Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


МЕХАНИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІРУ АРҚЫЛЫ БАЛҚЫТЫЛҒАН МЫС ҰНТАҒЫ



Pdf көрінісі
бет205/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

МЕХАНИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІРУ АРҚЫЛЫ БАЛҚЫТЫЛҒАН МЫС ҰНТАҒЫ 
МЕН СУЛЬФИДТІ МЫС КОНЦЕНТРАТЫНЫҢ РЕАКЦИЯҒА ҚАБІЛЕТТІЛІГІН 
ЖОҒАРЫЛАТУ 
 
Орынбек Г.Ж. 
Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Қамұнұр Қастер 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
gaukharorynbek28422@gmail.com
 
 
Үйінділік шлак – мыстың металлургиялық өндірісіндегі жанама өнім болып табылады. 
Әлемде жыл сайын 50 миллионға жуық шлактар жинақталады. Мырыш, мыс, қорғасын
алтын, күміс үйінділік шлактың құрамында едәуір мөлшерде болады. Казахмыс 
корпорациясының («Kazakhmys Smelting») Балқаш мыс қорыту зауытында жылына 500 мың 
тонна шлак түзіледі: мыс (1%) - 5 000 тонна, мырыш (5%) – 2 500 000 тонна, қорғасын (0,6%) 
– 3 000 тонна, алтын – 100 кг, күміс– 2 000 кг, мышьяк (0,1%) –500 тонна. Осы тұста 
өндірістік қалдықтың екі көрінісін сипаттауға болады: бағалы металдардың көзі және де 
қоршаған ортаны ластаушы. 
Қазіргі таңда металлургиялық шлактарды түсті металдарды қосымша алу көзі ретінде 
ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптің басқа түрлеріне арналған өте құнды шикізат деп санау 
керек. Мұның бәрі қалдықтардың осы түрін кәдеге жарату бойынша технологиялық 
шараларды әзірлеу қажеттілігін анықтады. Фазалық талдау нәтижелері бойынша 
шлактардағы мыс, тотықсызданған және тотыққан формадағы сульфидтер 80% дейін 
(халькозин,халькопирит, борнит) түрінде ұсынылған. Қазіргі уақытта мыс балқымалы 
шлактарын гидрометаллургиялық өңдеуге айтарлықтай қызығушылық бар, әсіресе 
қышқылдар, негіздер және тұздар сияқты реактивтермен шаймалау. Олардың ішінде 
шаймалау агенті ретінде мыс балқыту зауыттарында көп мөлшерде, өндірілетін күкірт 
қышқылы ең перспективті нұсқа болып көрінеді. 
Механикалық белсендіру - үйінділік мыс шлагының меншікті бетінің максималды 
артуын қамтамасыз етеді. Мыстың бөліп алу дәрежесі мен селективтілігін максималды 
жоғарылату үшін үйінділік мыс шлагын механикалық белсендіру. Механикалық белсендіру 
өңделген материалдың ішкі энергиясының және меншікті бетінің өзгеруімен жүреді. 
Үйінділік шлактың механикалық белсендіруі сілтісіздендіру кезінде оның компоненттерінің 
реакцияға түсу қабілетінің өзгеруіне әкеледі деген болжам жасалынды. 
Механикалық белсендіру арқылы өңделген мыс концентратының ішкі энергиясының 
және меншікті бетінің өзгеруімен жүреді. Механикалық белсендірілген шлактар 
сілтісіздендіру кезінде оның компоненттерінің реакцияға түсу қабілетінің арттыратындығы 
белгілі болды. Синтез өнімдерінің құрамдық және құрлымдық талдауы химиядағы 
физикалық талдау әдістемелері негізінде жасалынды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
212


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет