Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет273/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
281 
МЕТАННЫҢ ТЕРЕҢ ТОТЫҒУЫНДАҒЫ ОКСИДТІ 
КАТАЛИЗАТОРЛАРЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ КОМПОНЕНТІНІҢ 
ФАЗАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 
 
Жылқыбек М.
1
, Байжуманова Т.С.
1,2

 
Xanthopoulou G.G.
3
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., қауымд. профессор Байжуманова Т.С. 
1
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
университеті
 
2
Д
.
В

Сокольский
 
атындағы
 
жанармай

катализ
 
және
 
электрохимия
 
институты
 
3
Демокрит
 
ұлттық
 
зерттеу
 
орталығының
 
наноғылым
 
мен
 
нанотехнология
 
институты

Афины

Греция
 
magira.zhylkybek.90@mail.ru 
 
Автомобиль көлігі бүкіл әлемдегі ауаның ластануының негізгі көзі болып табылады. 
Жыл сайын көлік құралдарының пайдаланылған газдары миллиондаған тонна улы заттарды 
шығарады. Қазіргі уақытта ірі қалалардың ауа бассейнінің ластануының 70-80%-ы 
автокөлікке тиесілі. Алматы қаласында (Қазақстан) көліктен жыл сайынғы улы заттар 
150мың тоннадан астам көміртегі оксиді, 30мың тоннаға жуық көмірсутек және 12 мың 
тонна көмірқышқыл газын құрайды. 
Атмосфераның ластануының маңызды факторы отынның сапасы болып табылады, оған 
шығарылатын улы газдардың құрамы мен мөлшері тәуелді болады. Автомобиль бензині 
түрлерінің және олардың жану өнімдерінің уыттылығы негізінен көмірсутек құрамымен, 
атап айтқанда бензолдардың, хош иісті көмірсутектердің және олефиндердің құрамымен 
анықталады. 
Бензол әсіресе қауіпті, өйткені ол қозғалтқышта ең ұшпа және баяу жнып кетеді, 
сонымен қатар табиғи жағдайда химиялық тұрғыдан тұрақты. Бензол жанған кезде күшті 
канцероген - бензпирен (C
20
H
12
) түзіледі, пайдаланылған газдардағы 1л бензин жанғанда 
81мкг-ға дейін бензпирен түзіледі. Бензиндегі хош иісті көмірсутектердің мөлшері неғұрлым 
жоғары болса, оның жану температурасы соғұрлым жоғары болады және пайдаланылған 
газдардағы азот оксидінің мөлшері соғұрлым жоғары болады. Ауадағы бензолдың 75%-дан 
астамы автомобильдердің пайдаланылған газдарынан тұрады.
Бұл зерттеу жұмысы мотор отындарының көмірсутек құрамын жақсарту және 
пайдаланылған газдардың улы компоненттерін бейтараптандыру арқылы автомобиль 
көлігінің уытты пайдаланылған газдарын тазарту арқылы Қазақстанның ауа бассейнін 
тазарту, экологиялық проблеманы шешуге арналған. Зерттеу жұмысын орындау барысында 
10% Co/Al
2
O

және 30% Mg/Al
2
O
3
катализаторлары дайындалды. Дайындалған 
катализаторлардың қасиеттері СЭМ, РФТ және БЭТ әдістерімен зерттелді. Рентген және TБТ 
нәтижелері метан мен көмірсутектерді толық тотықтыру үшін белсенді емес оттегі түзетін 
Co(AlO
2
)
2
шпинельдерінің түзілуін көрсетеді. Co және Mg катализаторының модификациясы 
шпинельдің пайда болуына жол бермейді, осылайша катализаторлардың белсенділігін 
арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет