Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет83/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
esse kychakova a.yu , 1 ОЖСӨЖ, КТЖ-8 сынып 2 сағ дұрысы (3)(1), 7 synyp fizika pnnen zerthanaly zhmystar 1421073646 83055, 70 сұрақ, 70 сұрақ, 70 сұрақ, ea9aefc2-5dec-47b9-81e0-fbcf35756848, Толағай тауының тарихын айтшы, эссе Динара (1), httpslib.nsu.ruxmluibitstreamhandlensu584Задачник Физическая20химия.pdfsequence=4&isAllowed=y
V
Е
RB
А
S
С
UM 
О
RI
Е
NT
А
L
Е
 ӨСІМДІГІНЕН
БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ КЕШЕН АЛУ 
 
Ризабекова М.У. 
Ғылыми жетекшісі: PhD Ибраева М.М. 
С

Аманжолов
 
атындағы
 
Шығыс
 
Қазақстан
 
Университеті
 
rizabekova.maira@gmail.com
 
 
Қазақстан аумағы өсімдіктердің алуан түріне бай. Бірақ бұл өсімдіктер қазірге таңда 
ғылымда және медицинада шектеулі түрде ғана қолданылады. Сол себепті қазіргі уақытта 
фармацевтикалық фитоөндірістің маңызды мақсаты құрамында биологиялық белсенді 
кешені бар жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін тауып,зерттеу. Осыған орай, Қазақстан 
аумағында өсетін
 
өсімдіктерден биологиялық белсенді кешен алу жолын ұсыну, олардың 
химиялық құрамын, қасиеті мен пайдасын зерттеу өзекті мәселлердің бірі. Өсімдік шикізаты 
негізінде дәрілік заттар өндірісін дамыту отандық фармацевтика саласын жандандырудың 
бірегей көзі болып табылады. 
Зерттеу нысаны – Шығыс Қазақстан облысының аумағында өсетін 
S
с
r
ор
hul
а
ri
асеае
тұқымдасына жататын 
V
е
rb
а
s
с
um 
о
ri
е
nt
а
l
е
өсімдігінің жер үсті бөлігі. 
Шығыс аюқұлағы (
V
е
rbassum 
о
rientale
) – өте мол гүлденуімен ерекшеленетін дала 
өсімдіктерінің бір түрі. Өсімдік биіктігі 50-100 см болатын көпжылдық өсімдік, құрғақ 
жағдайда өсуге жақсы бейімделген, сондықтан оларды тасты беткейлер мен құмды 
топырақтарда жиі кездестіруге болады. Балқаш-Алакөл өңірі, Ақтөбе облысы, Тарбағатай 
және Жоңғар Алатауы маңайларында кездеседі. Жалпы таралуы – Орта Азия, Батыс Қытай, 
Батыс Сібір, Кавказ өңірлері. Халықтық медицинада бұл өсімдіктің жер үсті бөлігі диарея, 
тіс ауруы, созылмалы цистит, бронх демікпесі, өкпе туберкулезі, көкбауыр аурулары, суық 
тию, ревматизм, бас ауруы және басқа ауруларға қолданылады. 
Зерттеу барысында Шығыс Қазақстан облысында жиналған 
V
е
rb
а
s
с
um 
о
ri
е
nt
а
l
е
 
өсімдігінің жер үсті бөлігінен биологиялық кешен алынды, оған фитохимиялық талдау 
жасалып, биологиялық белсенді заттардың сандық және сапалық талдауы ҚР Мемлекеттік 
Фармакопеядағы I әдістемелік нұсқаулар бойынша жүргізілді. Жүргізілген зерттеу 
нәтижесінде,
V
е
rb
а
s
с
um 
о
ri
е
nt
а
l
е
өсімдігінің ылғалдылығы – 9,97%, шикізат күлділігі – 
5,78%, экстрактивті заттардың мөлшері – 40,80%, алкалоидтар – 0,65%, тері илегіш заттар – 
0,75%, кумариндер – 0,58%, органикалық қышқылдар – 0,76%, флаваноидтар – 1,9%, 
сапониндер – 0,45% құрады. 
Зерттеу жұмыстары әлі де жалғасуда. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
88 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет