Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет155/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
Соның нәтижесінде
 
ү
лдірдің беріктік, пластикалық, және эластикалық шамалары 
есептелінді. 
Зерттеу нәтижелерін нақтылау мақсатында 
және зингибаин мен желатиннің 
әрекеттесу механизмін анықтау мақсатында инфрақызыл спектроскопия, құрылғысымен 
талдау жүргізілді.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
160 
ИЗОПРОПИЛАКРИЛАМИД НЕГІЗІНДЕГІ СОПОЛИМЕРЛЕРДЕН ДӘРІЛІК 
ЗАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУШЫ РЕТІНДЕКОМПОЗИТ АЛУ 
 
Нұржанқызы А., Лесбек С.Н. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., профессор қ.а. Рахметуллаева Р.К. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

nurzhanovna.aydana.99@mail.ru
 
 
Жыл сайын Қазақстанның өзінде жүз мыңдаған адамдар әр түрлі дәрежедегі тері 
жарақаттарына шалдығады. Қазіргі таңда тері ауруларын, іріңді жараларды емдеуге арналған 
таңғыш материалдар, композиттер, жақпа майлар алу маңызды мәселе болып табылады. Осы 
мәселеге байланысты әр түрлі жарақаттарды емдейтін және теріні қалпына келтіретін 
композиттер алынуда. Алынған материалдардың қымбаттылығына, алу жолының 
қиындығына, адам организміне токсикалық қаупінің болуына байланысты қолданылуы 
шектеулі.
Осыған 
байланысты 
жұмыста 
N-изопропилакриламид 
(НИПААМ) 
және 
этиленгликольдің винил эфирі (ЭГВЭ) негізіндегі суда еритін және ісінетін сополимерлер 
заттық иницирлеу жолымен радикалды полимерлену арқылы алынды. Сополимерлерге 
инициатор ретінде азо-бис-изомай қышқылының динитрилі, тігуші агент ретінде N,N – 
метилен-бис-акриламиді қолданылды. НИПААМ - ЭГВЭ сополимерлерінің сызықты және 
торлы құрылыма температураның әсері зерттелді. Температура өскен сайын суда еритін 
сополимерлердің сулы ерітіндісі лайланса, гидрогельдердің V/V

(V
0
және V үлгінің синтез 
кезіндегі және тепе-тең ісіну жағдайындағы көлемдері) өлшемдері біршама кішірейетіні 
және ол сызықты полимер-су және гидрогель – су жүйесіндегі сутектік байланыстардың 
үзілуімен және НИПААМ-ЭГВЭ сополимерлері құрамындағы НИПААМ буындарының 
гидрофобтық әрекеттесулерінің үдеуімен түсіндіріледі.
Алынған НИПААМ-ЭГВЭ сополимерін жақпа майға негіз ретінде қолдану үшін, оның 
бастапқы мономерлік құрамы әртүрлі сополимерлерінің дәрілік заттар стрептоцитпен 
әрекеттесу заңдылықтары зерттелді. Стрептоцидтің 
Халықаралық патенттелмеген атауы 
cульфаниламид. Сульфаниламид –сульфаниламидтер тобының химиотерапиялық дәрілерінің 
алғашқы өкілдерінің бірі. Әсер ету ауқымы кең бактерияға қарсы дәрі. 
Алынған гидрогельдердің суда, натрий хлоридінің әртүрлі концентрациясында және 
дәрілік заттартың сулы ерітіндісіндегі ісіну кинетикасы зерттелді. Қоршаған ортада натрий 
хлоридініңжәне дәрілік заттыңсулы ерітіндісінің концентрациясы артқан сайын 
гидрогельдердің көлемінің біршамаға кішірейетіні анықталды.
Стрептоцидтің гидрогель негізіндегі жақпа майы дайындалды. Жақпа майдан 
стрептоцидтің шығу сандық құрамы спектрофотометриялық әдіспен анықталды.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
161 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет