1.Пән туралы ақпарат Пәннің атауы: «Жалпы тіл білімі»
Кредит саны: 7
Курс, семестр: 4 курс, 5 семестр
Мамандықтың шифры және атауы: «6В02301 - Филология» Институт: Филология институты
Кафедра: С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі: филология ғылымдарының докторы, профессор Есенова Қ.Ө.
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai):
(870723489159, e-mail: kalbike_65@mail.ru)
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)* Жиынтық бағалау: Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2) 0,6 + емт 0,4
3.Пәннің қысқаша мазмұны «Жалпы тіл білімі» пәнін оқытудың мақсаты болашақ филолог мамандарға тіл ғылымы дамуының әр кезеңіндегі теориялар мен зерттеу әдістерінің даму логикасын меңгерту, зерттеу бағыттары мен олардың теориялық ілімдерін, ғылым әлеміне еніп жатқан жаңа бағыт жетістіктерін үйренуге бағыттау болып табылады.
Мазмұны: Тіл – лингвистиканың нысаны.Тілдің қызметтері. Семиотика негіздері. Тіл білімінің салалары. Жалпы фонетика. Жалпы лексика. Тіл білімінің жаңа бағыттары. Жалпы морфология. Жалпы синтаксис. Жалпы ономастика. Ғылыми грамматикадағы зерттеулерге талдау жасау.
«Жалпы тіл білімі» пәнінің міндеттері: - Тілдің өзіндік табиғаты мен мәні, сөйлеумен, ойлаумен, қоғаммен байланысы, атқаратын қызметін меңгерту.
- Тілдің құрылымы, құрылымдық элементтерінің бір-бірімен байланысы, арақатынасын анықтау
- Тілдің таңбалық, жүйелік сипаттарымен таныстыру
- Тілдің деңгейлері мен грамматикалық категорияларын игерту
- Тілдер дамуындағы ортақ заңдылықтар, тілдік құбылыстарға түрткі болатын ішкі, сыртқы жағдайлар, тілдер дамуында болатын дифференциялық (даралану), интеграциялық (жақындасу) процестер, жалпыхалықтық тіл, диалект, сөйлеу тілі мен әдеби тіл, тілдік одақ тақырыптарын түсіндіру
- Тілдердің типологиялық, генеалогиялық топтары, жіктелісін меңгерту
- Тіл білімінің зерттеу әдістері мен тіл білімінің негізгі салалары, басқа ғылымдармен қатынасы, өзіндік орнын игерту;
- Тіл білімінің тарихы, ондағы басты кезеңдер, тіл білімі тарихындағы негізгі бағыттар мен мектептерді меңгерту