«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
251
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ БИТУМДАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН АНЫҚТАУ Серикказинова А.Қ. Ғылыми жетекші: Оңғарбаев Е.Қ. әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті akbota.serikkazinova@mail.ru
Бұл жұмыста Қазақстанның мұнайбитумды жыныстарынан табиғи битумды бөліп
алып, олардың құрамының ерекшеліктерін анықтау қарастырылды.
Табиғи битумдар – ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінде ауыр мұнай фракцияларынан
түзілетін қатты немесе тұтқыр шайырлы заттар . Табиғи битум мұнайдың жер бетіне
шығатын жерлерінде, табиғатта тамырлы шөгінділердің кен орындарында, сондай-ақ
битуммен сіңдірілген шөгінді тау жыныстарында көлдер түрінде кездеседі. Қазіргі таңда
Батыс Қазақстанда мұнайбитумды жыныстардың 50-ден аса кен орны бар екендігі
анықталған. Мұнайбитумды жыныста 10-12% битум, 83-85% минералды заттар және 4-6% су
болады .
Мұнай өнеркәсібінде қолданылатын ең ерте конверсиялық процестердің бірі-жоғары
қайнайтын материалдардың төмен қайнайтын өнімдерге термиялық әдіс арқылы ыдырауы
болып табылады. Бұл процесс дистилляция процесінің жоғары қайнайтын өнімдерінен
бензин алу үшін жүргізіледі.
Жұмыста зерттеу нысаны ретінде Атырау облысындағы Мұнайлы-Мола кен орны,
Маңғыстау облысындағы Беке және Ақтөбе облысындағы Дөңгелек сор кен орындарының
мұнайбитумды жыныстары алынды. Битумды бөліп алу термиялық әдіспен жүзеге асты.
Мұнайбитумды жыныстың әрқайсысын шамамен 300-350 г шамасында өлшеп алып,
реакторға жүктеп, пеште қыздыру процесі басталады. Процесс барысында температураның
өзгеруімен болатын құбылыстар және бөлінген сұйық өнімдердің мөлшері өлшеніп
отырылды. Процесс бөлме температурасынан 520°C-ге дейін бірқалыпты қыздыру
жағдайында жүзеге асты. Қыздыру жылдамдығы минутына 6-дан 16,7°C-қа дейін болды.
Процестің орташа ұзақтығы 45 мин болды. Алынған битум үлгілері ИҚ-спектроскопия
әдісімен талдауға берілді. Басқа да физика-химиялық әдістерге талдауға беру арқылы,
құрамының ерекшеліктерін анықтау жұмыстары іске асырылады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
252