Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
Тәжіқұл Ш.Ә., Саменова Н.О. Ғылыми жетекшісі: PhD, доцент м.а. Кенесова З.А. әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті shiksss_02@mail.ru Көз — оптикалық жүйе. Адам денесіндегі ең нәзік мүше десек те болады. Адам көзінің
пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы, диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан
қапталған. Қазіргі кезде көз аурулары өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Көз аурулары –
көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан (алыстан
көргіштік, алыстан көрмеушілік, астигматтық, дальтонизм) пайда болатын және іштен туа
біткенде
аурулар
болуы
мүмкін.
Осындай
ауруларға
қолданылатын,
2-
метакрилоилоксиэтилтриметиламмоний хлориді (МАД) негізінде көздегі көзішілік
қысымның жоғарылауы (офтальмогипертензия) - ашық бұрышты глаукома, катаракта және
глаукома кезінде көзішілік қысымды төмендетуге арналған линза түріндегі дәрілік зат жасап
ұсынылмақшы. МАД – карбонильді функционалдық топтары бар, төрттік аммоний тұзы.
Радикальды полимеризацияға оңай түсетін химиялық қосылыстардың бірі. МАД және оның
сополимерлері
антибактериальдық
қасиет
көрсеткендіктен,
оны
биомедицинада
биоматериалдар ретінде кеңінен қолданылады.
Бұл жұмыста полимерлер негізінде көз ауруларына қолданылатын үлдірлерді алудың
құрамдары мен болжамдытехнологиялық сызбанұсқасы әзірленіп ұсынылды. Көз
ауруларына қолданылатын үлдірлер құрамы: үлдір түзуші – МАД және 2-
гидроксиэтилакрилат (ГЭА) негізіндегі сополимерлердің [МАД:ГЭА]=90:10; 80:20; 70:30
моль.% қатынастары, ал белсенді зат – тимолол малеаты болып табылды, сонымен қатар
пластификатор ретінде глицерин қолданылды. Бірінші кезеңде радикалды сополимерлеу
әдісімен
МАД-ГЭА
негізіндегі
сополимерлердің
синтезі
жүргізілді.
Алынған
сополимерлердің белгілі бір сулы ерітінділер концентрациясына дәрілік зат ерітіндісі мен
глицерин қосылды. Алынған композицияны 15-20 минут ішінде араластырғаннан соң, ауа
көпіршіктерін кетіру үшін 10 минут уақыт ішінде центрифугаланды. Алынған ерітіндіні
арнайы қалыптарға құйып, тұрақты салмаққа жеткенге дейін кептірілді. Әрі қарай,
үлдірлерді орау және радиациялық сәулеленудің төмен дозаларында (5 Гр) зарарсыздандыру
жүргізілді.
Полимерлі көз ауруларына қолданылатын үлдірлердің мынадай артықшылықтары бар:
олардың көмегімен емдік әсерді ұзартуға және көз тіндеріндегі дәрілік заттардың
концентрациясын арттыруға, көзге енгізу санын күніне 5-8 реттен 1-2 ретке дейін азайтуға
мүмкіндік береді. Сондықтан, көз ауруларына қолданылатын үлдірлер алудың жаңа
композициялық құрамдары мен оңтайлы технологияларын жасау өте өзекті болып табылады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
171