ПОЛИАКРИЛ ҚЫШҚЫЛЫ МЕН БЕТТІК-АКТИВТІ ЗАТТАРДЫҢ КОМПЛЕКСІНІҢ
ЭМУЛЬСИЯНЫҢ ӨМІР СҮРУІНЕ ӘСЕРІ
Умарова Д.Р., Жүсіпова Г.Е., Наурызбай А.
Ғылыми жетекші: Керимкулова М.Ж.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
Коллоидтық химия ғылымында микрогетерогендік дисперстік жүйелер және олардың
тұрақтылығы жөніндегі мәселелер ерекше манызды орын алады. Микрогетерогенді жүйелер
ішінде эмульсиялардың орны ерекше. Қазіргі заманда эмульсияларды қолдану аймағы өте
зор, олар әртүрлі өндірістерде, кен байытуда, медицинада мен косметологияда, ауыр, жеңіл
және тамақ өперкәсіптерінде, тұрмыста, тазалау әдістерінде колданылады. Қолданылған
эмульсияларды (қалдықтарды) энергетика саласында қолдану жолдары да қарастырылған.
Яғни, отын өндірудің әртүрлі технологиялық процестерінде қолданылуда.
Эмульсиялар – бір-бірінде екі немесе оданда көп өзара ерімейтін сұйықтық түзетін
термодинамикалық тұрақсыз дисперсті жүйелер. Оның негізі фазааралық артық энергияның
көп болуында. Эмульсияны тұрақтандыру үшін – эмульгаторлар қолданылады. Әр түрлі
тұрақтандырғыштар С/М және М/С типті эмульсиялардағы бөлшектердің соқтығысу
тиімділігіне әртүрлі әсер етеді. Әдеби шолудың негізінде полиакрил қышқылы (ПАК)
катионды, анионды беттік-активті заттардың (БАЗ) комплексімен тиімді эмульгатор
болғандығы белгілі. Осыған байланысты зерттеу нысандары ретінде мотор майы - «Лукойл»
15/40,
БАЗ/полимер
комплексі
–
полиакрил
қышқылы
(ПАК),
натрий
додецилбензолсульфонат (ДДС), октадециламин (ОДА) алынды.
Дисперсті орталардың әртүрлі концентрациялары дайындалып, физика-химиялық
қасиеттері зерттелді. ПАК/ОДА негізінде алынған эмульсия (ОДА 70%; ПАК 30%) n
жоғарылаған сайын күрт артады және N>1 кезінде эмульсиялар шексіз тұрақты болады
(бақылау уақыты 1-14 күн). Тек ПАК қатысуымен ғана ОДА-ның тұрақтандырушы қасиеті
күшейеді. Сонымен бастапқы ПАК концентрациясы (50|50) болған кезде ОДА
концентрациясының 0,0001 ден 0,01 ге жоғарлауы эмульсия тұрақтылығын 2 сағаттан 1
аптаға дейін береді. Ал ПАК концентрациясы 30% және ОДА концентрациясы 70% болған
кезде эмульсияның өмір сүру уақыты 1 аптадан аса тұрақты. Нәтижесінде ең тұрақты
эмульсия 0,01% конц.тең.
ПАК/ДДС негізінде алынған эмульсияда әртүрлі қатынаста зерттелді. ПАҚ С=0,1%
және БАЗ С= 0,2% (БАЗ 70%-ПАК 30%) композициясы мен мотор майынан 1:1 қатынаста
алынған май/су тікелей эмульсиясының өмір сүру уақыты шексіз тұрақтанды және
тұрақтылығы бірнеше апта уақыт бойы (1-14 күн) сақталды.
Жекелеген БАЗ-дарға қарағанда композияциялар эмульсияның өмір сүру уақытын
жоғарылататындығы анықталды.
Жұмыстың практикалық маңызы алынған нәтижелердің эмульсия тұрақтандырғышы
ретінде тиімді полимер мен беттік-активті заттарды таңдау үшін, сонымен қатар су-көмір-
май суспензиясын алу арқылы отын өнеркәсібінде мазут алмастырғыш ретінде арзан,
экономикалық тиімді отын алудың негізі болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |