Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ЖАСАНДЫ НЫСАНДАРДЫ ТАЛҚАНДАУҒА АРНАЛҒАН



Pdf көрінісі
бет223/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ЖАСАНДЫ НЫСАНДАРДЫ ТАЛҚАНДАУҒА АРНАЛҒАН 
ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАМНЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН 
ЗЕРТТЕУ 
 
Амангелдиева А.Қ. 
Ғылыми жетекші: х.ғ.к., аға оқытушы Кудьярова Ж.Б. 

Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
tooooha@mail.ru

 
Ғылым мен техниканың заманауи дамуының кезеңінде өнеркәсіптік және азаматтық 
құрылыс саласы жаңа құрылыс көлемінің айтарлықтай өсуімен сипатталады. Ғимараттар мен 
инженерлік құрылыстарды салу мен реконструкциялаудың айтарлықтай өсуімен қатар 
пайдалануға жарамсыз және қайта құруға жатпайтын ескі ғимараттар мен құрылыстарды 
бұзу қажеттілігі туындады. Осыған байланысты ескі бетон конструкцияларын бұзу үшін 
пиротехникалық композицияларды қолдану өзекті болып табылады. 
Бұл жұмыста жасанды нысандарды бұзуға арналған қолжетімді компоненттер негізінде 
газ генерациялайтын пиротехникалық құрамдар жасалды. Тотықтырғыш ретінде KClO
4, 
жанғыш ретінде Al, газ түзетін компонент ретінде утилизацияға кеткен, яғни жарамсыз боп 
қалған газқағар құрылғысындағы активтелген көмір қолданылды. Осы компоненттердің 
пайыздық қатынастарын өзгерте отырып, 5 түрлі пиротехникалық құрамдар дайындалды 
және олардың жану үдерістері зерттелді. Пироқұрамдардың жану температурасы PCE-892 
маркалы пирометрін қолдану арқылы өлшенді. Хронометрлік әдіспен алынған 
пироқұрамдардың сызықтық жылдамдықтары анықталды.
Нәтижесінде оңтайлы құрам ретінде KClO

- 60%, Al - 20%, С - 20% болатын үлгі 
таңдалды. Үлгінің жану температурасы 840 
о
С-ді құрады, жану жылдамдығы - 3 мм/сек.
Үлгілердің механикалық әсерлерге сезімталдығы зерттелді. Нәтижесінде алынған 
пиротехникалық құрамдардың соққыға сезімтал еместігі анықталды. Бұл пироқұрамдарды 
дайындау, сақтау және тасымалдаудың қауіпсіздігін көрсетеді.
Алынған мәліметтерді қорытындылай келе, жарамсыз газқағардан алынған активтелген 
көмірді қолдану арқылы қауіпсіз газ генерациялайтын пиротехникалық құрам алу мүмкін 
болды. Үлгілердің тұрақты жануы және жеткілікті мөлшерде газ бөлуі оларды бетонды 
блоктарды талқандау үшін қолдануға мүмкіндік береді. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
231 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет