БАЗ-МЕТАЦИД КОМПОЗИЦИЯЛАРЫНЫҢ СҰЙЫҚТЫҚ-СҰЙЫҚТЫҚ ШЕКАРАСЫНДАҒЫ ФАЗААРАЛЫҚ ҚАБАТТАРЫНЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІН АНЫҚТАУ Сағынтаева Т.Қ. Ғылыми жетекші: х.ғ.к., доцент Құмарғалиева С.Ш. әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті tansholpan.sagyntaevaa@gmail.com Химия ғылымының басты мәселелерінің бірі - өндірістік процестердің қарқындылығын
арттыру. Осы мәселені шешуде БАЗ-полимер композицияларына негізделген БАЗ-дардың
өндірісте және тұрмыста қолданылуы маңызды орын алады.
БАЗ-дың полимерлермен түзетін комплекстері жоғары сапалы беттік-активті заттардың
жаңа тобын құрайды. Түзілген поликомплекстер жеке компоненттеріне қарағанда ерекше
қасиет көрсетеді.
Эмульсиялардың алу жолдары мен зерттеу әдістері, олардың негізгі қасиеттері мен
қолдану аймақтары туралы негізгі түсініктер береді. Сондықтан осы тақырып көптеген
зерттеушілердің қызығушылығын тудырды.
Жұмыста белгілі бактерицидтік полиэлектролит- полигексаметилен гуанидин
гидрохлориді (метацид), анионды беттік-активті зат натрий лауретсульфаты (SLES),
бейионды беттік-активті зат алкил полигликолид (АПГ) қолданылды.
Жұмыстың мақсаты: әртүрлі концентрациядағы жеке беттік-активті заттардың және
полимер ерітінділерінің, керосин-су фазааралық керілуін анықтау; беттік-активті зат (БАЗ)-
полимер комплекстерін алу және олардың фазааралық керілуін анықтау; БАЗ- дың және
полимердің әртүрлі қатынастарында эмульсия алу; алынған эмульсияның тұрақтылығын
анықтау.
Зерттеу нәтижиелерінен байқағанымыздай, сұйықтық-сұйықтық шекарасында
компоненттердің фазааралық керілуіне қарағанда, поликомплекстердің фазааралық керілуі
төмен
нәтижиелерді
берді.
Бактерицидтік
полиэлектролит-
полигексаметилен-
гуанидингидро- хлориді қосқанда, беттік-активті заттардың беттік активтілігі өсті. Алынған
БАЗ-полимер комплекстерін өндірісте, технологиялық процестерде және тұрмыстық
химияда қолдануға болады.
Полиэлектролит- полигексаметиленгуанидиннің бактерицидтік қасиетін ескере
отырып, дезинфекциялағыш-жуғыш заттардың құрамына енгізуге болады.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
165