Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ӨРТ ОШАҚТАРЫН БАСУҒА АРНАЛҒАН ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет238/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ӨРТ ОШАҚТАРЫН БАСУҒА АРНАЛҒАН ПИРОТЕХНИКАЛЫҚ 
ҚҰРАМДАРДЫҢ КОМПОНЕТТЕРІН ӘЗІРЛЕУ
ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ 
 
Мұхамедали А. 
Ғылыми жетекшісі: Кудьярова Ж.Б. 
әл
-
Фараби
 
ат

Қазақ
 
ұлттық
 
университеті
 
Muhamedaliakbota21@gmail.com
 
Жану және жарылыс – бұл ғылыми-техникалық прогрестің маңызды және тиімді дамып 
келе жатқан саласы болып табылады, ал жану процестерінің өзі үлкен практикалық маңызға 
ие. Жану саласындағы ғылыми нәтижелерді практикалық қолданудың өзекті бағыттарының 
бірі – заманауи өрт сөндіру болып табылады. 
Пиротехникалық газ көздері қазіргі уақытта тудырылған газды жұмыс денесі ретінде 
пайдаланатын өрт ошағын жоюға немесе оқшаулауға арналған өрт сөндіру құрылғыларында 
кеңінен қолданылуда. Мұндай құрылғыларға, атап айтқанда, ұнтақты өрт сөндіргіштер мен 
ұнтақты өрт сөндіру модульдері жатады. 
Адамзат үшін барлық кезеңде өртпен күресу қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет 
болып табылады. Алайда, қазіргі уақытта әртүрлі объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз 
ету бойынша барлық әрекеттер мен шараларға қарамастан, өрт санының өсу үрдісі 
байқалады.
Пироксилинді артиллериялық оқ-дәрі және баллиститті қатты зымыран отыны танымал 
және тиімді газ түзуші материалдар болып табылады. Оқ–дәрі негізіндегі газ шығаратын 
құрылғылардың негізгі кемшілігі - өндірілетін газ температурасының жоғары болуы (1300 
°C-тан астам). Осыған байланысты төмен температуралы, тиімді газ генерациялайтын 
пиротехникалық құрамдар жасау маңызды міндеттердің бірі болып табылады.
Бұл жұмыста өрт ошақтарын басуға арналған қолжетімді компоненттер негізінде газ 
генерациялайтын пиротехникалық құрамдар жасалды. Тотықтырғыш ретінде натрий нитраты 
(NaNO
3
)

жанғыш ретінде эпоксидті шайыр (ЭШ), газ түзетін компонент ретінде активтелген 
көмір (С) қолданылды. Осы компоненттердің пайыздық қатынастарын өзгерте отырып, 5 
түрлі пиротехникалық құрамдар дайындалды және олардың жану үдерістері зерттелді. 
Пироқұрамдардың жану температурасы PCE-892 маркалы пирометрін қолдану арқылы 
өлшенді. Хронометрлік әдіспен алынған пироқұрамдардың сызықтық жылдамдықтары 
анықталды. Жану үдерісі бірқалыпты және тұрақты сипатта өтетіндігі анықталды. 
Нәтижесінде оңтайлы құрам ретінде NaNO

- 50%, ЭШ - 30%, С - 20% болатын үлгі 
таңдалды. Үлгінің жану температурасы 700 
о
С-ді құрады, жану жылдамдығы – 2,8 мм/сек. 
Үлгілердің механикалық әсерлерге сезімталдығын зерттеу олардың соққыға сезімтал 
еместігін, яғни дайындау, сақтау және тасымалдау кезінде қауіпсіз болатындығын көрсетті.


«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
246 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет