Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПОЛИСАХАРИДТЕР НЕГІЗІНДЕ



Pdf көрінісі
бет153/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

БИОМЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПОЛИСАХАРИДТЕР НЕГІЗІНДЕ 
ГИДРОГЕЛЬДІ ТАҢҒЫШТАРДЫ АЛУ 
 
Нурғалиев А.А., Ноғай М.Е. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., профессор м.а. Рахметуллаева Р.К. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті

daulet.beibit.kz@gmail.com
 
 
Гидрогельді таңғыштар - қазіргі заманғы жараларды емдеу үшін қолданылатын 
таңғыштардың бір түрі, ол жұмсақ немесе қатты күйде қолданылады, жарадағы 
теңдестірілген ылғалды ортаны жасайды және сақтайды. Осылайша, бұл полимерлік 
гидрогельдер суда ісінетін тігілген гидрофильді полимерлер болып табылады, олар 
физикалық, химиялық және медициналық-биологиялық қасиеттердің бірегей жиынтығына 
ие. Бұл өнеркәсіптің түрлі салаларында оларды практикалық пайдаланудың жоғары 
тиімділігіне әкеледі. Мысалы, медицинада протездер, микробқа қарсы таңғыштар 
(пластикалық жұмсақ маталар, шеміршек, сіңірлер және т.б.).
 
Жұмыста радиациялық тігу әдісімен құрамында дәрілік заты бар поливинилпирролидон 
(ПВП) және поливинилпирролидон мен карбоксиметилцелюлоза (КМЦ) негізінде полимерлі 
композитті материалдар алынды және олардың физика-химиялық қасиеттері зерттелді.
 
ПВП, КМЦ суда, қарқынды араластыру арқылы, бөлме температурасында біртекті 
мөлдір масса алынғанға дейін ерітілді. Алынған массаларды біріктіріп, біртекті қоспа 
алынды. Агар-агарды дистилденген суда қыздыра отырып ерітілді. Сосын дайын масаға 
полиэтиленгликольдің аз мөлшері пластификатор ретінде қосылды. Дайын қоспа алдын ала 
массасы белгілі қалбыр, жалпақ ыдыстарға құйылып, толығымен суытыталып, ҚР Ядролық 
физика институтындағы ЭЛВ-4 электрондар үдеткішінде әр түрлі сәулелену дозасында 
таңғыштар алынды. 
Құрамында дәрілік заты бар гидрогельді таңғыштардың негізгі физика-химиялық 
қасиеттері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері бойынша, ісіну қабілеті және басқа да 
физикалық-химиялық сипаттамалары, сондай-ақ механикалық қасиеттері таңғыш 
құрамындағы КМЦ-ның пайыздық мөлшеріне және сәулелену дозасына тікелей тәуелді екені 
анықталды. Таңғыш материалдарды алу барысында дәрілік зат ретінде янтар қышқылы 
қолданылды. Янтарь қышқылы әр түрлі ағзаның инфекцияға тұрақтылығын арттыру
иммундық жүйесі қызметін ынталандыру, қабынуға қарсы әсері бар. Полимерлі 
таңғыштардың құрамына енген янтар қышқылының бөлініп шығу кинетикасы зерттелді. 
Янтар қышқылы енгізілген гидрогельді таңғыштарды алудың оңтайлы рецептурасы 
жасалды. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
159 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет