Консерві өндірісінде қолданылатын ыдыстардың екі түрі бар:
- тұмшаланған (герметикалық) ыдыстар. Оларға: металл банкалар (қаңылтыр, Аl); шыны банкалар; бөтелкелер; полимер материалдардан жасалған пакеттер, банкалар жатады.
- тұмшаланбаған ыдыстар.Оларға: ағаш бөшкелер, жәшіктер; картон қораптар; қаптар; пластмасс жәшіктер т.б. жатады.
Шыны ыдыстар Консервілеу үшін санитарлық жағынан тиімді, жиі қолданылатыны - шыны ыдыстар. Олардың артықшылықтары: жақсы дезинфекцияланады; қышқыл, тұз және т.б. қосылыстардың әсеріне тұрақты; қайта қолдануға болады; ішіндегі өнімнің сапасы көрінеді.
Кемшіліктері: тез сынғыш; термиялық тұрақсыз (ыстықтан суыққа өту кезінде тез сынуы); цилиндр формалы болуы.
Шыны банкалар қорытпаларды суыту арқылы алынатын аморфты дене. Оның негізгі құрамы кремнеземнен тұрады. Шыны банканы МЕМСТ талаптарына сай 3 типте өндіреді. 3 типке бөлінуі олардың аузының жабылу әдістеріне негізделген: