Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


МИБ АНОДТЫ МАТЕРИАЛЫНА ГАЛЬВАНОСТАТИКАЛЫҚ СЫНАҚТАР



Pdf көрінісі
бет220/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

МИБ АНОДТЫ МАТЕРИАЛЫНА ГАЛЬВАНОСТАТИКАЛЫҚ СЫНАҚТАР 
ЖҮРГІЗУ 
 
Хапар Ш.Ә., Джуманова Р.Ж. 
Ғылыми жетекші: Бахытжан Е.Ғ. 
Әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
 
sugylakhapar@gmail.com 
Қазіргі таңда литий иондық батареяларға балама ретінде магниий иондық батареяларға 
(МИБ) сұраныс артуда. Оның басты себебі жер шарындағы литий ресурстарының 
шектелуімен тікелей байланысты (0,002%). Сыйымдылығы жоғары энергия құрылғыларын 
зерттеу барысында литийдің орнына магнийді қолданудың бірнеше артықшылықтары бар: 
жер қыртысында магнийдің кең таралуы (2,35%), уыттылығы жоқ, электродты потенциалы 
төмен (-2,37 В, литиймен салыстырғанда), сонымен қатар магний негізінде алынған энергия 
құралдарының сыйымдылығы жоғары (3833 мАсағ*cм
3
) болып табылады [1]. Алайда 
бірнеше артықшылықтарына қарамастан, магний анодтарының кемшіліктері де бар. Атап 
айтқанда магний иондарын анодты материалға интеркаляциялау және деинтеркаляциялау 
процесі электрод табиғатына тәуелді болып келеді. Сондықтан әдебиеттер негізінде титан 
оксиді (TiO
2
), Mg
2+
иондарын қайтымды интеркаляциялай алатын ең тиімді матрица болып 
таңдалды. Алайда бұл материалдың электрондық және иондық өткізгіштігі төмен. Осы 
мәселені шешу жолдарының ең тиімдісі наноқұрылымды морфология алу болып табылады. 
Зерттеу жұмысы барысында наноқұрылымды TiO
2
анодты материалы қарапайым, арзан 
гидтротермиялық әдіс көмегімен синтезделді. Алынған үлгілердің морфологиялық 
сипаттамалары сканерлеуші электронды микроскопия (СЭМ) және рентгенді-спектральды 
талдау әдісімен, фазалық құрамы рентгенді-фазалық талдау әдісімен (РФТ) анықталды.
Электрхимиялық өлшеулер потенциостат-гальвоностат Biologicsp-300 жүргізілді. 
Электрхимиялық ұяшық ретінде Swagelok Cell қолданылды. Гальванастикалық өлшеу әдісі 
электродық процестерді және заряд-разряд кезінде батареяның сыйымдылығын анықтау 
үшін пайдаланылды. Зерттеу екі жылдамдықта жүргізілді (0,1С және 0,2С). Жылдамдық 
төмен болған сайын сыйымдылық көбейді, алайда, сыйымдылық жеткілікті деңгейде 
болмады. Синтезделген анодты материалдың сыйымдылығын арттыру үшін зерттерулер 
жалғасуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет