Сүттің химиялық құрамы, қасиеттері. Сүт консервілерінің ассортименті


Субөнімдердің түрлері және химиялық құрамы



бет19/33
Дата11.05.2022
өлшемі74,89 Kb.
#142589
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
Сүт өнімдерін консервілеу

Субөнімдердің түрлері және химиялық құрамы
Бауыр. Бауыр күрделі құрлымды ірі асқорту безі. Бауырдың сырты тығыз шырышты қабықпен қапталған. Байланыстырушы ұлпалық тканьдер бауырды жеке бөліктер - бауыр түйіршіктеріне бөледі. Түйіршік аралық байланыстырушы ұлпада қан жүретін және лимфатикалық тамырлар, сонымен қатар өт жолдары өтеді. Түйіршіктер ішінде без ұлпасының клеткалары бар. Бауыр толыққұнды ақуыздардың мөлшері бойынша басқа өнімдерден асып түседі. Липидтер бауырда линоль және арахидон қышқылдарының мөлшері көп фосфотидтер, триглецеридтер ретінде кездеседі. Гликоген мөлшері 2-5% жетеді. Онда қанның ұюына кедергі жасайтын мукополисахарид-гепарин түзіледі.
Бүйрек. Бүйрек тамырлары паренхиматозды булы мүше. Ірі қара малда олар бөлікшелер-бүйрекшелерге бөлінген, ал шошқа мен қойдікі тегіс. Бүйрек сыртқы бетінде май ұлпасы бар тығыз фиброзды капсуламен қапталған. Бүйрек денесі үш: қабықты (сыртқы), милы (ішкі) және арқылық (орталық) қабаттардан тұрады. Бүйректе ақуыздар, липидтер, ферменттер, В тобының витаминдері және фосфор, гликоген, сүт қышқылы, аммиак, мочевина, пурин негіздері бар.
Жүрек. Ерекше көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұратын бұлшықетті мүше. Жүрек қабырғалары үш қабаттан: ішкі-байланыстырушы қабықтан, орталық-бұлшықет және сыртқы қабықтан тұрады. Жүрек негізгі жоғары қаттылықтағы тығыз байланыстырушы ұлпа. Жүрек құрамында метионин, фосфор, темір, В және РР тобы витаминдерінің жоғары мөлшері бар.
Көк бауыр – қан түзетін мүше, биологиялық сүзгіш, антиденелерді, продуцирлеуге қабілетті. Көк бауыр капсулалары байланыстырушы және тегіс бұлшықет ұлпаларынан құрылған, сыртқы шырышты қабықпен қапталған. Көк бауырға ретикулині белгі бар ретикулярлы ұлпа кіреді. Көк бауырда ферритин мен ферриннің құрамына кіретін темір (құрғақ қалдықтың 5%- дейін) бар.
Көк бауырдың тағамдық құндылығы төмен, сондықтан оны тағамдық өнімдер өндіруге қолданбайды. Көк бауырдың құрамына көп мөлшерде ферменттер кіретінін ескере отырып, оны ферментті препараттар өніру үшін шикізат ретінде пайдаланады.
Өкпе - тыныс алу мүшесі, формасы қиылған конус тәрізді және соңғы тарамдары альвеол болып аяқталатын түтікшелер жүйесінен тұрады. Өкпенің беті шырышты қабықпен қапталған. Өкпенің қаңқасы байнаныстырушы ұлпадан тұрады. Құрамында ақуыздық заттардық ішінде коллаген мен эластин көп мөлшерде, экстрактивті заттардан - гепарин болады.
Өкпе құрылысы және құрамының ерекше болуынан, ливер шұжықтарын өндіруде және гепарин алу үшін шикізат ретінде пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет