Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
БАЗ-ПОЛИМЕР ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАҒЫШ ЖУҒЫШ КОМПОЗИЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ Файзулла А. Ғылыми-жетекшісі: х.ғ.к., доцент Құмарғалиева С.Ш. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті faizullaevaa_21@mail.ru Технологиялық процестердің қарқындылығын арттыру қазіргі химия ғылымының
басты мәселелеріне жатады. Осы мәселені шешуде БАЗ – полимер комплекстеріне
негізделген композициялық БАЗ-дардың қолдануы маңызды орын алады. Олар дисперстік
жүйелердің қатысуымен жүретін коллоидтық-химиялық процестерді реттеу үшін тиімді
флоккулянтар, көбіктердің тұрақтандырғыштары ретінде экологиялық мәселелерді
шешуде, медицинада, биотехнологияда және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.
Аталған жүйені қолдану салаларының көптігіне байланысты беттік-активті заттар мен
полимер ерітінділерінің сипаттамасы мен қасиеттерін зерттеу мақсатында ауқымды
зерттеулер жүргізілген. Дегенмен сулы ерітіндегі беттік активті зат-полимер жүйелерінің
күрделілігіне байланысты олардың қасиеттерін түсіндіруде көптеген қайшылықтар әлі де
бар. Қазіргі таңда бактерицидтік, фунгицидтік, вирулицидтік, дезинфекциялағыш жуғыш
заттарды өңдіру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі қазіргі мезгілде технология
дамып жатыр дегеннің өзінде олар әлі жетіспеушілікте. Осындай жаңа полимер-БАЗ
негізіндегі композицияларды өндіру бір жағынан теориялық қызығушылық туғызса,
екінші жағынан практикалық маңызды.
Осы тұста жұмыста табиғаты әртүрлі беттік-активті заттар мен бактерицидтік полимер
негізінде жаңа жуғыш композицияларын құрастырып және олардың беттік қасиеттерін
анықтадық. Дезинфекциялаушы әсері бар жуғыш зат, оның ішінде дезинфекциялаушы,
беттік-активті зат және су, оның құрамында полигексаметиленгуанидин хлоридін сонымен
қатар, беттік активті заттар ретінде алкилполиглюкозид, натрий лауретсульфаты
қолданылды. Жұмыста жұғу бұрышы мен жуғыштық қасиеттерін анықталды. Алынған
нәтижелерді ескере отырып қорытынды жасалынды. Осыған қоса Метацид пен SLES, АПГ
және олардың композицияларының беттік керілуі, беттік активтіліктері есептелді.
Жасалынған жұмыстарда алынған БАЗ-полимер композициясының ерекше жуғыштық
қасиеттері туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
175