Әдебиеттер:
1
. Ngai T., Bon S. Particle-Stabilized Emulsions and Colloids Formation and Applications.
Cambridge: The Royal Society of Chemistry.
2015. –337 p.
2
. Wu F. et al. Investigation of the stability in Pickering emulsions preparation with
commercial cosmetic ingredients // Colloids and Surfaces A: Physicochemical and Engineering
Aspects. – 2020. – Т. 602. – С. 125082.
3
. Berton-Carabin C. C., Schroën K. Pickering emulsions for food applications: background,
trends, and challenges //Annual review of food science and technology. – 2015. – Т. 6. – С. 263-
297.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
223
ГУМИНДІ ЗАТТАРДЫҢ АУЫР МЕТАЛДАРМЕН КОМПЛЕКС ТҮЗУІН
ПОТЕНЦИОМЕТРИЯЛЫҚ ТИТРЛЕУ ӘДІСІМЕН ЗЕРТТЕУ
Төлеуішова С.Н., Қазанқапова М.Қ., Ермағамбет Б.Т.
«
Көмір
химия
және
технология
институты
»
ЖШС
toleushova_saltanat@mail.ru, maira_1986@mail.ru, bake.yer@mail.ru
Қазіргі таңда комплексті қосылыстардың өзіндік ерекше қасиеттеріне қарай, барлық
салаларда қолдану шеңбері өте кең әрі маңызды болып саналады. Таралуы бойынша
алдыңғы қатардағы, органикалық қосылыстардың негізгі өкілі болып табылатын гуминді
қосылыстардың ауыр металдармен комплекс түзуі маңызды рөл атқарады.
Көмірден бөлінетін қышқылдардың қатарындағы ең маңыздысы гумин қышқылы
болып табылады.Гуминді қосылыстар комплекс түзуде маңызды лиганд рөлін атқарады.
Оның комплекс түзу қабілетін ауыр металдардың атомдарымен байланысып,
координациялық байланыс түзуімен түсіндіріледі. Карбоксил, карбонил және ароматты
топтардың есебінен гуминді қосылыстар жан-жақты байланысу потенциалына ие болып,
иондық, донорлық-акцепторлық және гидрофобты әрекеттесуге түсетіні белгілі.
Гуминді заттар (ГЗ) ауыр, ауыспалы металдардың, радионуклидтердің және әртүрлі
органикалық экотоксиканттардың тұздарына қатысты тиімді комплекс түзуші болып
табылады. Металдармен ГҚ комплекстерінің түзілу реакциясын жалпы түрде былай жазуға
болады: mГҚ+nM↔ Mn(ГҚ)m.
Зерттеу мақсаты: гумин қышқылының комплекс түзуін әртүрлі химиялық
әдістер,соның ішінде потенциометриялық титрлеу әдісімен зерттеу.
Гумин ққосылыстарымен ауыр металдардың комплекс түзілуі потенциометрлік
титрлеу әдісі арқылы 25
о
С температурада, тұрақты иондық күште (0,1 М KNO
3
) жүргізілді.
NaОН және НСІ ерітінділері фиксаналдан дайындалды. Cd, Pb, Cu, Zn ауыр металдарының
ерітінділері (0,5 М) МСЕ дайындалып, гумин қышқылымен 1:1 қатынаста әрекеттестірілді.
Қышқыл топтарының иондану константаларын анықтауды Гендерсон-Хассельбах теңдеуі
бойынша жүргізілсе, комплекс түзудің тұрақтылық константасы Бьеррум әдісі бойынша
есептелінді. Келесі нәтижелер алынды,ГҚ:Cu (1:1) жүйесі үшін тұрақтылық константа
мәндері:lg
=10.52(рН=1,48),11.73 (рН=2,26), 3.32(рН=9,38); ГҚ:Zn (1:1) жүйесі үшін:
lg
=12.4 (рН=3,45), 11.65 (рН=7,5), 2.74(рН=4,4); ГҚ:Сd (1:1) жүйесі үшін: lg
=11.66
(рН=2,2), 12.42 (рН=1,45), 2.33 (рН=4,7); ГҚ:Pb (1:1) жүйесі үшін: lg
=10.54 (рН=4,8), 11.47
(рН=6,6), 2.91 (рН=7,7). Алынған нәтижелерге сүйенсек, гумин қышқылы ауыр металдармен
қышқыл ортада тұрақты комплекс түзілетін анықталды.
«Зерттеу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым
комитеті қаржылай қолдауымен жүргізілді (грант NАР09260096. Қазақстан көмірінен
алынған гуминді полиэлектролитті қышқылдар негізіндегі модифицирленген органикалық
биопрепараттардың технологиясын әзірлеу және тәжірибелік өндірісін ұйымдастыру)».
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
224
Достарыңызбен бөлісу: |