Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі496,93 Kb.
#4998
1   2




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

Экономика және менеджмент

факультетінің деканы ______________ Е. Варавин

«____» ___________ 2014 ж.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Силлабус

КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК

Силлабус

Мамандықтар: 5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту», 5В070700 «Тау-кен ісі»

Оқыту түрі – күндізгі

Семестр – 1, 2

Курс – 1

Кредит саны – 6

Практикалық сабақтар – 45

ОСӨЖ – 45

СӨЖ – 45

Қорытынды бақылау түрі – емтихан

Өскемен


Усть-Каменогорск

2014


Тау-кен металлургия факультетінің 5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту», 5В070700 «Тау-кен ісі» мамандықтары бойынша студенттерге арналған силлабус Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақ тілі курсының типтік бағдарламасы» (Алматы, 2007) және Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (ҚР МЖМБС 3.08.357.-2006) негізінде құрастырылған.

Силлабус қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының мәжілісінде талқыланған.


Кафедра меңгерушісі А. Жанәбілова
№ ____ хаттама “____” __________ 2014 ж.
Силлабус экономика және менеджмент факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.
Төрайымы Г. Пестунова

№ ____ хаттама “____” __________ 2014 ж.

Құрастырғандар Ф. Байбатанова

Э. Ердембекова


Норма бақылаушы Т. Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
Қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасы

Экономика және менеджмент факультеті (Г2-320 дәрісх.)

Пәнді жүргізетін оқытушылар:

Байбатанова Фарида Ильясовна – қазақ, орыс тілдері және іс қағаздарын жүргізу кафедрасының аға оқытушысы.

Ердембекова Эльмира Мукановна – қазақ, орыс тілдері және іс қағаздарын жүргізу кафедрасының оқытушысы.

Жұмыс телефоны: 540-392

Сабақ өткізу уақыты: дәрісханалық сабақтар бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.
1 ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Бакалавр деңгейіндегі студенттерді дайындауда «Қазақ тілі» пәні міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі болып табылады. Қарастырылып отырған силлабус қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда деңгейлік, коммуникативті-бағдарлы оқыту әдістемесіне сәйкес, орташа (А1, А2, В1, В2) деңгей бойынша оқитын орыс бөлімі 5В073700 «Пайдалы қазбаларды байыту», 5В070700 «Тау-кен ісі» мамандықтары бакалаврларына арналған. Курстың мазмұны қазақ тілін мәдениаралық, болашақ кәсіптік қызметінде кәсіби-іскерлік қатынас құралы ретінде игеруді қамтамасыз етуге бағытталған.


1.1 Оқылатын пәнге сипаттама
Қазақ тілі пәні жалпы білім беру пәндерінің ішінде міндетті түрде оқылатын пәндердің бірі. Курс көлемінде студенттер қазақ тілінің грамматикасын толық меңгеріп, тілдік дағдыларын байытады. Оқытуда студенттердің мамандыққа байланысты сөздік қорын дамыту, жетілдіру негізгі мақсат болып табылады.
1.2 Пәнді оқытудағы мақсаты мен міндеттері
Қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдылану; қоғамдық саяси, әлеуметтік, кәсіби-іскерлік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; кәсіби бағдарлы мәтіндерден қажетті ақпаратты тауып, оны сипаттауға, талдауға үйрену.

Қазақ тілін үйрену нәтижесiнде типтік бағдарламада қарастырылғандай, орташа ( А1, А2, В1, В2 ) деңгей көлемінде студенттер:

1 Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымының негізгі заңдылықтары мен лексикалық құрылымы ерекшеліктерін меңгерулері;

2 Типтік бағдарламада көрсетілген талаптарға сай кәсіби білім біліктілігіне, дағдысына қажетті минимумды меңгерулері: а) оқылымның барлық түрлерін игеруі; б) диалог, монолог, полилог түріндегі баяндалған мәтіннің мазмұның түсініп тыңдауы, сондай-ақ тыңдау арқылы сөйлеу біліктілігін жетілдіруі; в) қатысымдық міндеттерді орындауда типтік бағдарламада көрсетілгендей тіл дамытуға қажетті минимумды (сұхбат құра білуді, пікірталас жүргізе білуді, сипаттама, хабарлама жасай білуді) игеруі; г) фонетика, орфография, грамматика, лексика тұғысынан типтік бағдарламада көрсетілген минимум көлемінде сауатын жетілдіруі қажет.


1.3 Пәнді меңгеру нәтижелері
Білімі (мысалы):

Білім алушылар білуге тиіс:

- грамматикалық білімдерін, жазбаша сауаттылықтарын арттыру;

- терминдерді меңгерту;

- студенттердің сөздік қорларын жетілдіру.

Дағдылары:

- қазақ тілінде өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру;

- қоғамдық саяси, әлеуметтік салаларға қажетті сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;


  • теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;

  • қазақ тіліндегі әр түрлі мәліметтерді оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру.

Құзыреттері:

Түйінді құзыреттер болып табылады:

- сөйлеу әрекеттерінің түрлерін жүзеге асыру;

- студенттердің білімдерін практикалық жолмен меңгерту;

- ақпараттарды саралауға, оларды орнымен қолдана алу;

- орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау.


1.4 Пререквизиттер
Қазақ тілі пәнін оқу үшін студентке келесі пәндер бойынша білім қажет: қазақ тілінен орта мектеп бағдарламасы бойынша алынған білімі, орыс және шет тілінен, мамандықтану пәнінен.

1.5 Постреквизиттер
Қазақ тілі бойынша алған білімі өзге тілдерді үйренуде, мамандық бойынша пәндерді, «Кеңселік және құжаттамалық жұмыс негіздері», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәндерін оқытуда қажет болады.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар

Тақырып атауы, оның мазмұны

Сағат саны

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Практикалық сабақтар

1-тақырып. Қазақстан Республикасының тіл саясаты.

ҚР Тілдер туралы заңы. Мемлекеттік тіл мәртебесі. Мемлекеттік тілдің қолдану аясы. Үндестік заңы (буын үндестігі, дыбыс үндестігі). Буын, оның түрлері.



3

1, 2, 3

2-тақырып. Қоғам және жастар. Менің замандастарым.

Сөздің тура және ауыспалы мағынасы. Омонимдер. Антонимдер. Синонимдер.



3

14, 17

3-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан. Тұрақты сөз тіркестері, жасалуы. Қанатты сөздер. Ағымдағы бақылау.

3

19, 30, 31, 32

4-тақырып. Қазақстанның астаналары.

Зат есім, түрлері. Көмекші есімдер. Зат есімнің жалғаулары. Көптік жалғау. Тәуелдік жалғау.



3

10, 33, 34

5-тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.


Жіктік жалғау. Септік жалғаулары. Септеуліктер.

3

5, 7, 8, 9, 14,

6-тақырып. Қазақтың өнері мен мәдениеті. Қазақ драма театры. Абай және қазақ музыкасы. Зергерлік өнер. Есімдік, оның түрлері. Есімдіктің септелуі. Ағымдағы бақылау.


3

1, 2, 3, 4, 5,6, 7, 8, 9, 10, 12

7-тақырып. Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары.

Сан есім, оның түрлері.



3

3, 4, 5,6, 7, 8, 9, 10, 12

8-тақырып. Менің оқу орным. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ тарихы. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті. Сын есім, түрлері. Сын есімнің шырайлары. Аралық бақылау.

3

5, 10, 18

9-тақырып. Мамандық әлемінде.

Тау-кен металлургия факультеті. Инженер деген кім?

Етістік, оның түрлері. Болымсыз етістік. Терминдердің жасалу жолдары.


3

13, 14, 17, 18

10-тақырып. Менің мамандығым. Болымсыз етістік. Ағымдағы бақылау.

3

12, 13, 14, 18

11-тақырып. Әлемдік экологиялық проблемалар. «Семей-Невада» халықаралық қозғалысы. Экология ғылымы. Етістіктің шақтары.

3

5,6, 7, 8, 9, 10, 12

12-тақырып. . «Семей-Невада» халықаралық қозғалысы.

Етістіктің райлары. Ағымдағы бақылау.



3

13, 14, 15, 16, 17

13-тақырып. Металдардың сипаты мен қасиеті.

Есімше, оның сөйлемдегі қызметі. Есімшенің жасалуы мен түрлері.



3

4, 5,6, 7, 8, 9, 10, 12, 17, 18

14-тақырып. Атақты металургтер.

Көсемше, көсемшенің сөйлемдегі қызметі, жасалуы мен түрлері.



3

2, 3, 4, 5,6, 7, 8, 9, 10, 12

15-тақырып. Туған өлке табиғатын қорғау.

Етістер (өзгелік, өздік, ырықсыз, ортақ). Аралық бақылау.



3

8, 9, 10, 12

1

2

3

ІІ семестр

1-тақырып. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау.

Үстеу, мағыналық түрлері.



3

6, 7, 8, 9, 10, 12, 18

2-тақырып. Орман экологиясы. Шылау сөздер туралы түсінік. Септеулік шылаулар.

3

5,6, 7, 8, 9, 10, 16

3-тақырып. Қызыл кітап.

Жалғаулықтар. Демеулік шылаулар. Шылаулардың емлесі. Ағымдағы бақылау.



3

7, 8, 9, 10, 12

4-тақырып. Ғылыми прогресс жетістіктерінің экологияға әсері. "Протон" қалдықтарының зияны. Сөздердің байланысу тәсілдері. Сөйлем мүшелері.

3

5,6, 7, 8, 9, 10, 17

5-тақырып. Ядролық жарылыстардың зардабы. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Бірыңғай мүшелі сөйлемдегі жалпылауыш сөздер.

3

5,6, 7, 8, 9, 10, 16

6-тақырып. Қоршаған ортаны ластаушы көздер.

Жай сөйлем. Хабарлы, сұраулы сөйлемдер. Ағымдағы бақылау.



3

5, 7, 8, 9, 10, 17

7-тақырып. Олжас Сүлейменов – «Семей-Невада» халықаралық қозғалысының жетекшісі.

Сөйлем мүшелері. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері: бастауыш, баяндауыш. Аралық бақылау.



3

6, 7, 8, 9, 10, 18

8-тақырып. Радиацияның ағзаға әсері. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.

3

5,9,11,12,14

9-тақырып. Шикізат өндіретін орындардың зиянды қалдықтары Сөйлемнің айқындауыш мүшелері. Оқшау сөздер.

3

7,9,10,16,17

10-тақырып. Туған өлке экологиясы. Өскемен қаласының экологиясы. Жай сөйлемнің түрлері. Жалаң және жайылма сөйлем. Жақты және жақсыз сөйлемдер. Ағымдағы бақылау.

3

9,12,15,17,18

11-тақырып. Су – тіршіліктің қайнар көзі.

Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.



3

7,8,13,16

12-тақырып. Арал тағдыры – адам тағдыры. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері.

3

5,6,7,8,9,15

13-тақырып. Экология және атмосфералық ауа. Балқаш көлі

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері. Ағымдағы бақылау.




3

6,9,12,17,18

14-тақырып. Каспий теңізі.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері.



3

7,9,15,17

1

2

3

15-тақырып. Қазақстандағы экология мәселесі. Балқаш көлі

Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі. Аралық бақылау.



3

7,8,9,10.13


СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ОРЫНДАЙТЫН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ


1-тақырып. Қазақстан Республикасының тіл саясаты.

Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге байланысты БАҚ материалдарымен танысу. Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Буын түрлерін ажырату.




3

6,8,9,17

1

2

3

2-тақырып. Қоғам және жастар. Тұрақты сөз тіркестерінің, қанатты сөздердің мағынасын түсіндіру. «Менің замандастарым» тақырыбына әңгіме өткізу.

3

4,8,10,12,18

3-тақырып. Тәуелсіз Қазақстан.

Берілген мәтіннен зат есімнің жалғауларын ажыратып, қай жалғау екенін түсіндіру. БАҚ материалдарына сүйене отырып, Қазақстан туралы айтып беру.



3

7,10,11,17

4-тақырып. Қазақстанның астаналары.

Мәтін бойынша лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Әр астананың тарихын мазмұндау.



3

5,7,8,9,10

5-тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері.


Жіктік жалғау. Септік жалғаулары. Септеуліктер.

3

4,6,9,10

6-тақырып. Қазақтың өнері мен мәдениеті.


Қосымша ақпаратпен жұмыс. Мәтіндерден есімдіктерді тауып, олардың мағыналық түрлерін ажырату.

3

5,7,8,9,16

7-тақырып. Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.

"Университетте", «Қай мамандықта оқисың?», «Сабақ кестесін білесің бе?» тақырыптарына рөлдік ойындар дайындау. «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі туралы материал жинау.


3

6,7,8,9,10,11

8-тақырып. Менің оқу орным. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ тарихы. Лексика-грамматикалық жаттығулар. Мамандыққа байланысты терминдермен жұмыс.

“За знание” газетінен университет туралы мақалалармен танысу.

“Білім – байлығымыз” тақырыбы бойынша сұхбат жүргізуге дағдыландыру.


3

5,6,7,8,9,15

9-тақырып. Мамандық әлемінде.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.

Мәтін мазмұны бойынша сұхбат жүргізу.


3

4,5,6,7,8

10-тақырып. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау мамандығы.

«Мамандығым мақтанышым» тақырыбына шағын шығарма жасауға төселдіру.



3

6,9,16,17

11-тақырып. Әлемдік экологиялық проблемалар.

Экология ғылымының зерттейтін мәселелері жөнінде әңгіме жүргізуге жаттықтыру.

Етістіктің шақтарына байланысты лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.


3

4,8,10,12,18

12-тақырып. Қоршаған ортаны ластаушы көздер. Мәтіндегі түсініксіз сөздердің мағынасын сөздік арқылы анықтау.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берe.



3

5,7,8,9,15

13-тақырып. Ғаламдық жылынудың экологиялық мәселелері

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.



Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру.

3

8,14,16,17

14-тақырып. Экологиялық дағдарыс.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Көсемшенің жасалу жолдарын түсіндіру. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыру. Тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға жаттықтыру.



3

5,8,9,10,16

15-тақырып. Туған өлке табиғатын қорғау.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Етіс түрлерін ажыратуға жаттықтыру. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыру.



3

6,9,15,17

ІІ семестр

1-тақырып. Өсімдіктер мен жануарларды қорғау.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыру.



3

8,9,16,18

2-тақырып. Орман экологиясы.

Лексика грамматикалық жаттығуларды орындау.

Тақырып бойынша қарым-қатынас жасауға төселдіру.


3

7,8,9,10,12

3-тақырып. Қызыл кітап.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Шылау түрлерін ажырату, олардың жазылу ерекшеліктеріне назар аудару. Шығыс Қазақстан бойынша Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар тізімін жасау.



3

9,12,15,17,18

4-тақырып. Ғылыми прогресс жетістіктерінің экологияға әсері. "Протон" қалдықтарының зияны.

Сөздікпен жұмыс. Мамандыққа байланысты терминдерді меңгеру. Мәтінді оқып түсіну және грамматикалық құрылымдарды таба білу. Сөздердің байланысу тәсілдері бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізу.



3

7,9,10,12,13,14

5-тақырып. Ядролық жарылыстардың зардабы.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері мен жалпылауыш сөздерді меңгертуге арналған жаттығу жұмыстарын орындау.

Мәтін мазмұны бойынша әңгіме жүргізуге дағдыландыру.


3

4,6,7,8,10

6-тақырып. «Семей-Невада» халықаралық қозғалысы.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Мәтін мазмұны бойынша сұхбат құрастыру.



3

5,7,9,16,18

7-тақырып. Олжас Сүлейменов – «Семей-Невада» халықаралық қозғалысының жетекшісі.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Синтаксистік талдау жасаға жаттықтыру. Терминологиялық сөздікпен жұмыс. Қосымша ақпаратты қолдана отырып, мәтін мазмұнын айтуға төселдіру.



3

4,8,10,12,18

8-тақырып. Радиацияның ағзаға әсері.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Мәтін мазмұнына байланысты сұхбат құрастыру. Сабақ тақырыбы бойынша Студенттерді сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.



3

5,8,9,10,16

9-тақырып. Шикізат өндіретін орындардың зиянды қалдықтары Жақты және жақсыз сөйлем түрлеріне байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

3

16,17,18

10-тақырып. Туған өлке экологиясы. Өскемен қаласының экологиясы.

Жай сөйлем түрлерін ажырата білуге жаттықтыру.

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.


3

9,12,15,17,18

11-тақырып. Су – тіршіліктің қайнар көзі.

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау. Мәтінмен жұмыс жүргізу.



3

6,8,9,12,16

12-тақырып. Арал тағдыры – адам тағдыры. Мәтіннен негізгі ақпаратты жеткізетін сөйлемдерді табу.

Салалас құрмалас сөйлем түрлеріне байланысты жаттығу жұмыстарын оырндау.



3

6,8,9,10,16

13-тақырып. Экология және атмосфералық ауа. Балқаш көлі

Лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап беруге дағдыландыру.


3

3,6,9,12,18

14-тақырып. Каспий теңізі.

Мәтін мазмұны бойынша әңгіме жүргізу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін ажырату.



3

2,5,8,9,12,14

15-тақырып. Қазақстандағы экология мәселесі. Балқаш көлі

Реферат жұмыстарын тыңдау және талқылау.

Өткен тақырытарды қайталау. Бақылау тестіне дайындық жүргізу.


3

4, 6, 7, 9,15


2.2 ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАПСЫРМАЛАРЫ


Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсы

ны-латын әдебиет



Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1-семестр

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы ның тіл саясаты

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» тақырыбына шығарма жазу.

1, 5, 6, 8, 9, 16

шығарма

1-апта

Қоғам және жастар

«Мен және қоршаған орта» тақырыбына шағын әңгіме дайындау.

3,1,7, 18

әңгіме

2-апта

«Қазіргі жастардың қоғамдағы рөлі» тақырыбына эссе жазу. «Қоғам және жастар» тақырыбына рөлдік ойын өткізу.

3

эссе
рөлдік ойын

3-4-апта

Қазақстан

«Қазақстан экономикасы дамыған, жоғары мәдениетті де білімді ел” тақырыбына сұхбат құрастыру.

1, 2, 4, 5, 16

сұхбат,
тезис

5-апта




«Қазақстан – 2030» бағдарламасын оқып, негізгі ойларды тезис түрінде жазу.










Қазақстанның астаналары

«Астана – бас қала» тақырыбына эссе жазу.

3, 4, 9. 10

эссе

6-апта

ҚР рәміздері

ҚР рәміздерінің авторлары туралы ақпарат жинап, әңгіме жүргізу.

1, 2, 4, 5

хабарлама

7-апта

Қазақстан өнері мен мәдениеті

«Қазақтың қолөнері» тақырыбына дискуссия өткізу. Қазақтың өнері мен мәдениеті туралы әңгімелеп беру.

5, 6, 9, 15, 18

әңгіме

8-апта

Қазақстанның техникалық жоо

«Білім ордасында» тақырыбында шағын шығарма жазу.

3, 6, 9, 13

шығарма

9-апта

Тау-кен металлургия факультеті

“Менің мамандығым – менің болашағым” атты пікірталас өткізу. “За знание” газетінен университет туралы мақалалармен танысу.

4, 6, 9, 17

пікірталас

10-апта

Мамандығым мақтанышым

“Студент – болашақ маман иесі“ тақырыбы бойынша рөлдік ойынға дайындық.

6, 15, 18

рөлдік ойын

11,12-апта

Әлемдік экологиялық мәселелер

«Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасындағы табиғатты қорғау, оның сарқылмас байлығын үнемді пайдалануға байланысты конспект жазу.

4, 7, 8, 9

конспект

13-апта




«Қоршаған ортаны ластаушы көздер» тақырыбына эссе жазу.

12, 14, 18

эссе

14-апта




«Ғаламдық жылынудың экологиялық мәселелері» тақырыбында шағын шығарма жазу.

1, 2, 13,

шығарма

15-апта

2-семестр

Табиғат

ты қорғау



«Туған өлке – бай өлке» тақырыбына шығарма жазу.

1, 2, 3, 14

шығарма

1-апта

«Экологиялық дағдарыстан шығу жолдары болады?» тақырыбында эссе жазу.

2, 13, 14

эссе

2-апта

«Жер туралы заң» мәтіні негізінде сұхбат құрастыру. М.Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңін жаттау.

11, 15

сұхбат

өлеңді жаттау



3-апта

«Алтайым – алтын бесігім» тақырыбында эссе жазу.

8, 11, 18

эссе

4- апта

«Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау» жарнама мәтіндерін құрау.

1, 5, 7, 12

жарнама мәтіні

5- апта

Шығыс Қазақстан бойынша Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар тізімін жасау.

3, 6, 8

хабарлама

6- апта

Ғылыми прогресс жетістік-

терінің эколо- гияға әсері



БАҚ материалдарынан «Протон» зымыраны туралы ақпаратты тауып, хабарлама жасау.

БАҚ

хабарлама

7- апта

«Ядролық жарылыстардың зардабы» тақырыбына слайд жасау.

7, 9, 10

слайд

8- апта

«Олжас Сүлейменов – Семей-Невада» қозғалысының ұйымдастырушысы» тақырыбына шығарма жазу.

6, 7, 9

шығарма

9- апта

«Зиянды қалдықтардың адам ағзасына әсері» тақырыбына хабарлама жазу.

7, 9, 18

хабарлама

10- апта

Мақал –

сөз мәйегі



Табиғат, табиғат құбылыстары туралы мақал-мәтелдерді жаттау, мағынасын түсіндіру.

16, 18

мақалдарды жатқа айту

11-апта

Туған өлке эколо- гиясы



«Арал тағдыры – адам тағдыры» тақырыбына жоба жасау.


4, 6, 7, 9,15

жоба жұмысы

12-апта

«Балқаш байлығымыз» тақырыбына слайд жасау.


3, 4, 8

слайд

13-апта

«Каспий теңізі» тақырыбына әңгіме өткізу.

13, 16, 17

әңгіме

14-апта

Реферат, жоба тақырыптарын қорғау

4, 6, 7

реферат

15-апта


2.3 Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі


Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі




























*













*

Ауызша сұрау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Коллоквиум



















*

























Тестілеу













*













*













*

Баяндама










*










*






















Эссе


































*










Аралық тестілеу



















*






















*

Барлығы














































*Ескерту: тапсырма түрлері мен ағымдағы бақылаудың мезгілділігі берілетін пәннің өзгешелігіне байланысты дайындалады

3 РЕФЕРАТ ТАҚЫРЫПТАРЫ


1 Қазіргі кездегі кірме сөздердің қазақ тіліне әсері.

2 Жаргон сөздер.

3 Шығыс говоры.

4 Фразеологизмдердің мақал-мәтелдерге қатысы.

5 «Сан есім – зат есім»типті сөз тіркестері.

6 Қазіргі қазақ жарнамаларының тілдік ерекшеліктері.

7 Абайдың ақындық мектебі.

8 Интернет басылымдарындағы тіл мәдениеті.

9 Интернеттегі қазақ тілі.

10 Лингвомәдениет – жаңа бағыт.

11 Ахмет Байтұрсынұлы – тілші.

12 Мемлекеттік тіл – татулық тірегі.

13 Сөздік қорды байыту әдістері.

14 Ана тілім – ардағым.

15 Жер, су атауларының тарихи көрінісі.

16 Сапалы білім – бәсеге қабілетті қоғамға негіз.

17 ҚР тіл саясаты.

18 Шығыс Қазақстан облысындағы танымал тұлғалар.

19 Жастар және қоғам.

20 Айналайын атажұртым.

21 БАҚ және тіл мәдениеті.

22 Еліміздің батыр қыздары.

23 Қазақ тілінің ұлттық ерекшеліктері.

24 Тәуелсіздік – берік тұғырым.

25 Қазақ тілі – Қазақстанның болашағы.

26 Термин сөздерді қолданудың ғылыми негіздері.

27 Қазақ әлемінің жеті кереметі.

28 Қазақ елінің тұңғыш президенті.

29 Кірме сөздердің қазіргі ауызекі сөйлеу стиліндегі қолданысы.

30 Көпмағыналы сөздер және омонимдер.

31 Жаргондық лексика және әдеби тіл.

32 Қазақ тіліндегі терминжасау ерекшеліктері.

33 Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа сөздердің түрлілігі.

34 Техникалық терминдерді аудару мәселесі.

35 Ұлт татулығы – мемлекеттің беріктігі.

36 Мақал – сөз мәйегі.

37 Қазақстандық ғарышкерлер.

38 Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы.

39 Абай Құнанбайұлының тәрбиелік көзқарасы.

40 Оралхан Бөкей әңгімелеріндегі диалект сөздер.


4 ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4.1 Негізгі әдебиеттер

1 Әлмұрзина Г., Назбиев Ж. Қазақ тілін жеделдетіп оқыту курсы.
Өскемен, 2000.


  1. Бектұров Ш. Қазақ тілінің қолданбалы грамматикасы. – Астана, 2003.

  2. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы).
    – Алматы: Әділет, 1998.

  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Кен ісі және металлургия. – Алматы: Мектеп, 2003.

  4. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер. – Алматы: Рауан, 2000.

  5. Құпиялы өлкенің ғажайыптары. Энциклопедия. – Өскемен, 1999.

  6. Мурзалина Б., Нуркеева С. Қазақ тілі учебное пособие для интенсивного обучения казахскому языку. – Алматы, 1998

  7. Мухамадиева Н., Атабаева М., Ибраева Р. Іскерлік қазақ тілі.
    – Алматы, 2000.

  8. Мұхамадиева Н. Кәсіби қазақ тілі. – Алматы, 2004.

  9. Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому языку.
    – Алматы: Білім, 1996.

  10. Мұхамадиева Н.Қ. Іскерлік қазақ тілі: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2007.

  11. Сейлхан А.Қ., Советова З.С. Қазақ тілі: Тау-кен металлургиялық факультетінің студенттеріне өздік және оқытушы мен студент арасындағы жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Өскемен: ШҚМТУ, 2009. – 62 б.

  12. Күзекова З.С. Қазақ тілінің практикалық курсы. – Алматы, 2001.
    1. Қосымша әдебиеттер





  1. Аяпова А. Қазақ тілі. Оқу құралы. Алматы: Білім, 2000.

  2. Бектаева Ш. Казахский язык. – Алматы, 1995.

  3. Маманов И. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 1989.

  4. Оразалин С. Қазақ тіліндегі септіктер жүйесі. Оқу құралы. – Өскемен, 1999.

  5. Оралбаева Н. Изучаем казахский язык. – Алматы, 1989.

  6. Сейлхан А., Советова З. Қазақ тілі: тау-кен металлургия факультетінің студенттеріне және қазақ тілі пәнінің оқытушыларына арналған мәтіндер жинағы. –Өскемен, 2007.

5 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ



5.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары (мысалы):

  • сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.


5.2 Рефератқа қойылатын талаптар


Рефератты жазып, қорғау әдісі: Студент өзі таңдаған тақырыбына байланысты кітапханадан қажетті әдебиет іздестіруі, табылған әдебиетпен жұмыс істеуі, реферат жоспарын құрастыруы және конспект дайындауы қажет. Қазіргі кезеңде электрондық почта арқылы жұмыс жасап, БАҚ материалдарын қолдану студент үшін өте қажет. Студент пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме жасай отырып, еңбекпен өз бетінше жұмыс жасайды.
Рефератты көркемдеудің және қорғаудың шарты: көлемі 15-20 баспа бет, 1,5 интервал арқылы (14 шрифт) сыртқы беті үлгі бойынша. Титулдық бетінде реферат тақырыбының аты, орындалған жері көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні жазылатын орын қалдырылуы керек. 1-бетінде рефераттың жоспары тұруы керек. Соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі тиіс.

Студент жазба жұмысын СОӨЖ кезінде топтың және оқытушы алдында қорғайды. Оның мәнісі рефераттың мәтінін бастан-аяқ оқып шығу болмау керек. Студент жұмысының әрбір бөліміне тоқталып, рефератты жазу барысындағы ізденіс жұмыстарына, пайдаланылған әдебиеттерге ауызша 5-6 минут тоқталуы қажет. Бұл студенттің өзі жазған жұмысын толық түсінгендігін көрсетеді. Студент реферат тақырыбы аясында топ студенттері мен оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі тиіс.



5.3 Баға критерийі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:



Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Ауызша сұрау

Коллоквиум

тестілеу

баяндама

Эссе

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

5

5

10

10

15

5

-

50

100

Рейтинг 2

5

5

10

-

15

5

10

50

100

*Ескерту: Ағымдағы бақылаудың меншікті салмағы және түрі оқылатын пәннің өзгешелігіне байланысты оқытушы зерттеп дайындайды.

Әр пәннен емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:



, (1)

мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.

Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:



Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған


5.4 Қорытынды бақылау жасауға арналған мәліметтер
Қорытынды бақылау тест түрінде өтеді. Қорытынды бақылауда қамтылатын сұрақтар:

  1. Буын. Буын түрлері .

  2. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар

  3. Көптік жалғау.
  4. Жіктік жалғау.


  5. Тәуелдік жалғау.

  6. Септік жалғаулары.

  7. Зат есім.

  8. Сын есім. Сын есімнің шырайлары .
  9. Сан есім, мағыналық түрлері.


  10. Есімдік.
  11. Етістіктің шақтары.


  12. Келер шақ.

  13. Өткен шақ.

  14. Етістіктің райлары.

  15. Тұйық етістік. Тұйық етістіктің тәуелденуі. Тұйық етістіктің септелуі.

  16. Үстеу.

  17. Көмекші есімдер.

  18. Шылау сөздер.

  19. Жалғаулық шылаулар.

  20. Демеулік шылаулар.

  21. Одағай.

  22. Жай сөйлемнің түрлері.

  23. Салалас құрмалас сөйлем.

  24. Сабақтас құрмалас сөйлем.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет