Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет163/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
168 
КОСМЕТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕРДЕГІ ГИДРОЛАТТАРДЫҢ КОЛЛОИДТЫҚ - 
ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 
 
Сейтпенбетова М.А, Жанат А. 
Ғылыми жетекшіcң: х.ғ.к., қауымд. профессор Есімова О.А.
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

akerkezhanat01@mail.ru

seitpenbetova.makpall@gmail.com 
Гидролат дегеніміз - дистилляция әдісі арқылы эфир майын алу нәтижесінде пайда 
болатын табиғи су ерітіндісі. Яғни, суда еритін химиялық элементтер мен аздап эфир майы 
бар сұйықтық болып табылады. Су буы өсімдік шикізаты арқылы өткен кезде өсімдіктерде: 
эфир майлары, қышқылдар, биофлавоноидтар, витаминдер сияқты құнды суда еритін 
заттармен толығып отырады. Гидролаттарды косметикада тері мен шашқа арналған 
маскалар, олардың негізінде кремдер, тониктер мен скрабтарды жасауда қолдануға болады.
Сусабындарға 50-60%-ға дейін қосуға болады, себебі ол беттік белсенді заттардың 
жұмсартқыш қасиеттерін арттырып және шашқа жылтыр береді. Сонымен қатар, құрамында 
жеңіл әсер ететін жаңа өнімдер эфир майлары, перспективалы түрде болатын косметиканың 
ингредиенттері бар. Негізінен, гидролаттың сулы экстракты косметика саласында 
қолданылады.
Осыған байланысты жұмыстың мақсаты әртүрлі емдік қасиеттері бар 
өсімдіктердің сулы сығындыларын (гидролаттарын) алып олардың коллоидтық қасиеттерін 
зерттеу және косметикалық композицияларға қолдану. Зерттеу нысандары ретінде «Дәрілік 
өсімдіктерді ғылыми зерттеу орталығының» жетекшісі Жанар Жеңістің зертханасынан 
жусан, тобылғы, арша және жантақ дәрілік өсімдіктерінің сулы ерітіндісі алынды. 
Жұмыстың мақсатына сай осы өсімдіктердің гидролатының коллоидтық-химиялық 
қасиеттері зерттелінді. Гидролаттардың беттік керілуі
Тензиометр құрылғысында, тефлон 
пластинкасы мен желатин жабыны арқылы горизонталь жағдайға келтірілген микроскопта 
жұғу қабілеттілігі зерттелді. Сондай-ақ көбіктүзгіштік, эмульсиялық қасиеттері, ортаның рН 
зерттелді.
Зерттеу нәтижесінде гидролаттың құрамында беттік белсенді заттар бар екені 
анықталды, жұғу қасиетінде гидрофобты, гидрофильді беттерден жақсы нәтиже берді. 
Осындай негізгі қасиеттеріне сүйене отырып косметикалық өнімдер шампунь, бетке 
арналған гель косметикалық өнімдер алынды. Гидролат қосқанда толық нормативке сай 
органолептикалық қасиеттері байқалды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
169 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет