Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет139/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
144 
ЖЕЛАТИНДІ МЫРЫШ ОКСИДІМЕН ҚҰРЫЛЫМДАНДЫРУ АРҚЫЛЫ 
БИОЫДЫРАЙТЫН МАТЕРИАЛ АЛУ 
 
Кеңесова П.Қ
1
., Шакиров Г.К
2

Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Тюсюпова Б.Б. 
1
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

2
С

Аманжолов
 
атындағы
 
Шығыс
 
Қазақстан
 
мемлекеттік
 
университеті
 
kenesova31@mail.ru
 
 
Күнделікті өмірде қолданатын қорғаныс материалдарының көпшілігінде табиғатқа 
қауіп төндіретін компоненттер бар. Атап айтқанда, нитрилді, латексті қорғаныс 
материалдары құрамындағы полимерлердің ыдырауы үшін ұзақ уақытты қажет етеді. 
Жаңартылмайтын ресурстарды пайдалануды азайту және синтетикалық материалдардан 
туындаған қоршаған ортаның ластануын азайту мақсатында биоматериалдарды пайдалану 
қажеттілігі артып келеді. Биополимерлерді құрылымдандыру арқылы биологиялық 
ыдырайтын қорғаныс материалдарын алу әртүрлі вирустардың әсерін болдырмайды, 
сондықтан жұмыстың зерттеу нәтижелері қарапайым халыққа, әсіресе медицина 
қызметкерлеріне, вирусологтарға үлкен көмек көрсетеді. Табиғатты пластиктен қорғауға да 
зор ықпал етеді. 
Осыған орай, зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - желатинді мырыш оксидімен 
құрылымдандыру арқылы биологиялық ыдырайтын материал алу. Зерттеу барысында 
біріншіден, қалыптау ерітіндісі дайындалып, 
желатин-мырыш оксиді композициясы 
негізінде полимерлі үлдірлер алынды. Алынған үлдірлердің құрылымдық-механикалық 
қасиеттері немесе сипаттамалары 
МТ 150 жырту машинасының көмегімен 
анықталды. 
Соның нәтижесінде ү
лдірдің беріктік, пластикалық, және эластикалық шамалары 
есептелінді. Есептелген шамалар мемлекеттік стандарттар талабына сәйкес келеді. Сонымен 
қатар, 
желатин-мырыш оксиді композициясы негізінде алынған үлдірдің антибактериялық 
қасиеті дискілі диффузия әдісімен зерттелінді. Зерттеу нәтижелерін нақтылау мақсатында 
алынған үлдірлердің температураға тұрақтылығы 
Q 1500D термогравиметриялық 
анализаторымен және мырыш оксиді мен желатиннің әрекеттесу механизмін анықтау 
мақсатында инфрақызыл спектроскопия, сканерлеуші электронды микроскоп замануи 
құрылғыларымен талдау жүргізілді.
Зерттеулер нәтижелерінен үлдірлердің құрылымдық-механикалық сипаттамаларын 
анықтау арқылы, желатин-мырыш оксиді негізіндегі үлдірлердің биологиялық 
ыдырағыштығының артатындығын және антибактериялық қасиетке ие екендігі туралы 
болжам жасауға болады.
Қорыта келгенде, алынған үлдір медицина саласында қолданылатын қолғап үшін 
биоыдырағышты арттыратын материалдың негізі бола алады.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
145 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет