14-слайд Ширығудан арылу үшін пайдалана алатын тағы бір жаттығу «Лимон» деп аталадыү
Ыңғайланып отырыңдар: қолдарыңды тізелеріңе (алақандарыңды жоғары қаратып) қойыңдар, иық пен бас төмен түсірілген, көз жұмулы. Ойша оң қолдарыңда лимон бар деп елестетіңдер. Лимонды ішіндегі бүкіл шырынын «шығарғанша» баяу қыса бастаңдар. Босаңсыңдар. Не сезінгендеріңді есте сақтаңдар.
Енді лимон сол қолдарыңда деп елестетіңдер. Жаттығуды қайталаңдар. Қайтадан босаңсып, не сезінгендеріңді есте сақтаңдар. Содан соң, жаттығуды бір уақытта екі қолмен орындаңдар. Босаңсыңдар. Сабыр күйінен ләззат алыңдар.
Қалай, ұнады ма? Керемет.
15-слайд Жағымсыз жайттарды қайта-қайта ой елегінен өткізе беретін кездер болады. Біз миымызды орын алған жайтты дәл осындай тәсілмен қабылдауға жаттықтырамыз. Бірақ уақыттан кейін тысқары оқиғалар, ішкі бағалаулар мен эмоциялар «жабысып» қалады – біртұтас болып кетеді. Біз өзімізді «осылай» қабылдауға үйретеміз.
Осындай ойларды жеңу үшін «КЕРІСІНШЕ жағдай» атты мини-техниканы ұсынғым келеді, ол сендерге жағымсыз жайтқа беретін өз бағаларыңды өзгерту мүмкіндігін береді. Ол үшін:
Түйіткілді жағдайды – ойша, ауызша немесе жазбаша – керісінше тәртіпте сипаттаңдар.
Жағдайдың өзі туралы ғана емес, өз сезімдерің мен берген бағаларың туралы егжей-тегжейлі сипаттауға тырысыңдар.
Осы жағдай туралы фильмді соңынан басына қарай көріп жатқандай сипаттаңдар.
Бейтарап немесе жағымды сәттермен аяқтауға тырысыңдар – үнемі ашу мен реніш сезінген жоқсыңдар ғой.
1 6-слайд Жүйке қозуынан және стресстен арылудың өмірлік маңызы бар, әрі мейлінше қажет.
Бұл, мысалы, тіс тазалау сияқты күнделікті нормаға айналуы тиіс.
Өздеріңе демалыс беріңдер, ара-тұра «үзіліс» жасап тұрыңдар. Өздерің жақсы көретін, жағымды, босаңсуға көмектесетін іспен бес не он минут айналысыңдар.