ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ МАҚСАТ - әлеуметтік-детерминдендірілген әлеуметтік субьектінің бейімделуі алдын ала обьектіге, заттарға, адамға, құбылысқа, оқиғаға айқындалған қатынасы.
ҚАБЫЛДАУ– бұл жеке жақтың, процестің, обьективті дүние құбылысының сезімдік бейнесі.
ҚОРҚЫНЫШ – барлық тіршіліктің негізінде жатқан, бастапқы уайым.
ЛОГОС – ақыл.
ЛОГИКАЛЫҚ ПОЗИТИВИЗМ - философияның және таным теориясының пәні болып табылмайды, оның шешімі дүниеге көзқарастық мәселеге енуге мәжбүр, ал бұл метафизикалық мәселелер аумағындағы философиялық ойлауды қозғамаудан құтыла алмайды.
МӘҢГІЛІК АҚИҚАТ- танымның даму барысында ақиқатты жоққа шығаруға болмайтындығын білдіретін термин. Осы мазмұнда мәңгілік ақиқат абсолютті ақиқатпен бара бар.
МӘҢГІЛІК-дүниенің, болмыстың, материяның шексіз өмір сүруін білдіретін философиялық категория. Материя уақыт жағынан да, кеңістікте өмір сүруімен де мәңгі болып есептеледі. Мәңгілік дүниенің материалды екендігін дәлелдеп, оның өзара бірлікте екенін көрсетеді.Мәңгілік өзі адамдардың рухани, материалдық байлығының өміршеңдігімен, олардың үнемі дамып, жетіліп, өркендеуімен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |