Байланысты: Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать
СУДЫ ТАЗАРТУ ҮШІН ЭЛЕКТРОСПИННИНГ ӘДІСІМЕН КЕУЕКТІ КӨМІРТЕКТІ ТАЛШЫҚТАРДЫ АЛУ Енсеп Э.Т., Имаш Ә.А., Қайдар Б.Б. Ғылыми жетекші: PhD, аға оқытушы Смагулова Г.Т. Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті yensepovaa@mail.ru Бұл жұмыста электроспиннинг әдісін қолдана отырып кеуекті көміртекті
талшықтарды ластанған суды тазарту технологиясына (desalination) қолдану.
Қазіргі уақытта басты мәселелердің бірі – таза ауыз судың тапшылығы. Бұл мәселе
адам санының көбеюімен және бүкіл әлемде тұщы су қорының азаюымен жиі кездеседі.
Судың ластануының негізгі көздері зауыттар, электр станциялары және қайта өңдеу
зауыттары болып табылады, өйткені қалдықтар әдетте құбырлар арқылы өзендерге, су
қоймаларына төгіледі. Зиянды бөлшектермен ластануын бақылау мақсатында талшықты
сүзгілер кеңінен қолданылады [1]. Талшықты сүзгілер электроспинниг әдісі арқылы
дайындалады. Электроспиннинг – ультра жұқа талшықтарды алудың әмбебап және
қолжетімді әдісі [2]. Дайындалған талшықтардың бетінің меншікті ауданы, кеуектілігі,
жақсы
механикалық
өнімділігі,
морфологиясының
біркелкілігі
және
жақсы
функционалдығының арқасында суды тазартуда маңызды рөл атқарады. Кеуектілігі, бетінің
меншікті ауданы жоғары талшықтарды алуда полиметилметакрилат (ПММА) кеңінен
қолданылады.
Тәжірибе барысында 9%-дық полиакрилнитрил (ПАН) және 9%-дық ПАН/ПММА 9:1
қатынасында электроспиннинг әдісі арқылы наноталшық алынды. Еріткіш ретінде
диметилформамид (ДМФ) қолданылды. Электроспиининг процессі 13-15кВ кернеу көзі,
ерітіндінің ағу жылдамдығы 0.3мл/сағ, 20-30%-дық қалыпты ылғалдылықта, бөлме
температурасында орындалды.
Нәтижесінде алынған талшықтар сканерлеуші электронды микроскоп арқылы
зерттелді, олардың диаметрі 100-700нм құрады. Алынған талшықтарды әрі қарай
модификациялап оларды суды тұщыландыру технологиясына қолдану мүмкіндігі іске
асырылуда.
Әдебиет 1. Bian Y. et al. Using activated carbon fiber separators to enhance the desalination rate of membrane
capacitive deionization //Desalination. – 2016. – Т. 381. – P.95-99.
2. Xue J. et al. States, U.. Electrospinning and electrospun nanofibers: Methods, materials, and
applications //Chemical Reviews. – 2019. – Т. 119. – №. 8. – P. 5298-5415.
Бұл зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми комитеті қаржыландырумен іске асырылуда ( грант № АР 09259842).
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
234