ДАЛА ЖАЛБЫЗЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ
ЗАТТАРДЫ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ
Кеңесова Ж.А., Лесбек Т.Е.
Ғылыми жетекшісі:
х.ғ.к. проф.м.а.
Азимбаева Г.Е.
Қазақ
Ұлттық
Қыздар
Педагогикалық
Университеті
Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары. Биологиялық белсенді
заттарға жататын флавоноидтардың көзі-өсімдіктер болып табылады. Көптеген дәрілік
өсімдіктердің құрамында белгілі мөлшерде полифенолды қосылыстар болады және де олар
сол өсімдіктің шипалық қасиетін анықтайды. Ең көп сұранысқа ие дүние жүзілік дәрілер
көрсеткішінің ішінде тұрған антиоксиданттық қасиет көрсететін өсімдіктің бірі - жалбыз [1].
Зерттеу мақсаты:
Дала жалбызының құрамындағы биологиялық белсенді заттардын
және химиялық құрамын зерттеу.
Зерттеу нысаны:
Ташкент облысы, Қыбырай ауданы,
Бурата елді мекенінен 2021 жылдың қыркүйек айында жиналған дала жалбызы. Шикізаттың
құрамындағы С дәруменнің мөлшері [2] илегіш заттардың мөлшері [3] титриметриялық
әдіспен, флаваноид [4], антоциан [5], кумариндер [6] фотокалориметриялық әдіспен
анықталды. Шикізаттың ылғалдылығы мен күлділігі гравиметриялық әдіспен, сулы
ерітіндісінің pH-ы “pH-010” маркалы pH-метрінде, бос органикалық қышқылдар
титриметриялық әдіспен анықталды. Белоктың массалық үлесі ГОСТ 10846-91 әдісімен,
клетчатканың массалық үлесі Венда әдісімен, крахмалдың массалық үлесі ГОСТ 10845-98
әдісімен, майдың массалық үлесі ГОСТ 29033-91 әдісімен және көмірсулардың массалық
үлесі перманганометриялық әдіспен анықталды.
Қорыта келе,
дала жалбызының құрамында
С дәруменінің мөлшері жоғары. Дала жалбызының құрамында антоциан, илегіш зат содан
соң кумарин, флавоноид көп мөлшерде анықталды. Дала жалбыздың сулы ерітінділерінің
pH-ы әлсіз қышқылдық ортаны көрсетеді. Күлділігі мен ылғалдылығы мемлекеттік
стандарттан ауытқымайды. Бос органикалық қышқылдар 0,74-0,89% аралығында болды
және де дала жалбызы белокқа, крахмалға, көмірсуларға бай екенін көруге болады. Сондай-
ақ майдыңда мөлшері жоғары.
Әдебиеттер:
1.
Гүлстан республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журнал, 2010.
2. А.И.Ермакова. Методы биохимического исследования растений. Изд.2-е, перераб. И доп.
Под ред. Д-ра биол. Наук. Ленинград от-ние. 1972. -91с.
3. Государственная фармокопия 11 издание, выпуск 2. Москва “Медицина” 1990
4. Г.М.Федосеева, Иркутск Фитохимический анализ растительного сырья, содержашего
фловоноид: учебное пособие, 2009. -35-36c.
5. Государственная фармакопея 14 издание. Электронное издание. 2018
6. Р.Г. Фархутдинов / Основы фитохимического анализа: учебное пособие, 2016.-190с.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
195
Достарыңызбен бөлісу: |