«Стресс және дағдарыс». Психологтың оқушылармен кездесуі. Слайдтарға мәтін


-слайд Иә, стресс пен дағдарысқа кез-келген адам шалдығуы мүмкін. 6 -слайд



бет2/6
Дата10.02.2023
өлшемі0,92 Mb.
#168248
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Стресс-Кризис Подросткам Каз ТЕКСТ к Слайдам
18. Бірінші сынып оқушыларын оқыту және тәрбиелеу Б-21-11
5 -слайд
Иә, стресс пен дағдарысқа кез-келген адам шалдығуы мүмкін.

6 -слайд
(Психолог жасөспірімдерді стресс үнемі жағымсыз бола бермейтіні туралы ойлануға итермелеуі керек, себебі, кейде жағымды жайттар да стресс болуы мүмкін.)
Балалар, қалай ойлайсыңдар, стресс әрдайым жағымсыз ба? Стресс жағымды да болуы мүмкін екен.
«Стресстен толығымен қашып құтылудың жолы жоқ, бірақ деніміз сау болуы үшін ондай жолдың қажеті де жоқ. Белгілі бір стресс деңгейі қажет. Ол сендерге әлдеқайда сақ болуға көмектеседі және шын мәнінде стимулятор (ынталандырғыш) ретінде әрекет етеді. Бірақ тым ұзақ уақыт бойы тым көп стресс кешу денсаулығымызға зиян тигізеді».

7 -слайд
Адамдар стресске әртүрлі қарайды. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда үлкен көлемдегі стрессті көтере алады. Өздеріңді мұқият тыңдап, қандай көлемдегі стрессті көтере алатындарыңды түсінетіндеріңе көз жеткізіңдер.
Сендер үшін қандай жайттар стресс тудыратынын анықтап және түсініп көріңдер, содан соң, сол нақты жайттарды еңсерудің ең дұрыс жолын біліп алғанға дейін олардан аулақ жүруге тырысыңдар.


(Келесі слайдты көрсетпес бұрын жасөспірімдерден сұраңыз:)
Ал қазір сендерден чатта қандай стресс белгілерін білетіндеріңді жазуды сұраймын. Ағзаларың стресс кезінде қандай реакция көрсетеді?

8 -слайд
(Содан кейін слайдтан стресс симптомдарын көрсету керек).

(Келесі слайдты көрсетпес бұрын жасөспірімдерден сұраңыз:)


Барлығымыз өмірде түрлі дағдарыстан өтеміз. «Дағдарыс» деген не екенін білесіңдер ме?
(Психолог біраз уақыт бойы жасөспірімдермен ой-талқы жүргізіп, артынша келесі слайдты көрсетіп, дағдарыс деген не екенін және қандай жайттар дағдарысты болуы мүмкін екенін түсіндіреді.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет