Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


КАРБОКСИЛМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА ЖӘНЕ ПОЛИАКРИЛ ҚЫШҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет150/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

КАРБОКСИЛМЕТИЛЦЕЛЛЮЛОЗА ЖӘНЕ ПОЛИАКРИЛ ҚЫШҚЫЛЫ 
КЕШЕНДЕРІМЕН ЭМУЛЬСИЯНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ 
 
Молдахан А.
Ғылыми жетекші: Керимкулова М.Ж.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
aiaulymmoldahan@gmail.com

Қазіргі уақытта тұрақты дисперсті эмульсияларды алу үшін жаңа технологиялар мен 
жабдықтарды әзірлеу қажет. Қазір эмульсиялар көбінесе дисперсті жүйелерге ұзақ мерзімді 
механикалық әсер ету кезінде мерзімді аппараттарда алынады. Бұл процесс өнімділіктің 
төмендігіне байланысты өте көп уақытты қажет етеді және үнемді емес. Сондықтан, бұл 
жұмыста энергияның минималды шығындарымен тұрақты эмульсия алу әдістерін әзірлеу 
міндеттері қойылған. Осындай дисперсті жүйелерді алудың тиімді әдістерінің бірі ретінде 
эмульсияларға беттік белсенді заттар енгізу ұсынылды.
БАЗ қолдану эмульсиялардың тұрақтылығын арттыру және коалесценция қаупін 
азайту әдістерінің бірі болып табылады. Дисперсті фазаның жақсы бөлінуіне қол жеткізу 
үшін БАЗ-дың мүмкін болатын ең аз концентрациясын қолдану арқылы фазааралық беттік 
керілу мөлшерінің кішіреюуі болып табылады.
Тұрақты эмульсияларды алудың қиындығы - бұл көптеген факторларға байланысты, 
мысалы, беттік керілу, дисперсиялық ортаның тұтқырлығы, температура, бөлшектердің 
дисперстігі. Тұрақтылықты алудағы қиындықтардың бірі-эмульсияның коалесценцияға, 
флокуляцияға және тұндыруға бейімділігі. Эмульсияларды тұрақтандыру үшін беттік 
белсенді заттарды таңдағанда ГЛБ-гидрофильді-липофильді тепе-теңдік сандар принципін 
есепке алады. ГЛБ неғұрлым үлкен болса, соғұрлым тепе-теңдік гидрофильді қасиеттерге 
ауысады және бұл зат суда жақсы ериді. 
Бұл жұмыста зерттеу нысандары ретінде мотор майы “Лукойл 15/40, эмульгаторлар 
ретінде БАЗ – карбоксилметилцеллюлоза (КМЦ) және полимер-полиакрил қышқылы (ПАК) 
қолданылды. Ерітінділердің физика-химиялық қасиеттеріне зерттеулер жүргізілді және 
дәстүрлі әдіспен эмульсия алынды. ПАК/КМЦ негізіндегі тұрақтандырылған мотор 
майының судағы эмулсиясының әртүрлі қатынастағы өмір сүру уақыты қарастырылды. Яғни 
50/50 және 40/60 қатынаста. Зерттеу барысында эмульсияның ең аз өмір сүру уақыты су мен 
майдың 50/50 (БАЗ 50% + ПАҚ 50%) қатынастағы және 0,01 % КМЦ негізінде 5 сек 
көрсетті. Сондай-ақ ең ұзақ тұрақтылықты су мен майдың 40/60 (БАЗ 50% + ПАҚ 50%) 
қатынасындағы және 0,1 % КМЦ енгізгенде 48 сағатқа созылды. Зерттеу нәтижесінде беттік 
активті заттың концентрациясын арттырғанда сәйкесінше эмульсияның тұрақтылығы берік 
болатындығы анықталды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
156 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет