Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


«ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ» БӨЛІМІНЕ АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет189/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

«ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ» БӨЛІМІНЕ АРНАЛҒАН
ЖИЫНТЫҚ 
БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
 
Қанатбекова Ж.Д. 
Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Бақыткәрім Ы. 
Абай
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
педагогикалық

университеті
 
zhad1ra@mail.ru 
Білім алу барысында, оқу үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі бағалау және тексеру 
болып табылады. Бағалау - білім алу барысында, алға қойылған мақсаттың орындалғанын, 
оқу үрдісі арқылы белгілі бір міндетке қол жеткізгенін айқындайтын жүйе. Оқудың 
нәтижесін шығару. Білімді бағалау оқу процесінің қиын әрі негізгі құрам бөлігі болып 
табылады. Оқушылардың білімі мен білігін тексеру, бағалау арқылы ұстаз өзінің білім беру 
жүйесіне де талдау жасайды, оқу үрдісі барысында жіберген қателіктеріне көңіл аударып, 
түзетулер еңгізіп, мінсіз етуге тырысады. Жүйелі түрде бағалау, тексеру оқушылардың 
күнделікті сабаққа дайын болып келуге үйретеді, жауапкершілікті сезіне біліп, алға қойған 
мақсаттарына бірізділікпен жетуге дағдыландырады. Бағалаудың басты мақсаты ретінде 
пәндік құзыреттілікті, яғни, білім, білік, дағдының сапасын анықтай отырып, оқушылардың 
сабақтың мазмұнын игеру дәрежесін анықтай алады. 
Қазақстанның дамыған мемлекет ретінде қалыптасу барысында орта білімнің алатын 
орыны ерекше. Себебі, білім беру жүйесінің дамуымен болашақ ұрпақ өркендейді, өскелең 
ұрпақтың бәсекеге қабілетті болуы тамыры тереңге жайылған, өркениеті дамыған 30 елдің 
қатарынан көрінуімізге кепілдік. 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау оқу жоспарына, оқу бағдарламасына сай бөлім 
немесе ұқсас тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізіледі. Бөлім бойынша жиынтық 
бағалаудың міндеті – білім алушының ағымдағы оқу жетістігін, аралық нәтижелерін 
белгілеу. Бөлім бойынша жиынтық бағалау өткізе отырып ұстаз оқушылардың үлгерімін 
тарау аяқталған сәтте тексеріп отыра алады. Ұстаз оқушылар түсінбеген тақырыптарды 
анықтап, өзі жіберген олқылыптарды да дер кезінде түзете алады. Бөлім бойынша жиынтық 
бағалауды ұйымдасытыру критериалды бағалау ережесіне сай жүзеге асырылады. Бұл 
бағалау сабақта 15-20 минуттан аспайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Ұстаз 
тапсырмаларды құрастыру барысында әдістемелік нұсқаулықтарды пайдалана алады немесе 
өзгертіп, өзі құрастырады. Сондай-ақ білім берушіге бағалау құралдарын өз бетінше әзірлеу 
ұсынылады. Орындалған жұмыстың нәтижесімен жұмыс жасалуы керек және оқушыны одан 
әрі оқуға ынталандыруы қажет. Кері байланыс жасалу барысында оқушы жетістігі, қол 
жеткізген деңгейі туралы ақпарат айтылады.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
196


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет