КӨРІНЕТІН ЖАРЫҚТА GdFe 0.6 Cr 0.4 O 3 ФОТОКАТАЛИТИКАЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУҒА СУТЕГІ АСҚЫН ТОТЫҒЫНЫҢ ӘСЕРІ Торғаева А.Н. a , Оразов Ж.Қ. a , Кеңес Қ.М. аb Ғылыми жетекшісі: PhD Кеңес Қ.М. a Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті b ТОО «EcoRadSM» arajlymtorgaeva9@gmail.com Зиянды шығарындылармен табиғи ресурстардың ластануы экологиялық мәселелердің
шиеленісуіне алып келді. Әртүрлі препараттар, бояғыш заттар, антипирендер, пестицидтер,
олардың метаболиттері және тағы да басқа органикалық қосылыстардың әсерінен табиғи су
көздерінің ластануы орын алуда.
Қоршаған ортаны қайта қалпына келтіруде, оның ішінде су көздерін ластағыштардан
тазарту үшін көптеген әдістер қолданылуда. Фотокатализ және Фентон реакциялары суды
органикалық ластаушы заттардан тазарту саласындағы басым бағыттар болып табылады.
Ластаушы заттардың әртүрлілігіне байланысты фотокаталитикалық қасиетке ие
қосылыстардың эффективтілігін, фотокаталитикалық процестің механизмін қарастыру,
қолданылу аясын зерттеу өзекті мәселелердің бірі.
Сирекжер элементтерінің перовскит құрылымды LnA
1-x
B
x
O
3
қосылыстары көрінетін
жарықта фотокаталитикалық материал ретінде үлкен қызығушылық тудыруда. Бұндай
қасиетке ие болуы олардың кристалдық құрылымының ерекшелігімен түсіндіріледі.
Жұмыстың мақсаты – жоғары температуралы қатты фазалы синтез әдісімен алынған
перовскит құрылымды GdFe
0.6
Cr
0.4
O
3
қосылысының фотокаталитикалық белсенділігін
арттырудағы сутегі пероксидінің әсерін анықтау, фотокатализ және Фентон реакцияларының
негізгі айырмашылықтары ажырату.
Жоғары температуралы қатты фазалы синтез арқылы GdFeO
3
перовскит құрылымына
Cr легирлеу арқылы GdFe
0.6
Cr
0.4
O
3
алынды. Синтезделген қосылыстың фазалық құрамы мен
кристалдық құрылымы рентгенді фазалық әдіс арқылы, морфологиясы мен құрылымдық
ерекшелігі сканирлеуші микроскопиялық әдісі арқылы зерттелді. GdFe
0.6
Cr
0.4
O
3
жартылай
өткізгішінің фотокаталитикалық белсенділігін анықтау бағытындағы тәжірибелер сериясы
15мВт/см
2
қарқындылықты көрінетін жарық аймағында «OSRAM ULTRA-VITALUX UV-A
300W» модельді лампа көмегімен жүргізілді.
Нәтижесінде, перовскит құрылымды GdFe
0.6
Cr
0.4
O
3
қосылысының көрінетін жарықта
фотокаталитикалық қасиет көрсететіндігі және сутегі пероксидінің қатысында органикалық
ластағыштың фотодеградациялық әсерін күшейтетіндігі анықталды.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
221