Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет147/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
152 
ВЕРМИКУЛИТ КӨМЕГІМЕН АҒЫН СУЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫНАН
Mn
2+
 ИОНДАРЫН БӨЛІП АЛУ 
Мамыр Қ. Н. 
Жетекшісі: оқытушы Таттибаева Ж.А. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

karlygash_mamyr@mail.ru
 
Қазіргі таңда табиғи ресурстарды игеру технологияларының қарқынды дамуына 
байланысты, ағынды суларды ластаушы заттардан тазарту ең өзекті мәселелердің біріне 
айналып отыр. Осы ағынды суларды ластаушы заттардың ішінде көп таралғаны суда ион 
түрінде жүретін – ауыр метал иондары болып табылады. 2013-2018 жылдың мәліметтері 
бойынша, ластанудың жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысының бірнеше өзендерінде 
тіркелген. Олардағы марганец концентрациясы 1,3-5,0 ШРК-дан асады. Себебі, қазіргі таңда 
«Казцинк» ЖШС қалдық қоймалары мен Чашинск жерінің ағынды суларының құйылуы 
салдарынан тіпті Ертіс, Тобыл өзендеріне де қауіп төніп отыр. Ағынды суларда марганец 
иондарының шектен тыс көбейіп кетуі, тірі организмге кері әсерін тигізбей қоймайтыны 
анық. Себебі, су ресурстарының сапалық жағдайы елдің экономикалық дамуына, сондай-ақ 
халықтың денсаулығына шешуші әсер ететін өмірлік маңызды фактор. Дәлірек айтатын 
болсақ, орталық жүйке жүйесінің жұмысына зиянды әсерін тигізеді, есте сақтау қабілетін 
нашарлатып, мутагендік өзгерістерге ұшыратады. Осы күрделі мәселелерді шешу үшін 
жылдам әрі қарқынды түрде өз нәтижесін беретін және қолжетімді болатын әдістер жан-
жақты қарастырылуда. 
Қарапайым, қолжетімді кеңінен қолданылатын әдістің бірі – адсорбция. Жұмыстың 
негізгі мақсаты адсорбция процесі арқылы ағын сулардың құрамынан марганец иондарының 
бөліп алу болып табылады. Mn
2+
иондарының сорбенті ретінде Қазақстанда кең таралған, 
Құлантау кен орнының вермикулиті қолданылды. Табиғи сорбенттердің басты 
артықшылықтарының бірі - олардың төмен құны, тиімділігі, сонымен қатар сорбенттер ғана 
емес, мелиоранттар ретінде де жұмыс істеу қабілеті. Вермикулит минералының өзіне тән 
ерекше қасиетінің бірі – суды өзіне сіңіріп, көлемін 7-10 есе ұлғайту қабілеті.
Тәжірибе басында, табиғи минерал алдын-ала 15%-тік күкірт қышқылымен 
термобелсендіріліп, құрамындағы артық заттардан тазартылды. Алғашында жұмыс 
зертханалық жағдайда модельдік ерітінділермен жасалынды. Яғни, вермикулит бетіндегі 
Mn
2+
иондарының адсорбциясы және оған ортаның рН шамасының әсері ААС әдісімен 
анықталды. Зерттеу нәтижесі бойынша, вермикулиттегі марганец иондарының сорбция 
изотермалары Ленгмюр, Фрейндлих
 
модельдерімен өңделді. Сонымен қатар, инфрақызыл 
(ИҚ) спектроскопия және рентген флюоресцентті талдау нәтижелері вермикулит минералы 
марганец (ІІ) иондары үшін тиімді адсорбент болатынын көрсетті. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет