бөлігінің ойысуы және жоғарғы еріннің қысқаруы. 7. Төменгі еріннің шығып түруы. 8. Мұрын-ерін қатпарының тереңдеуі немесе тегістеліп жазылуы. 9. Фронтальды тістердің сагитальды сәйкессіздігі. 10. Алтыншы тістің алдыңғы урт будыры мен төменгі алтыншы тістің көлденең

сайының сагитальды сәйкессіздігі. 11. Алдыңғы тістердің вертикальды қатынасьшың бұзылуы, аздаған тістесу, терең тістесу, тік және артық тістесу. 12. Трансверсальды бағытта тіс доғасы мөлшерінің сәйкессіздігі. 13. Жекелеген тістердің аномалиялық және тістердің тығыз орналасуы, диастема, трема, дистопия. 14. Тіс доғасының қальшты тарылуы және кеңеюі.

Ашық тістесудің клиникасы. Ашық тістесу — жақ бұзылысы, тістер тістескен кезде окклюзиялық контакт тек бірінші молярларға дейін ғана болады. Клиникалық көрінісі вертикальды, горизонтальды бағытта анықталады.

Вертикальды мөлшерге байланысты 3 дәрежесі болады: I. 2 мм-ге дейін; II. 3-тен 5 мм; III. 5 мм-ден артық.

Ағымына қарай 3 түрі бар:

1) Барлық алдыңғы тістер мен бөлімдері артикуляцияға түспейді.

2) Алдыңғы тістер мен премолярлар артикуляцияға түспейді.

3) Тек екінші молярлар артикуляцияға түседі.

Ашық тістесудің анық турінде: ауыз ашылып, тістер аралығынан тіл көрінеді, беттің төменгі бөлігі едәуір үлкендеу. Шайнау қызметінің бұзылғанын (тістеп алу), сыртқы бет әлпеті эстетикасының бұзылғанын айтады. Сирек ауыз қүрғап, мұрынмен, ауызбен дем алады.

Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары

Емдеудің негізгі мақсаты анатомиялық және функционалдық бұзылуларды жою. Бұдан басқа психикалық сауығуды қамтамасыз ету. Соңғы 10 жылда бет қаңқасының ақауы бар науқастарды емдеу айтарлықтай өзгерді. Емдеу жоспары мамандар тобымен қурылады: хирург, анестезиолог, реаниматолог, ортопед, ортодонт, нейрохирург.

Осыдан басқа көпшілік жағдайларда ЛОР — мамандар, невропатологтар, окулистер, логопедтер, психоневрологтар, эндикринологтар қатьістырылады.

Сондықтан деформацияларды емдеу арнайы мамандар мен керекті аппаратуралары бар мамандандырылған орталықтарда жүргізілуі керек.

Хирургиялық емдеудің негізгі қағидалары. 1. Оперативті емдеуге ең ыңғайлы жас— 16—18 жас. Н. Owergeizer (1969) атап көрсеткендей, деформация салдарынан болатын психикалық бұзылыстар жыныстық дамып жетілу кезеңінде қатты ұлғаяды. Егер де 20—28 жасқа дейін бет пішіні қалыпқа келтірілмесе, оның салдарынан болған психикалық өзгерістер тұрақты болып қалады да, тіпті операция жақсы жасалса да психикалық өзгерістер сол қалпында қалып қоюы мүмкін.

2. Оперативті емдеу тәсілін жоспарлау барлық тексеру тәсілдерінің нәтижесінде жасалуы қажет. 3. Науқасты алғаш қабылдағаннан емдеу уақыты біткенге дейін ол хирург пен ортодонттың бақылауында болуы керек.

4. Бірнеше бұзылыстар бірге жүрсе (жұмсақ тін, шеміршек, сүйек) алдымен операция қаңқаға жасалады, сонан соң қалған кемшіліктерді қаңқаға байланысты қалпына келтіреді.

5. Тіс қатарлары бұзылысын ортодонт операцияға дейін емдеуі керек.

6. Жансыздандыру — жалпы (анестезиолог пен хирург шешеді).

7. Операциядан кейін науқастың жағдайын анестезиолог, хирург, қажет болған жағдайда нейрохирург бақылайды.

8. Антибиотикпен емдеу операцияға дейін 24 сағат бұрын басталып, 7—10 тәулік бойына антистафилококкты гамма-глобулинмен қоса жүргізіледі.


Туа пайда болған деформацияларды емдеу

Бұл бұзылыстар, краниостеноздар бас қаңқасы мен бет қаңқасының диастоздарын емдеудің негізгі қағидалары беттің ортаңғы аймағының гипоплазиясын емдеуге негізделген.

Жоғарғы прогнатияны қалыпқа келтіру. Жоғарғы прогнатия терең тістесумен бірігіп келгенде (1968) Н. Коле 1-ші премолярларды екі жағынан жұлып, таңдайдың ортаңғы сызығымен медиальды тілік жасап, альвеольды өсіндінің алдыңғы бөлігіне остеотомия жүргізген. Қатты таңдайды 2 см-ге дейін бордың көмегімен тесіп, резекциялаған. Сүйек фрагменті жоғары және артқа жылжып, шырышты қабатқа тігіс салып, тістерге құрсау салу арқылы бекіткен.

Г. Н. Семенченко (1962) ашық тістесуді қалыпқа келтіру үшін фронтальды бөлікте остеотомия әдісін қолданады.

Жоғарғы бесінші тістер жұлынып, шырышты қабықта вестибуляр және таңдай жағынан тілік жасалып қиындысы сүйектен сыдырылып алынады, нәтижесінде алдыңғы фрагментте сүйек бөлігі толық жалаңаштанады. Жұлынған тістер аумағында альвеольды өсіндіні циркулярлы арамен кеседі. Тік кесілген кесіндіден жазық және 90°-пен алмурт тәрізді ойықтың төменгі қырына дейін остеотомия жүргізіледі. Сүйек фрагменті фронтальды тістермен бірге артқа жылжытылады, ал шырышты қабатқа тігіс салынады. Тістерге құрсау салу арқылы фиксацияланады. Бұл әдістің теріс жағы сүйекті толық сыдырғанда шырышты қабықтың трофикасы бұзылады. Операциядан кейін асқынып, некрозға ұшырауы мүмкін.

Жоғарғы ретрогнатия немесе микрогнатияны қалыпқа келтіру. Жоғарғы ретрогнатия туа пайда болған жарақаттан кейін жоғарғы ерін мен таңдай жырығына операция жасаған соң болуы мүмкін. Бұзылыс түріне және шығуына байланысты беттің ортаңғы аймағында ішке еніп тұрғандай болады, кейде көзасты бет-сүйек аймағы осылайша көрінеді. Жоғарғы ретрогнатияда оның даму дәрежесіне байланысты әртурлі хирургиялық әдістер қолданылады (56-сурет).



56- сурет. Семенченко бойынша жоғарғы жақ сүйегінің микрогнатиясына жасалатын операция үлгісі.

Жоғарғы микрогнатияны қалпына келтіру үшін жасалатын операция әдісін 5 топқа бөледі.

1. Горизонтальды (төменгі және жоғарғы) остеотомия, сүйек трансплантаттарын қолдану немесе қолданбай-ақ жүргізеді. Остеотомиядан кейін деструкциялық әдіс.

2. Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің фронтальды бөлігінің остеотомиясы.

3. Жоғарғы жақтың фрагменттің остеотомиясы, компакт остеотомиясымен, ортопедиялық еммен бірге.

4. Назомаксилярлы комплекс аймақтағы пирамидальды остеотомия,

5. Ортодонтиялық еммен компактостеотомия.



Төменгі прогнатияны қалпына келтіру.

Төменгі жаңтың алъве-олды өсіндісіндегі операциялар.

Американдық хирург I. Hylliren 1848 жылы тістесу ауытқуының біріккен формасы бар науқастың төменгі альвеолды өсіндісінің фронтальды аймағына екіжақты сына тәрізді резекция жасаған. Операция премолярларды симметриялы жұлумен жалғасқан. Мұндай операция алдыңғы тіс қатарының тістесуінің болмауы кезінде ғана жүзеге асырылады. Кейін 1928 жылы Е. Е. Бабицкий бүл операцияны жаңартып жүргізген, бірақ кең түрде қолданыла қоймады.



Төменгі жақ денесіндегі операциялар. Кәзіргі кезде прогнатияда 18 түрлі операция жазылған. Кейін 1898 жылы V. Р. Віаіг төменгі прогнатияда премолярлар деңгейінде жақасты жолымен екіжақты тік остеотомия жүргізген. Деформацияның дәрежесіне қарай І-ші және 2-ші молярлар жұлынған. Жақ фрагменттері сым тігіспен бекітілген. А. А. Лимберг төменгі жақта жұлынған 1 -ші моляр тұсында тік остеотомиямен бірге альвеольды өсіндіде екіжақты сына тәрізді резекция жүргізген. Бұл операция ашық тістесу кезінде қолданылады. Алдымен А. А. Лимберг қан тамыр-нерв шоғырын жарақаттамай, альвеольды өсіндіні сына тәрізді бөліп, алтыншы тіс тұсында аралап кескен. Төменгі жақ денесі төменгі жақ қырына қарай қиылысады.

Ақаудың жоғарғы аймағына жақтың иек бөлігі толығымен жанасады, Жақтың алдыңғы бөлігі жоғары және артқа жылжып, тіс қатары дурыс окклюзиялық қатынаста орнығады. Сүйек фрагменттері сым жіппен тігіледі. Иекасты таңу мен тіске құрсау салу арқылы жақаралық фиксация жүргізіледі. Жасалған операцияның кемістігі - сүйек фрагментінің жанасу алаңы тар және рецидив береді, жалған орын түзуі мүмкін.

1927 жылы А. Э. Рауэр төменгі жақ денесінде алтыншы және жетінші тістердің тұсында сүйекті алып баспалдақты остеотомия жасауды ұсынған. Операцияда қан тамыр-нерв шоғыры сақталады. Бұл әдістің артықшылығы сүйек фрагменттерінің жанасуы үлкен аумақты, сондықтан рецидивтің алдын алады.

В. А. Богацкий 1965 жылы төменгі прогнатияны жою үшін төменгі жақ денесінде қан тамыр-нерв шоғырын сақтай отырып баспалдақты остеотомия жүргізген. Тиімділігі — сүйек жарақатымен ауыз қуысының қатынасы жоқ.



Төменгі жақ аймағындағы операциялар. Owerggeizer мен dal-Ропі операциясын өзгертіп ұсынған төменгі жақтағы симптомда ретромолярлы остеотомия операциясы кең қолдану тапты. Бұл операцияда — тілік сыртқы қисық сызықпен ұзыннан шырышты қабатпен және сүйектің сыртқы қабымен, одан әрі қан тамыр — нерв шоғырын сақтай отырып жасалады. Кортикальды пластинка ажыратылады, төменгі жақ артқа жылжытылады. Тістерді дұрыс тістесуге әкеледі де құрсаумен және резина тартқышпен бекітеді. Сынықтарды сүйек жігімен біріктіреді.

Прогенияны емдеу. Прогенияны жоюдың Рудько екі әдісін ұсынған.

1. Төменгі жақ бұтағын қисық остеотомиялау.

2. Тік остеотомия — жарты ай тәрізді ойықтан жақтың бұрышына дейін. Фрагменттер екі сым жіппен бекітіледі.

Сукачев жылжымалы (сырғымалы) остеотомияны ұсынған. Мұның ерекшелігі бұтақты кесу жазықтыққа қиғаш жүргізіледі. Бұл барлық операциялар: екі жақтық құрсау салумен, жақаралық тартумен 3 7—45 күнге салынады.

Ашық тістесуді емдеу. Консервативті (ортодонтиялық), хирургиялық және аралас әдістер науқастың жасына, сипатына, дәрежесіне, деформацияның айқындылығына байланысты. Бала кезде емделмеген немесе дұрыс ем алмаған ересек адамдарды емдеуге қолданылатын хирургиялық әдістерді нақтырақ қарастырайық. Хирургиялық көмек ашық тістесудің 2—3 дәрежесіне қолданылады.

Ашық тістесудің әртүрлі деформациялармен бірігіп келуін емдеудің көптеген әдістері қазіргі уақытта белгілі.

Бұл операцияларды былайша топтастыруға болады.

1. Төменгі жақтың бұрышы мен денесіне жүргізілетін операциялар.

2. Төменгі жақтың бұтағы мен аймағындағы операциялар.

3. Жоғарғы жақтағы операциялар.

Н. Owerggeizer (1964) төменгі прогениямен біріккен ашық тістесуді төменгі жақ аймағында сагитальды жазықтықта ажырату арқылы кетірген.

Бұл операцияның маңызы былайша: Жақасты жолымен бұрыш аймағында төменгі жақтың бұрышы, денесі жалаңаштанады. Вестибуляр жағынан тік пластинканы кеуекті заттың бөлігінен 2-ші молярлар аралығында ажыратады. Сүйек фрагментін уақытша Рингер ерітіндісіне салып қояды. Жақтың бұрышы деңгейінде сына тәрізді аумағын бөліп алады. Үлкен фрагментті екіжақты остеоэктомиядан кейін жоғары және артқа жылжытылады. Остеоэктомия кезінде қан тамыр-нерв шоғыры жарақаттанбайды. Сүйек пластинкасы қойылғаннан кейін сүйек жігімен екі тесік арқылы бекітіледі.

К. hardt үсынған оперативті әдісті В. С. Дмитриева мен В. И. Арцыбушев (1967) өзгерткен. Оның негізі: бір сәттегі остеотомия және жоғарғы жақтың кіреберісі мен таңдай жағынан горизонтальды резекция жасайды, ал остеотомиялық сызығы жоғарғы жақ бүрышымен шектеліп қана қоймай, негізгі қанатша өсінділерін де қамтиды.

Вестибуляр жағынан 3—4-ші тістер аралығынан вертикальды бағытта 2—2,5 см ұзындықта шырышты қабатпен, сүйектің сыртқы қабатына тілік жасалады. Тіліктің жоғарғы жиегінен көлденең тілікті өтпелі қатпардың бойымен 7-ші тіс деңгейіне дейін жасайды. Жұмсақ тіндер жарақатының жиегі мобилизацияланады. Жоғарғы жақ бұдыры жанынан және қанатша өсіндіге қарай, жалпақ остеотоманың көмегімен тоннель жасайды. Осы-лайша ортаңғы сызықтан сәл 1 см алшақта таңдайдың шырышты қабатында тоннель жасайды, ол жұмсақ таңдай шекарасына дейін жеткізіледі. Остеотомия фисурлы бор, остеотомиялық фрездің көмегімен жүзеге асырылады. Кіреберіс жағынан кесілетін жазықтың үлкендігі распатор енетіндей болуы керек. Таңдай жағынан остеотомия тоннельде узын бордың көмегімен жүргізіледі. Қашау көмегімен вертикальды таңдай остеотомиясы жасалады. Вестибуляр жағынан қанатша өсінділер қиылады.

Аталған әдістерді қолданғаннан кейін жоғарғы жақтың дистальды бөліктерінің сүйек фрагменттері хирург қолымен сындырылады. Одан кейін бұл фрагменттер жоғары жылжытылады, ал егер қажет болса жоғарғы бөлшектерде қосымша резекция жасалады. Шырышты сүйек артқы қабаты қиындысына кетгутпен тігіс салынады. Сүйектер 1 айға бекітіледі.


ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ХИРУРГИЯСЫ

Қалыпқа келтіру хирургиясы ақаулар мен деформацияларды жоюмен айналысатын хирургияның бір тармағы. Сонымен қатар қалпына келтіру хирургиясы косметикалық хирургия деп те аталады.

Бет пен жақты қалпына келтіру хирургиясында жергілікті тіндермен жасалатын пластика, қоректік аяқшасы бар қиық, Филатов сабақшасымен және тіндерді еркін көшіру әдістері қолданылады.

Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау. Беттің, жақтың және ауыз қуысы ағзаларының ақаулары мен деформациялары әртурлі аурулардың әсерінен болады. Олардың ішінде ауыр қабыну, жаралы-өлеттекген процестер, инфекциялы аурулар (сүзек, жегі) жарақаттары, әртурлі ісіктерге байланысты жасалған операциялардан кейін, туа пайда болған ақаулар. Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау ақау мен деформацияның көлемі мен түріне байланысты.

Бұл операциялар медициналық көрсеткіштеріне байланысты алдын ала жасалған жоспар бойынша жасалуы тиіс. Дәрігер науқастың психикалық жағдайын бағалап, қажет болса психоневрологты көмекке шақыруы керек.

Операция жасаудың басты шарты:

1) Операция әдістерін білу.

2) Ақау мен деформацияның жағдайларын мұқият білу. Бұл кезде ақаудың орналасқан жерін, көлемі мен пішінін (енін, ұзындығын, тереңдігін), қандай тіндерінің өлгенін және айналасындағы тіндердің жағдайларын ескеру керек. Жарақатты тексеру және ем жоспарын дұрыс жасау хирургтың бұл мәселені шешудегі басты әрекеті.

3) Операцияны ойластырып, жоспарын жасау. Пластикалық операцияларды жоспарлау оның неғұрлым тиімді түрін, анатомиялық, функционалдық және эстетикалық жетістіктерге жету сияқты шараларды өзіне біріктіреді. Бүл үшін 1) операция кезеңдерінің аздығы; 2) пластикалық материалдардың аз жүмсалуы; 3) ауруға қолайсыз жағдайлардың аздығы; 4) толық жазылу уақытының жылдамдығы ескеріледі.

Емдеу жоспарын жасау барысында ең алдымен қандай пластикалық материалдың қанша мөлшерде керектігі, пластиканың қай түрі қолданылатындығы, шешіліп, көп сатылы операцияның ең тиімді жолы таңдап алынады. Дүрыс жоспар құру үшін дәрігер бет құрылысының ерекшеліктерін біліп, оның жетпеген жерін жобалай білуі керек. Беттің бүтін ағзаларын қалпына келтіру кезінде қолданылатын антропометрия негіздерін міндетті түрде білу қажет. Операцияны жоспарлау кезінде беттің фотосуреті маскасы, модельдері дайындалып, жоба суреттері салынады.

Сонымен қалпына келтіру операцияларын дүрыс жоспарлау хирургиялық емнің тиімді жасалуының ағзаның анатомиялық пішінінің, қызметінің, көріктілігін, бурынғы қалпына қайта келуінің тікелей себепшісі болып табылады.



Жергілікті тіндермен жасалатын пластика

Жергілікті жасалатын пластикалық операцияларды үш түрге бөлуге болады:

1) тыртықты кесіп алып, тіндерді бір-біріне жақындату; 2) тіндерді тіліп арасын ашу (сабақшаны тігу немесе теріні еркін көшіру); 3) тіндерді қарсы алмастыру (әртүрлі пішіндегі қиықтармен жасалатын пластика).

Қарсы орын ауыстыру тең қабырғалы үшбұрышты қиықтарды жылжытып пластика жасауға негізделген. Орын ауыстырған кезде жара шеттерінің үзындығы дәл келу керек. Егер қиықтардың пішіні әртүрлі болса орын ауыстыру кезінде жара түгел жабылмай қалады. Жергілікті пластика жасағанда сол жердегі тін созылады, қысқарады және орын ауыстырады. Мұндай нәрсе пластиканың кез келген түрінде болады. Тіндердің қысқарып, созылуы көп емес және ол эластикалық талшықтардың болуына байланысты. Сондықтан операциядан бұрын ақаудың айналасындағы тіндердің артықтығы мен оның созылмалылығы ескерілуі керек. Лимберг пластикалық операцияларды ойша қысқармайтын және созылмайтын екі беттің орын ауыстыруы — деп қарау керек деген қағиданы айтып, оны математикалық түрғыдан дәлелдеп берді. Үшбұрыш қарсы қиықтармен пластика жасау үшін үш тілік жасау керек: Бір ортаңғы және бүрыш тәрізді жанама екі тілік. Тіндердің физиологиялық тартылуы дурыс болу үшін үш тіліктің де үзын-дықтары бірдей болуы керек. Үшбұрыш қиықтарды орын ауыстырған кезде: 1) диагональдары орын ауыстырады; 2) бұрыштары ашылып — жабылады; 3) жараның шеттері орын ауыстырады.



57- сурет. Қарама-қарсы келген ұшбұрышты қиық фигуралардың түзілуі (үлгі). А) тілік; б) симметриялы фигуралардың түзілуі; в) асимметриялы фигуралардың түзілуі.


Операция жасалған тіндерде келесі өзгерістер болады: 1) Диагональдары ауысатын болғандықтан (қысқа диагональдың орны-на узын диагональ келеді) ұзарту үшін ұзын диагональды неғүрлым қысқаратын бағытта тілу керек. Сол кезде ұзын диагональдың орын ауыстырып қысқаруынан қиықтың да көлемі кішірейеді. 2) Бұрыштары ашылып жабылғандықтан „жатқан" және „тұрған" конустар пайда болады. Бұрыштың көлемі үлкен болса құрылысының конус тәрізділігі айқындала түседі ("тұрған" және „жатқан" конустар). Диагональдардың өзара айырмашылығы көп болса, тіндердің өсуі соғұрлым көп болады.

Фигуралар симметриялы және асимметриялы деп бөлінеді. Егер фигураның бұрыштары бірдей болса (симметриялы фигуралар) ортаңғы сызықтың екі шетіне қарай тін біркелкі ұзарады. Бұрыштар бірдей болмаса (асимметриялы фигуралар) тін үлкен бұрыштың ұшына қарай көп ұзарып, кіші бұрыштың негізіне қарай ені кішірейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет