Студентке арналған тапсырма: «Жараны алғашқы хирургиялық өңдеу»


Полюглюкин арқылы резус тиістілік бойынша жеке сәйкестікті анықтау



бет45/46
Дата05.05.2020
өлшемі231,85 Kb.
#66009
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Байланысты:
оеска t Word (3)-1

Полюглюкин арқылы резус тиістілік бойынша жеке сәйкестікті анықтау.

Мақсаты: донор мен реципиент арасындағы резус сәйкестікті анықтау

Көрсеткіші: жедел қан құю: ота кезінде, ота алдын дайындық.

Керекті заттар: донор қаны, 33% полюглюкин ерітіндісі, реципиент сары суы, шыны таяқшалар, пипетка, пробирка, шприц, ине, стерильді дәкелі шарик, спирт,стерильді пинцет, стерильді биялай, құм сағат, ҚҰҚ жәшәгі.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдейміз

  2. Стерильді биялай киеміз

  3. Пробирка түбіне 2 тамшы реципиент сары суын, 1 тамшы донор қанын және 1 тамшы 33% полюглюкин ерітіндісін тамызыңыз.

  4. Пробирканы жай шайқаңыз

  5. Пробирканы иіп горизонтальды бағытта жай айналдыра отырып 5 минут ағымында араластырыңыз

  6. Пробиркаға 3-4 мл 0,9% натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тамызыңыз

  7. 2-3 рет пробирканы айналдыра отырып араластырыңыз

  8. Егер агглютинация болса қанды құюға болмайды

  9. Егер агглютинация болмаса , реакция теріс мәнді жәнеде қанда құюға болады

  10. Биялайды шешіңіз және ҚҰҚ жәшігіне тастаңыз

Ескерту: Бөлме температурасы 15-25 градус аралығында болу керек жалған агглютинация болмау мақсатында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет