Ағаш және картон ыдыстар Ағаш ыдыстар. Тұздалған өнімдерді бөлшектеуде және повидло өндірісінде сыйымдылығы 15-250 литрлік МЕМСТ талаптарына сай бөшкелер кеңінен қолданылады. Ең жиі қолданылатыны 50-100 литрлік симметриялы дұрыс формадағы бөшкелер. Олар қарағай, қайың, емен ағаштарынан жасалады. Консервілеу үшін олардың ішкі бөлігі таза, бөгде иіссіз болуы керек.
Балғын жеміс-жидек, көкөністерді тасымалдау үшін әртүрлі сыйымдылықтағы арасында саңылауы бар ағаш жәшіктер қолданылады.
Картон ыдыстар.Олар ағаш ыдысқа қарағанда 5 есе жеңіл, арзан, бірақ тасымалдау қиын, бір немесе екі рет қана қолданылады. Консервілерді салу үшін сыйымдылығы 18-20 кг, МЕМСТ талаптарына сай үш қабатты гофрирленген картон қолданылады.
Балғын күйінде тоңазытылған жеміс-жидектерді салу үшін қораптарды жұқа, парафинделген картондардан жасайды.
Синтетикалық материалдардан жасалған буып-түйгіштер Олардың ішінде ең кең тарағаны - синтетикалық буып-түйгіш пакеттер. Көбінесе олар қағаз қораптардың ішінде төсеме ретінде жиі қолданылады.