Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


КРАХМАЛ НЕГІЗІНДЕ ПОЛИМЕРЛІ МАТЕРИАЛДАР АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет161/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

КРАХМАЛ НЕГІЗІНДЕ ПОЛИМЕРЛІ МАТЕРИАЛДАР АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ 
БИОЫДЫРАУ ҚАСИЕТТЕРІН БАҒАЛАУ 
 
Самигуллаева А.Ғ. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Уркимбаева П.И. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті
 
samigullayeva.albina@gmail.com
 
Пластикалық қалдықтардың жиналуы және олардың адамзат денсаулығы мен қоршаған 
ортаға әсері сияқты өткір экологиялық мәселе биодеградацияға қабілетті заманауи полимерлі 
материалдарға әкелді. Биополимерлер (толық атауы – биологиялық ыдырайтын полимерлер) 
басқа пластмассалардан ерекшеленеді, өйткені олар физикалық факторлар мен 
микроорганизмдердің – бактериялардың немесе саңырауқұлақтардың әсерінен қоршаған 
ортада ыдырайды. Полимер, әдетте, егер оның барлық массасы алты ай ішінде топырақта 
немесе суда ыдыраса, биологиялық ыдырайтын болып саналады, бұл қалдықтар мәселесін 
шешуге мүмкіндік береді.
Қаптама көздерін қысқартуға, қайта өңдеу мүмкіндігіне, компосттауға, қайта өңдеу 
саясатына басымдық берілмегендіктен, алдағы жылдары қалдықтар саны артуы мүмкін. Осы 
проблемаға және таза пластикалық материалдарға қойылатын қазіргі талаптарға байланысты 
биологиялық ыдырайтын полимерлерді қолдана отырып, пленка материалдарын жасау өсті. 
Ұсынылған жұмыста жоғарыда айтылған мәселелерді шешу мақсатында картоп 
крахмалы (γ-сәулеленген) мен поливинил спирті қоспасына негізделген биоыдырайтын 
үлдірлер алу және олардың биоыдырау қасиеттеріне арналған. 
Алдымен қасиеттеріне байланысты синтездер жасалынды. Синтездер 70-75°C 
температурада әртүрлі массалық үлесте ПВС:ГЛ; ПВС:КХ (γ-сәулеленген):ГЛ; ПВС:КХ (γ-
сәулеленген):CaCO
3
:ГЛ; ПВС:КХ (γ-сәулеленген):АҚ:ГЛ негізінде жасалып, петри 
табақшаларына құйылып, тұрақты массаға дейін кептірілді. Үлдірлер біртекті, мөлдір емес 
болып түзілді, бұл жағдай компоненттердің үйлесімділігін көрсетеді. Зерттеу барысында 
пластификатор ретінде глицерин қолданылды. Себебі, глицерин – дайын материалдардағы 
ылғалды стабилдейтін гигроскопиялық зат. Үлдірлердің физика-механикалық қасиеттері 
зерттелініп, ИҚ спектроскопия және СЭМ анализдері жасалынды. ПВС пен крахмал (γ-
сәулеленген) негізінде синтезделіп тігілген үлдірлер сулы топырақта 60 күнде, құрғақ 
топырақ ортасында 5-6 ай мерзімінде толық ыдырауға ұшырайды.
Жүргізілген зерттеулер орау материалдарын дайындау үшін ПВС қосылған крахмал (γ-
сәулеленген) негізіндегі биодеградацияланатын полимерлік материалдарды қолдану 
перспективасын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет