Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


АКРИЛАТ НЕГІЗІНДЕГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЫДЫРАЙТЫН ПОЛИМЕРЛІ



Pdf көрінісі
бет158/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

АКРИЛАТ НЕГІЗІНДЕГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЫДЫРАЙТЫН ПОЛИМЕРЛІ 
МАТЕРИАЛДАРДЫҢ СИНТЕЗІ 
 
Рысбай Ә.Ж. 
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.к., доцент Уркимбаева П.И. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

rysbay.asem@bk.ru
 
Қазіргі таңда қоршаған ортаға және адам ағзасына зиян келтірмейтін биологиялық
өздігінен ыдырайтын полимерлі материалдарды алу жұмыстары қарқынды зерттелуде. Адам 
ағзасынан бөлек қоршаған ортаны қорғау мәселесі жаһандық сипатқа ие, сондықтан сағат 
сайын биологиялық өздігінен ыдырамайтын өнімдердің қалдықтарының көбеюі 
алаңдайтындай дүние. Оған дәлел ретінде, әлемдік мұхиттардың ластануы нәтижесінде 
балықтардың әрбір бесінші түрі, ал теңіз құстарының әрбір төртінші түрі жойылып кетуде. 
Бұл мәселенің шешімі – экологиялық таза, биоыдырайтын полимерлі материалдарды жасап 
шығару. Соңғы жылдарда өзекті болған осы мәселе бойынша бірқатар әдістер мен теориялар 
ұсынылған болса да, биоыдырайтын полимерді алу мәселесі толық шешімін тапқан жоқ.
Биологиялық өздігінен ыдырайтын материалдарды жасауда екі негізгі бағыт 
байқалады. Синтетикалық полимерлер мен биополимерлерді компонеттер ретінде қолдану 
көзделінсе, екінші бір түрі- материалдарды тек биполимерлер негізінде дайындау .
Акрилат негізінде биоыдырайтын гидрогель алу, биомедицина саласында өзекті 
тақырыптардың бірі. Гидрогель – бұл көп мөлшерде суды сіңіре алатын үш өлшемді 
гидрофильді полимерлі тор. Гидрогель синтезі N-N-метилен-бис-акриламид (БАА) тігуші 
агент қатысында сирек тігілетін полимерлі гидрогельдер алуды көздейтін әдістеме көмегімен 
жүргізіледі. Гидроксоэтилакрилат негізінде гидрогельді алу процесі келесідей жүргізіледі:
термо төзімді колбада 7 мл дис.суда 0,714 г поливинил спирті (ПВС) мешалкада 1-2 сағат, 
60-65 
о
С температурада ерітіп, үстіне 0,102 г N-винилкапролактам (NBKл) 2 мл сиртте ерітіп 
қосылады, мономер ретінде 0,032 г динитрил азо-изомай қышқылының динитрилі (ДАК) 
тігуші агент ретінде 0,247 г N-N-метилен-бис-акриламид қосып, термостатта 60 
о
С-та 
(әрекеттесу температурасы) 1-1,5 сағатқа қойылады. Алынған өнімді дис.сумен 4-5 күн 
шайып, ары қарай физика-химиялық қасиеттері зерттелінеді.
Тәжірибе соңында ойдағыдай алынған өнімді, биомедицина саласында таңғыш 
материал ретінде пайдаланып, ашық жарақат түрлеріне қолданылатын өздігінен ыдырайтын, 
қоршаған ортаға және адам ағзасына зиянсыз полимерлі материалды қолданысқа енгізуге 
болады.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
164 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет