Стратегия жоспар ретінде, яғни бұл мағынаға қазіргі кезден болашаққа жол, дамудың бағыт-бағдары, әдістемелік нұсқау ретінде пайдаланамыз.
Стратегия- құлықтар қағидаттары немесе белгілі бір мінез-құлық моделімен жүру. Мысалы, бір ұйым нарықтағы ең қымбат тауарларды сатады, яғни олардың айтуы бойынша олар жоғарыэффективті стратегияны ұстанады, сол тәрізді адам ең ауыр тапсырмаларды алатын болса, ол жоғары тәуекел стратегиясын ұстанады деп айтамыз.
Стратегия –позиция, демек белгілі тауарлардың анықталған нарықта орналасуы. Майкл Портер айтуы бойынша, стратегия – әртүрлі іс-әрекеттердің көмегімен пайда болатын бірден-бір бағалы позиция. Позиция – “Х” белгісіне төмен қарау, яғни тұтынушы мен тауардың кездесетін орны, сыртқа қарау – тысқы нарық.
Стратегия – бұл келешек, яғни ұйым болашақта өзін қандай етіп көреді, қандай жетістіктерге жетеді, қандай көрсеткіштерді орынадйды т.б.
5. Стратегия – бәсекелестерден асып-түсуге арналған айла іс-әрекет ретінде қарастырсақ, мысалы, белгілі бір ұйым өзінің жойқын жоспарларына әсер қалдыру үшін, бәріне жер телімдерін сатып алу жөнінде жариялайды, ал шын мәнінде бәсекелесті жаңа зауыт салудан бас тартуға мәжбүрлеу үшін айтылған зат болып табылады. Олардың іске асырылатын стратегиясы негізінде кеңейту үшін емес, тек бәсекелеске қысым көрсету мақсатында жасалған әдіс-тәсіл.