Ең жиі кездесетін түрі. Бұл формада бұзылыстардың ішінен алғашқы орынға сандырақ шығады. Сандырақтардан (соңына түсу,шығармашылық, ипохондриялық, дисморфоманиялық) жиі кездесетіні әсер ету сандырағы.
Ең жиі кездесетін түрі. Бұл формада бұзылыстардың ішінен алғашқы орынға сандырақ шығады. Сандырақтардан (соңына түсу,шығармашылық, ипохондриялық, дисморфоманиялық) жиі кездесетіні әсер ету сандырағы.
Аурудың соңғы сатысында үдей түсетін бейғамдық орын алады – бұл парафренді синдром болып табылады. Әсер ету сандырағына орынсыз ұлылық сандырағы қосылады.
Аурудың соңғы сатысында үдей түсетін бейғамдық орын алады – бұл парафренді синдром болып табылады. Әсер ету сандырағына орынсыз ұлылық сандырағы қосылады.
Науқастар өздерінің өзкені жайында адам сенгісіз әңгімелер айтады (конфабуляциялық сандырақ). Сандырақ өзінің реттілігін жоғалтады, науқастар өздерінің сөздеріне дәлел іздеп мазаланбайды.
Бұл форма ағымы жиі үздіксіз үдемелі болып келеді. Жиі 25-40 жаста кездеседі. Эмоциональды ақау біртіндеп басталатындықтан, науқастар әлеуметтік байланыстарын жоғалтпайды, еңбекке қабілетті, жаұясын сақтап тұрады. Ал жасөспірім шақта басталса, керісінше, ауру ағымы қатерлі болады.
Айтарлықтай сирек кездеседі (1-3%). Люцидті кататония синдромы көрінісінде басты орын алады. Қозғалыстық бұзылыстар ступор немесе қозу түрінде болады.
Айтарлықтай сирек кездеседі (1-3%). Люцидті кататония синдромы көрінісінде басты орын алады. Қозғалыстық бұзылыстар ступор немесе қозу түрінде болады.
Кататониялық ступор– науқастың ұзақ уақыт шаршау сезімінсіз, жиі ыңғайсыз қалыпты сақтайтынымен ерекшеленеді (мысалы, жастықтың үстінде басын көтеріп жатады «ауалы жастық симптомы», басын жаялықпен бүркеп алады «капюшон симптомы», құрсақтағы қалыпты алады). Бұлшықеттер тонусының күрт жоғарылауымен науқастарды қандай да бір қалыпқа келтіруге болады (каталепсия- балауыздық иілгіштік). Жиі примитивті рефлекстер тежеусізденеді (ұстап алу, тұмсық симптомы). Негативизм – инструкцияларды орындамау немесе қарсы әрекет жасау және мутизм – айтқан сөзді түсіну, бірақ сөйлеудің болмауы.