Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы



Pdf көрінісі
бет236/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
243 
КӨМІР ҰШПА КҮЛІНЕН СИНТЕТИКАЛЫҚ ЦЕОЛИТТЕР МЕН 
НАНОКОМПОЗИТТЕРДІ АЛУ ЖӘНЕ СЫНАП (II) ИОНДАРЫНАН СУДЫ 
ТАЗАЛАУҒА ҚОЛДАНУ 
 
Мекенова М.Е. 
Ғылыми жетекші: Тауанов Ж. 
әл
-
Фараби
 
ат

Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
mmekenova@list.ru
 
Су – күнделікті тіршілік ету көзі. Судың ластануы адамзаттың ең өзекті, жаһандық 
проблемаларының бірі болып табылады. Ағынды, жер асты, жер үсті сулары мұнаймен, ауыр 
металдармен және басқа да химиялық қалдықтармен ластануда. Үнемі өсіп келе жатқан 
индустрияландыру жағдайында ағынды суларды тазартудың тиімді әдістерін іздеп оны 
дамыту арқылы қоршаған ортаны қорғау және су ресурстарын сақтау маңызды. 
Күл – органикалық заттардың жануынан кейін түзілетін жеңіл зат. Органикалық зат – 
көмір. Қазақстанның көмір өнеркәсібі ел экономикасының ірі салаларының бірі болып 
табылады. Көмір қоры бойынша Қазақстан алдыңғы қатарлы елдер ондығына кіреді, 
Қытайдан, АҚШ-тан, Ресейден, Австралиядан, Үндістаннан, Оңтүстік Африкадан, 
Украинадан кейінгі орында. Көмір кен орындарының көпшілігі Орталық (Қарағанды және 
Екібастұз көмір бассейндері шоғырланған, сондай-ақ Шұбаркөл кен орны) және Солтүстік 
Қазақстан (Торғай көмір бассейні). Осы саланың кесірінен Қазақстан қалаларында екпелер 
мен күл үйінділері жиі ауыр металдар мен токсиндерге қаныққан күйінде шығады және 
мөлшері күн сайын өсіп келеді.
Жұмыстың мақсаты:
 
Қазіргі уақытта цеолиттердің әртүрлі материалдардан 
экологиялық таза және үнемді жолмен оңай синтездеуге болатын тиімді адсорбенттер 
екендігі анықталды. Атап айтқанда, наноөлшемді цеолиттер сорбенттер ретінде тиімдірек, 
себебі олардың бетінің ауданы үлкен, термиялық, химиялық, механикалық тұрақтылығы 
және адсорбциялық қабілеті жақсы. Нәтижесінде, цеолит сияқты наноадсорбенттер әртүрлі 
қолданбалар үшін суперабсорбенттер ретінде көбірек қолданылады. Қолда бар және арзан 
ресурс пен күлді синтездеудің ең тиімді жолы цеолит алу болып табылады.
Күлді цеолитке айналдыру арқылы біз бірден екі мәселені шеше аламыз. Ағынды 
суларды ауыр металдардан тазарту және күлді кәдеге жарату. 


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
244 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет