Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


МОТОР МАЙЫНЫҢ ҚАТЫСЫНДА ЭМУЛЬСИЯ АЛУ



Pdf көрінісі
бет116/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

МОТОР МАЙЫНЫҢ ҚАТЫСЫНДА ЭМУЛЬСИЯ АЛУ 
 
Анарбекова Т., Наурызбай А. 
Ғылыми жетекші: Керимкулова М.Ж. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
t_anarbekova@mail.ru
 
Дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, халық санының өсуі және оның 
жағдайының жақсаруы энергия тұтынудың күрт өсуіне алып келді. Сәйкесінше дәстүрлі 
отынның альтернативасы бола алатын отынның түрін алудың жолдарын дамыту өзекті 
мәселе. Отынның басқа түрін қалдықтардың негізінде дайындау – әлемдік энергетикалық 
жүйенің дамуының өтпелі кезеңі болып саналады. Соған сәйкес энергияны үнемдеу, әрі 
қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірдей қамтитын энергетикалық жүйелер жан-жақты 
қарастырылуда. Оның бірі – көмір-су отыны (КСО) яғни көмірдің судағы суспензиясы. КСО 
алудың негізі көмірдің судағы суспензиясы, олеосуспензия болып табылады. Ал 
олеосуспензияның негізі эмульсия алу. Олеосуспензияның негізгі шикізаты мотор майының 
қалдығы болып саналады. Яғни, олеосуспензияның шикізаты қалдықтар. Қалдықтарды отын 
ретінде пайдалану экологиялық мәселелерді де шешуге өз ықпалын тигізбек.
Эмульсиялар 
термодинамикалық 
тұрақсыз 
екені 
белгілі. 
Тұрақтылықты 
эмульгаторлардың (БАЗ) қатысында көрсетеді. БАЗ-дың жүйеге қосылуымен беттік 
керілудің төмендеуі және энтропияның өсуі термодинамикалық тұрақты эмульсияларды 
қалыпты жағдайда алуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда алынып жатқан су-көмірлі отындар 
– ЖЭС және жылу қазандықта қолданылатын: көмір, сұйық және газ тәрізді отындар сияқты 
бәсекеге ие.
Жұмыстың мақсаты – полиакрил қышқылы мен натрий лигносульфонатының қатысында 
су-көмірлі отын алуға қажетті тұрақты эмульсия алу. 
Зерттеу кезінде дисперсті орта ретінде натрий лигносульфонаты (Na ЛГС) мен 
полиакрил қышқылының композициясы алынды. Дисперсті фазасы ретінде «ЛУКОЙЛ» 
стандарт SF/CC 15W-40 мотор майы қолданылды. Жұмыс барысында дисперсті ортаның 
физика-химиялық қасиеттері: беттік керілу, оптикалық тығыздық, қатты бетте жұғу
фазааралық керілу және эмульсияның өмір сүру уақыты анықталды. Зерттеулерге сәйкес 
натрий лигносульфонатының концентрациясы жоғарылаған сайын беттік керілу мен 
фазааралық керілу мәнінің төмендеуі, ал полиакрил қышқылының концентрациясы 
жоғарылаған сайын керісінше беттік керілу мен фазааралық керілу мәнінің жоғарылауы 
байқалды. Яғни, БАЗ-дар беттік және фазааралық керілулерді тиімді төмендететін болса
полимерлер БАЗ-дардың қамтамасыз етіле алмайтын беттік және фазааралық қабаттардың 
механикалық маңызды қасиеттерін көрсетеді. Зерттеу барысында әртүрлі қатынаста 
эмульсиялар алынып, өмір сүру уақыты зерттелді. ПАК-тың концентрациясы тұрақты 0,1 %, 
NaЛГС 0,1-2,0 % аралығында эмульсия алу барысында эмульсиялардың өмір сүру уақыты 48 
сағаттан асты.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
122 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет