«Болмыс» философиялық категория ретінде: оның мәні мен ерекшелегі. «Болмыс» ұғымының және болмыс жайындағы ілімнің (онтологияның) төңірегінде философияда ежелден бері және қазірде де қызу пікірталас болып келеді, өйткені дүниеге көзқарастық және методологиялық басты проблемалардың бірі болып табылады.
Философия бөлімі, әлемді танудың іргелі принциптері мен мәннің жалпы категорияларын зерттейді, оны онтология деп атайды (гр. ontos –болмыс және logos – ілім). Онтологиялық ілімдер өмір сүру, шынайылық, болмыс, субстанция, ойлау (сана), сонымен қатар, объективті және субъективті категориялардың өзара байланысын ашады. Солардың ішінде болмыс категориясы ерекше орынға ие. (сондықтан онтология болмыс туралы ілім ретінде анықталады).
Болмыс бүкіл шындық дүниені қамтитын шегіне жеткен жалпы ұғым - философиялық категория болып табылады. Болмыс - дегеніміз дүниеде өмір сүретіннің бәрі: материалдық заттар да, құбылыстар мен процестер де, қатығыстар мен байланыстар да, яғни бәрі - бәрі. Тіпті адамның қиялы, ертек, аңыздар, ауру адамның сандырағы сияқты рухани өмір көріністері де болмысқа жатады. Болмыс сияқты философиялық категориялардың барлығы: материя, сана, сапа, сан, құбылыс, кеңістік, уақыт, себеп, салдар т.б. бәрі тілде сөздер арқылы тұжырымдалады.
Ғасырлар бойғы дүниетану процесінде адамдар болмыстың мынадай негізгі формаларын танып білді:
Заттар (денелер) болмысы, ал бұлардың өзі біртұтас табиғат болмысы және адамның қолымен жасалған заттар мен процестер болмысы болып екіге бөлінеді;
Адам болмысы, бұл да заттар дүниесіндегі адам болмысы және таза адамдық болмыс болып бөлінеді;
Рухани (идеялық) болмыс, бұл жеке адамның рухани болмысы (идеясы) және объективтендірілген (жалпы адамдық) рухани болмыс болып жіктеледі; 4.Әлеуметтік болмыс, бұл жеке адам болмысы мен қоғамдық болмыстан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |