Студенттің Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау туралы жалпы мәлімет


Білім алушының оқудағы жетістіктері



бет11/14
Дата14.09.2024
өлшемі10,5 Mb.
#204336
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
СӨЖ МЖДБДТ

Білім алушының оқудағы жетістіктері – оқу үдерісінде қол жеткізген және тұлғалық дамуының деңгейін көрсететін білім алушының білімі, шеберлігі, дағдысы және құзіреттілігі;
Білім алушының оқудағы жетістіктерін бақылау – жоғары оқу орны тарапынан анықталатын бақылаудың түрлі формаларымен (ағымдық, аралық және қорытынды) және аттестаттау арқылы білім алушының білім деңгейін тексеру;
Білім алушының оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өзіндік жұмысы (ары қарай – СОӨЖ) – білім алушының бекітілген кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен өткізілетін аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына байланысты ол мынадай түрлерге бөлінеді: студенттің оқытушының жетекшілігімен өткізетін өздік жұмысы (ары қарай – СОӨЖ), магистранттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – МОӨЖ) және докторанттың оқытушының жетекшілігімен өткізілетін өздік жұмысы (ары қарай – ДОӨЖ);
Білім алушының өзіндік жұмысы (ары қарай – СӨЖ) – өздігінен оқуға белгіленген тақырыптар тізімі бойынша жұмыс, ол тақырыптар оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулармен қамтамасыз етіліп, тест, бақылау жұмысы, коллоквиум, реферат, шығарма және есеп түрінде бақылау жүргізіледі; білім алушының санатына байланысты студенттің өздік жұмысы (ары қарай – СӨЖ), магистранттың өздік жұмысы (ары қарай – МӨЖ) және докторанттың өздік жұмысы (ары қарай – ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушының күнделікті өздік жұмысын талап ететін тапсырмалармен анықталады;
Білім алушының үлгерімін ағымдық бақылау – академиялық кезең үрдісінде оқу бағдарламасына сәйкес оқытушының өткізген аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда білім алушының білімін жүйелі тексеру;
Демонстрация (лат. Demonstpatio – көрсету) – барлық топқа әр түрлі көрнекі құралдарды көрсетуде қолданылатын әдістемелік тәсіл.
Диалог – екі адам арасындағы сұрақ-жауап үлгісінде өткізілетін сұхбаттасу.
Дискуссия (лат. Discussion – қарастыру, зерттеу) – мәселені талқылау үрдісі, оны шешу жолдарында берілетін ұжымдық зерттеу тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет