Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет145/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
150 
ЭПОКСИАКРИЛАТТАР НЕГІЗІНДЕ МОДИФИЦИРЛЕНГЕН 
ФОСФОРҚЫШҚЫЛДЫ КАТИОНИТТЕР СИНТЕЗДЕУ 
 
Қонысбек А.Қ., Бектенов Н.А. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к. Тасибеков Х.С. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
Университеті

bektenbna@gmail.com

konysbekasylzat@gmail.com 
 
Соңғы кездері ионалмастырғыш материалдардың қолданылу аймағы кеңейіп, металл 
иондарын толық бөліп алуы үшін көптеген тәжірибелер жасалуда. Қоршаған ортаның едәуір 
нашарлауы, су қоймалары мен атмосфераның ауыр металдармен ластануы қазіргі таңдағы 
өзекті мәселенің бірі болып отыр. Ионалмастырғыш катиониттер ауыр және сирек метал 
иондарын сорбциялау үшін қолдану қазіргі таңда көптеген қызығушылық тудырып отыр. 
Ауыр және сирек метал иондарын сорбциялау үшін жаңа полифункционалды 
эпоксиакрилат негізіндегі фосфорқышқылды катиониттер алуды мақсат еттік. 
Тәжірибе барысында ГМА мен акрил қышқылылын фосфор қышқылымен түрлендіріп, 
жаңа фосфорқышқылды катиониттер алдық. Олардың қасиеттеріне әрекеттесуші заттардың 
концентрациясы, температурасы мен сақталу ұзақтығы әсер ететінін байқаймыз. Бастапқы 
заттарды әртүрлі концентрацияда (2:0,5) (3:1) 100℃-та 25 сағ. акрил қышқылын бөлме 
температурасында фосфор қышқылымен әрекеттестіріп, біраз уақыт арасында ГМА-ны 
қосқан кездегі ионит шығымы 55,84 % тең. Әрекеттесуші заттардың массалық қатынасы 
бойынша КФ-ГМА-АҚ негізіндегі фосфорқышқылды катиониттердің алмасу сыйымдылығы 
анықталды. Фосфорқышқылды катиониттің САС-ғы 6,0 мг-экв/г болды.
Келесі кезеңде ауыр және сирек металл иондарын сорбциялау процессі жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет