Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
ПОЛИ(2-ЭТИЛ-2ОКСАЗОЛИН)НІҢ МОЛЕКУЛАЛЫҚ ИОДПЕН КЕШЕН ТҮЗУІН ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІМЕН ЗЕРТТЕУ Тлеугабыл А.Ж. Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Махаева Д.Н. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті ajgerimtleukabylova@gmail.com Поли 2-оксазолиндер соңғы он жылдықта айтарлықтай қызығушылық тудырды, әсіресе
оларды полиэтиленгликольдің орнына биомедицинада кеңінен қолданады. Сонымен қатар
поли 2-оксазолинді қолданудың жаңа тенденциялары бар, соның ішінде полимерлердің
негізгі қасиеттерін дәрі-дәрмектерді жеткізуде және 3D жақтауларын арнайы
биомедициналық бағытта қолданады, сондай-ақ органикалық құрылғылар мен полимерлі
гель электролиттеріндегі аралық қабаттар ретінде басқа қолданбаларды зерттеу үшін
қолданылады. Иод маңызды биогендік элементтердің қатарына жатады. Иод медицинада
кеңінен қолданылады және дәрілік зат болып табылады, бірақ ол таза түрінде
қолданылмайды. Полимерлері бар иод кешендері (иодофорлар) бактерицидтік, фунгицидтік
және вирулицидтік белсенділікті көрсетеді. Әдебиеттерге сәйкес, поливинил спирті, крахмал,
поливинилпирролидон, хитозан, полиэтиленгликоль және циклодекстриндер сияқты
көптеген суда еритін полимерлері бар иод кешендері зерттелген. Сонымен қатар,
иодофорлардың ассортиментін кеңейту, зерттелмеген иод кешендерін поли (2-оксазолиндер)
сияқты полимерлермен зерттеу арқылы практикалық тұрғыдан ерекше маңызға ие.
Осы жұмыста иодид иондарының қатысуымен молекулалық массасы 50 және 500 кДа
болатын поли(2-этил-2-оксазолин)-нің молекулалық иодпен кешен түзілуі УК-спектроскопия
және капиллярлы вискозиметрия арқылы зерттелді. УК-спектроскопия әдісімен 1:1, 2:1, 3:1,
4:1, 5:1, 6:1, 7:1, 8:1, 9:1, 10:1 [полимер]:[иод] мольдік қатынасында кешен түзілуі зерттелді.
Полимер мөлшері артқанымен УК-спектрлерде оптикалық тығыздықтың өсуін және
батахромдық ауысудың пайда болғанын байқауға болады. Капиллярлық вискозиметрия
әдісін қолдана отырып, [полимер]:[иод] кешен түзілетін оңтайлы қатынас анықталды және
поли(2-этил-2-оксазолин)нің иодпен кешен түзілуінінің ТКЕТ-ке әсері зерттелді.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
172