«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
23
КҮНБАҒЫС МАЙЫН ПЛАТИНА КАТАЛИЗТОРЫМЕН
СЕЛЕКТИВТІ ГИДРЛЕУ
Түсіпбек Ж.
Ғылыми жетекші: PhD Тоштай Қ.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
tusipbekzhadyra@gmail.com
Өсімдік майларын гидрлеу маргариндер, спредтер және қатты тағамдық майлар алуда
тотығу тұрақтылығына қол жеткізу үшін азық-түлік өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын
технология. Өсімдік майларының көпшілігінде негізінен цис-конфигурацияланған қос
байланысы бар май қышқылдары бар. Олардың геометриялық изомерлері өсімдік майларын
гидрлеу кезінде пайда болады, өйткені май қышқылдарының транс изомері
термодинамикалық тұрғыдан тұрақтырақ. Транс май қышқылдары балқу профильдеріне оң
әсеріне қарамастан, денсаулыққа теріс әсер етеді. Метаболикалық және эпидемиологиялық
зерттеулер транс май қышқылдарын тұтыну адамдарда төмен тығыздықтағы
липопротеиндердің
деңгейін
жоғарылататынын
және
жоғары
тығыздықтағы
липопротеиндердің деңгейін төмендететінін көрсетеді. Сонымен қатар, транс май
қышқылдары қаныққан май қышқылдарына қарағанда жүрек-қан тамырлары ауруларының
жоғары қаупіне ұшырататыны дәлелденеген. Олар сондай-ақ онкологиялық аурулардың,
семіздіктің, II типті қант диабетінің, жүйке аурулары, иммундық жүйенің және асқазан-ішек
жолдар ауруларының қаупін арттырады. Қазіргі уақытта өсімдік майын өнеркәсіптік гидрлеу
150–190 °C температурада никель катализаторында жүзеге асырылады. Бұндай жоғары
процесс температура да гидрлеу транс май қышқылдарының көп мөлшерін (30-40%) түзуге
ықпал етеді. Осыған байланысты қатты май өнімдерінде транс-изомерлердің төмен болуын
қамтамасыз ететін өсімдік майларын гидрлеу үшін тиімді және селективті катализаторларды
жасау өте маңызды.
Бұл жұмыста күнбағыс майын өнеркәсіптік никель катализаторында және
активтендірілген диатомитке отырғызылған төмен пайызды платина катализаторында
салыстыра жартылай гидрлеу кезінде, платина катализаторының көмегімен транс-изомерлері
өте аз мөлшерде болатын қатты май алудың нақты мүмкіндіктері көрсетілген. Никель
катализаторын қолданғанда көп мөлшерде трансизомерлердің түзілу себептері ашылды.
Сонымен қатар жасалынған катализаторлар ТПД-Н
2
, БЭТ, СЭМ, ТЭМ және т.б. физикалық
әдістермен сипатталды, бұл катализатор бөлшектерінің өлшемдерін, адсорбцияланған
сутектің формасын, меншікті және металл беттерін бағалауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: