«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
90
HALIMODENDRON HALODENDRON
(АҚ ШЕҢГЕЛ) ӨСІМДІГІ ТҮРІНЕН
СУБСТАНЦИЯ АЛУ ЖОЛЫН ЖАСАУ
Сартбай А.Н.
Ғылыми жетекші: PhD, доцент Сейтимова Г.А.
әл
-
Фараби
атындағы
Қазақ
ұлттық
университеті
aruzhansartbay@gmail.com
Ақ шеңгел өсімдігі бұршақ (Fabaceae) тұқымдасының монотипті өсімдіктер түрі және
жалғыз өкілі болып табылады. Бұл өсімдіктер бал шырынды өсімдіктер және олар жемшөп
ретінде кеңінен қолданылады, яғни күзде және қыста олардың жапырақтары мен жемістерін
түйелер, ешкілер мен қойлар жейді. Орталық Азия елдерінде, Қазақстанда, Моңғолияда,
Пәкістанда, Ауғанстанда, Иранда, Түркияда, Закавказье елдерінде, Ресейдің еуропалық
бөлігінің оңтүстігінде (әдетте Донның төменгі ағысында) және Украинаның оңтүстігінде
таралады. Басқа континенттерге енгізілген. Калифорнияда ол Russian salttree ретінде белгілі.
Зерттеу нысаны –
Halimodendron halodendron
(ақ шеңгел) өсімдігінің жер үсті бөлігі.
Halimodendron halodendron
(ақ шеңгел) өсімдік шикізатының сапалылығы және негізгі
биологиялық белсенді заттардың сандық және сапалық құрамдарының зерттеулері ҚР
Мемлекеттік Фармакопеядағы І әдістемелік нұсқаулар бойынша жүргізілді. Зерттеу
нәтижесінде ылғалдылық – 5,26 %, жалпы күлділік – 2,67 %, 10% HCl құрамында ерімейтін
күл – 0,39 %, экстрактивті заттар мөлшері – 27,54 % сияқты сапалық көрсеткіштері
анықталды. Титриметриялық және спектрометриялық әдістер арқылы өсімдік шикізатының
құрамындағы ББЗ кешенінің сандық құрамы зерттелді, кумариндер (4,14 %), алкалоидтар
(1,67 %) мөлшері белгілі болды. Май қышқылдары құрамын зерттеу барысында
Halimodendron halodendron
(ақ шеңгел) өсімдігінен 20-ға жуық май қышқылы сарапталды,
оның ішінде пальмитин қышқылы (8,81 %), линолен қышқылы (8,48 %) және эйкозапентаен
қышқылы (55,85 %) ең көп мөлшерде кезедеседі.
Halimodendron halodendron
(ақ шеңгел) өсімдігіне ең тиімді әдіспен субстанция алу,
алынған субстанцияның сапалық, сандық және химиялық құрамын анықтау зерттеулер
жұмыстары жалғасуда. Оған қоса
Halimodendron halodendron
(ақ шеңгел) өсімдігенен ББЗ
алу технологиясын оңтайландыру және валидация әдістерін қолдана отырып, жүргізілген
тәжірибе сапасын анықтау жоспарлануда.
«Фараби Әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық конференциясы
91
Достарыңызбен бөлісу: |